Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет32/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары

Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

университеті

Психология кафедрасы

ФК-03-3к2 тобы студенті

Қуанышбаева Арайлым Нұржанқызының
«Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары»

тақырыбында орындаған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА


ҚОСЫМШАЛАР

ШЫМКЕНТ 2007

1 ҚОСЫМША



«Оқу мотивациясын анықтау» сауалкама нәтижесі






Балалардың аты

Жауаптарының интерпретациясы

1

Асылжан

Жоғары деңгей

2

Арман

Жоғары деңгей

3

Әсем

Төменгі деңгей

4

Әсел

Жоғары деңгей

5

Бағлан

Ортаңғы деңгей

6

Баян

Ортаңғы деңгей

7

Бақберген

Ортаңғы деңгей

8

Қалығаш

Жоғары деңгей

9

Құрмет

Жоғары деңгей

10

Мақсат

Жоғары деңгей

11

Мөлдір

Төменгі деңгей

12

Мұқит

Ортаңғы деңгей

13

Марина

Жоғары деңгей

14

Нағима

Жоғары деңгей

15

Нұрбота

Төменгі деңгей

16

Оксана

Жоғары деңгей

17

Перизат

Ортаңғы деңгей

18

Полат

Ортаңғы деңгей

19

Разия

Жоғары деңгей

20

Феруза

Төменгі деңгей

21

Шынар

Ортаңғы деңгей

22

Эльмира

Жоғары деңгей

1 ҚОСЫМША

Ата-аналарға араналған мини-лекция
Тақырып: Депрессияның дауасы

Мамандардың бақылауы бойынша, депрессияға көбінесе егде және қарт адамдар шалдығады екен. Егде адам тәнінің қартайып бара жатқанын уайымдаумен бірге моральдық –қоғамдық тұрғыдан да жалғыздықтан жабығып, ұнжырғысы түсе бастайды. («Депрессия» да өзі осы ұнжырғасы түсу деген ұғымды білдіреді ). Өзінің ешкімге қажетсіздігі, оның пікірімен ешкімнің санаспайтындығы жанын жегідей жеген қария өзін көпшіліктен оқшау сезінеді. Мұндай жағдай оған өте ауыр соғады. Оған қаржы тапшылығы мен әртүрлі ауру-сырқаулар қосылса, қарияның халі одан да бетер қиындай түседі. Депрессиядан әсіресе орта жастағы әйелдер мен жасөспірімдер жиі зардап шегеді. Жасы ұлғайған сайын әйелдердің ажары солғындап, өңі қаша бастайды. Бұл оларды қатты күйзелтеді. Ал жасөспірімдер жауапсыз махаббатпен құрбы құрдастары, ата-аналары және ұстаздары мен болған түсініспеушіліктерден зардап шегеді.

Депрессияның негізгі белгілері – терең мұңға берілу, бейшара күй кешу, өзін түкке тұрмайтын шарасыз да ешкімге керексіз жан ретінде сезініп, мұның бәрі де адамның өмірге деген қызығушылығын төмендетіп, тіпті өз өмірінен түңілуге дейін алып келеді. Депрессияға ұшыраған адам күні бойы диванда жатып, үйдің төбесіне ойсыз көз тастауды, не болмаса, терезе алдында жатқан ағаштарға қарап тұруды дағдыға айналдырады. Депрессияның адал серіктері – жиі шаршау, тән мен жан қуатының азаюы, жұмыс істеу қабілетінің нашарлауы. Депрессия өте ұзап кеткен жағдайда дам өзін-өзі өлтіруге де бекінуі мүмкін.

Мұндай жағдайға жетпестен бұрын депрессияның алғашқы белгілері байқалудан-ақ оған қарсы шешуші түрде күрес жүргізу керек. Кенеттен сізді себепсіз мазалаған мұңға ешқандай берілуші болмаңыз. Өзіңізді аямаңыз. Жасанды түрде көзіңізге жас алмауға тырысыңыз. Жағдайды талдауыңыз және бәрі бітті деген ойдан аулақ болыңыз.

Депрессиямен жалғыз қалмауыңыз керек. Достарыңызға қоңырау соғып, кездесу туралы уағдаласыңыз. Достармен кездесу депрессияға қарсы тамаша амал. Сондай-ақ киноға, театрға, көрмеге барудың да осы орайда көмегі зор.

Әртүрлі антидепрессанттарға әуестенбеңіз. Олар тек уақытша ғана көмектеседі. Бір жаман жері – денсаулығыңызға зияны тиіп кетуі мүмкін. Өйткені бүкіл дәрігер, соның ішінде әсіресе күшті әсер етуші тыныштандыратын химиялық препараттар тіндерге жиналып, бірте-бірте қанға сіңеді де организмді улай бастайды. Егер депрессиямен түймедақ арқылы күресуге бел байласаңыз, онда өсімдіктен жасалған тыныштандырғыштарды таңдаңыз. Халық емшілігінде қолданылатын мұндай дәрілік тыныштандырғыштар өте көп. Оларға бір парасы мыналыр:



  • 1 стакан құрғақ немесе 2 стакан жаңа астра гүлдерін 200 мл. қайнаған суға 1 сағат тұндырып, кейін сүзгіден өткізіп, күніне 1-2 ас қасықтан 3-4 рет қабылдаңыз.

  • Дәріханадан женьшень тұнбасын алып ішсеңіз де болады. Күніне 3 рет 25 тамшыдан.

  • Депрессиялық жағдайда тиімділігі ең жоғары халық емдерінің бірі бұл – бораго шөбінің (қияр шөбі) тұнбасы. Ежелден тәуіптер оны «көңілді көтеріп, мұңды жоғалтатын шөп» деп атаған. Бұл шөптің 1 ас қасығына 1 стакан қайнаған су құйып, ыдысты мұқият қымтап, жылы жерде 2 сағат тұндырыңыз, кейін сүзгіден өткізіңіз. Күніне тамақтан алдын жарты стаканнан 3 рет қабылдаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет