Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


тақырып. Стрестің жеке тұлға ерекшеліктерімен байланыстылығы



бет35/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
2 тақырып. Стрестің жеке тұлға ерекшеліктерімен байланыстылығы.

Адамдардың психикалық бейімі әр-түрлі болғандықтан стресті де түрлі қабылдайды. Осы психикалық ерекшеліктер ағзаның түрлі факторларға қалай қарсы тұра білу тәсілдерін анықтайды. Писхлогиялық қорғаныс- адамның өзі толық сезініп, түсіне бермейтін өте нәзік құбылыс. Мысалы: стресстен қорғанудың- «ығыстырып шығару» деп атлатын тәсілі бар. Бұл жағдайда адам керексіз факторды елемей, назар аудармай, байқамауға тырысады. Оны өзі де сезінбеуі мүмкін, ол кейде сана астарында(подсознание) жүзеге асып жатады. Ал стрестік факторды интеллектуалазияциялау, яғни мәселені ойлап барып шешу тәсілі жүзеге басқаша жүзеге асады. Мұнда адам қалыптасқан жайда рационалды деңгейге көтеріп, талдап, одан шығудың жолын қарастырады.

Стрестік жағдайда адамның өзін қалай ұстауы – белсенді немесе енжар болуы да оның психологиялық құрылымына байланысты. Белсенді, жігерлі, пысық адам алдымен өзіне сеніп, өзі жол тауып шығуға тырысады. Ал, инертті, енжар адам тағдыр жесегіне еріп, өзгелердің шешіміне төзуге жәжбүр. Әйелдер стресті жағдайда нервоздарға, вегетативті кемшіндерге бейім келеді. Олардың эмоциялық реакциясы, қатерді сезінуі мөлшерден асып жатады. Ерлер өз эмоциясын тежеуге жәжбүр. Сондықтан да миокард инфарктінен жиі өледі. Демек, ерлер психосоматикалық аурудан аз қорғанған. Оның үстіне қазіргі еркектер дене белсенділігіне салғырт қарайды. Мысалы, қатты күйзеліс кезінде ағзада түрлі химиялық заттар түзіле бастайды. Егер ер адамдар спортпен шұғылданатын болса, ол қосындылар «жанып» кетеді. Ал стресті жағдайдан кейін өз эмоциясын сыртқа шығармай, теледидар алдында отыра беру жүрекке зиян. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Ал бізде негізінен оны біз алкоголь арқылы шешуге тырысады. Әрине, ішімдік қысқа мерзімге көмектесе алады, бірақ оның буы тарағаннан кейін де шешілмеген мәселе сол күйінде қала бермек.

Негізінде, стрессті қабылдауға онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешіліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, мәселеге философиялық тұрғыдан қарайтын адам мен жеңілтек адамның дінге сенетін адам мен ешқандай сенімі жоқ адамның ке- келген құбылысты қабылдауы әр түрлі.

Ал, стрестердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундік жүйесіне тікелей әсер етеді. Мысалы, қателі ісік адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокримдік жүйеде пайда болған рак ауруы стреске тікелей байланысты. Бұл «барлық ауру-жүйкеден» деген сөздің дұрыстығының тағы бір дәлелі. Адамдар бұрын дәрі-дәрмке көмегі арқылы күресіп келген. Негізінен бром, валериан тамшыларын қабылдайды. Қазір неше түрлі транквилизаторлар, уайым сезімін, депресиялар сезімін басатын дәрілер бар. Бұл да стресстен қорғанудың бір түрі. Әйтсе де түрлі препараттар да ішімдік сияқты тек уақытша ған жеңілдіктер береді.

Стресстен қорғанудың ең басты әдісі - қызығушылықты, өзіңіз қалағандай өмір сүруге тырысу. Жақсы дем алу, спортпен айналысу, денсаулықты сақтау. Күнделікті тірлік қана емес, өмірдің барлық жағына қызығушылық білдіру, ақыл-ой көкжиегін кеңейту, көп оқу, көп іздену, күйгелек болмау-өзге жол жоқ. Өйткені ғылым мен техниканың дамуы жалпы өміріміздің ағымдығы жылдамдығының алдағы уақытта стресс генді факторлардың көбейе беретіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан да, көп нәрсе адамның өзінің өзге көңіл-күйін қадағалай, қай деңгейде ұстауына байланысты. Күнде жаман ойлардан арылып барып ұйықтап, ертесіне жақсы үміттермен ояну өмірді ұзартудың бірден бір жолы.

4 ҚОСЫМША



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет