Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады



бет38/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары

Жаныңыз жараланғыш па?

Біз бүкіл өмір бойы өз сезімімізді бақылауға үйренеміз, сөйте тұра кейде оның жетегіне еріп кетіп, жанымызды жаралап алғанымызды білмей де қалатынымыз бар. Мына тестің сұрақтарына дәл жауап берсеңіз, өзіңіздің сезімге қаншалықты берілетіндігіңізді және ренжуге бейім не бейім еместігіңізді дұрыс бағалай аласыз.

Жауаптың түрлері: жоқ – 1 балл, кейде – 2 балл, жиі – 3 балл, иә, үнемі – 4 балл.


  1. Асқа тәбетіңіз шаппаған кезіңіз болды ма?

  2. Бір нәрсені тура келгенде мазасызданып, тыпыршисыз ба?

  3. Ауа-райының өзгерістері көңіл-күйіңізгеәсер ете ме?

  4. Ұйықтай алмай қиналған сәттеріңіз болды ма?

  5. саусақтарыңызбен столды тықылдатып немесе орындықта отырып аяғыңызды шайцқайтын сәттеріңіз жиі ме?

  6. Диета сақтайсыз ба?

  7. Шудан денеңіз түршіге ме?

  8. Жұмысқа не кездесуге кешігіп барасыз ба?

  9. Жүрегіңіз жиі соғатын кез бола ма?

  10. Қорқынышты түстер көресіз бе?

  11. Төңірегіңіздегілердің өздеріңізге назар аударуынан қымсынбайсыз ба?

  12. Жұмыстағы және үйдегі істерден шаршап-шалдықпайсыз ба?

  13. Адамдардың сізге дөрекілік көрсеткен кезі болды ма?

  14. Біреуге қызғаныш білдіресіз бе?

  15. Достарыңызға сенесіз бе?

Нәтижесін талдау

20 баллдан төмен. Сіз өте байсалды адамсыз. Өмірді жайбарақат қабылдайсыз және адамдармен тіл табыса аласыз. Бірақ бұған масаттанбай-ақ қойыңыз; осындай балл жинаған адамдар арасында өмірге түсті көзілдірікпен қарап, қиялға берілушілер де кездеседі, олар өздерін жоғары бағалайды.

20-40 балл. Сабырлы адамсыз. Өте ұнамсыз нәрселердің әсерінен кейде сіз өзіңізді ұстай алмай қаласыз, дегенмен ұсақ-түйек нәрсеге бола күйгелектенбейсіз.



40 баллдан жоғары. Сізде реніш сезімі өте күшті, жаныңыз жараланғыш. Өмірде кездесетін оқиғаларға байсалдылықпен, ал айналаңыздағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тырысыңыз.




Аты

Балаларды зерттеу нәтижесі

Ата-аналарды зерттеу нәтижесі



Асылжан

28

30



Арман

29

27



Әсем

31

34



Әсел

26

29



Бағлан

27

28



Баян

29

18



Бақберген

31

31



Қалығаш

26

26



Құрмет

27

27



Мақсат

29

30



Мөлдір

31

27



Мұқит

26

34



Марина

27

29



Нағима

29

28



Нұрбота

31

18



Оксана

26

31



Перизат

27

26



Полат

29

27



Разия

31

30



Феруза

26

27



Шынар

27

34



Эльмира

29

29

Зерттелінушілердің басым көпшілігі ұнамсыз нәрселердің әсерінен кейде өзін ұстай алмай қалатын, дегенмен ұсақ-түйек нәрсеге бола күйгелектенбейтін көрсеткішке ие болды. Ата-аналарымен салыстырмалы талдау көрсеткіштері бір-біріне өте жақын екенін көрсетті.

6 ҚОСЫМША

Стресспен қалай күресуге болады?

Материалдар: аудиокассетасы бар магнитафон, ватман, сурет құралдары, А4 форматтағы ақ қағаз, тест және әдістеме өткізетін бланкілер. «Бауырсақ» жұмсақ ойыншығы.
1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: коммуникативтік дағдыны топтық өзара әрекетті дамыту, көшбасшылық тенденцияны айқындау, қатаюлан арылу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Бүгінгі күнді 4 кіші топтарға бөлінуден бастайық. Ол қыс, көктем, жаз, күз ұстанымы бойынша жасалынсын. Әрбір топтың міндеті - сәлемдесу ойлап тауып, оны ым-ишара арқылы басқа кіші топтарға көрсету.

Талдау: Жаттығу қаншалықты сізге ұнайды?

Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?

Сәлемдесу тәсілі жылдам ойлап табылды ма?

Топтан қалай сәлемдесу қажеттігі жөніндегі, идеяны кім ұсынды?

Қандай сәлемдесу сізге ерекше ұнады?

Сіздер бірі-біріңізбен ерекше тәсілмен сәлемдескенде не сезіндіңіздер?


«Стресті қалай жеңуге болады?» атты мини-лекция

Мақсаты: теориылық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.

Уақыты: 15 минут.

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл кінәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру және т.б.

Көбісі сртесс фактор болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз немесе ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйеніп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру жүрек дүрсілдеу, арқөаның, азқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стрестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет