Менің отбасым кешқұрым пиктограмма әдістемесі.
Мақсаты: баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.
Пиктограмманың ерекшелігі оған қатысушының өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануды шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін.Дегенмен астыртын әсерін тигізетін факторлар болып агрессиясын жоғарылатып, мазасыздануын толғандырып жіберуі мүмкін.
Құрал-жабдықтар: бір парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.
Зерттеу барысы: Мына параққа өз отбасыңның суретін сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналысып жатқанын көрсеткен дұрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң оны бала салады. Суретті бала салып болғаннан соң, онымен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап алу керек:
а). Мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір досының немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін.
б). Бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен айналысып тұрғанын көрсету.
в). Егер әрбір кейіпкерді бөлек алатын болсақ, онда оның қай жынысқа жататынын, отбасында қандай роль атқаратынын анықтау.
г). Олардың арасындағысының қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы қайғылы және оның себебі неде, бала олардың қайсысын және не үшін ұнатады?
д). Егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпенен серуенге алып бара жатырсаң, бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар еді?
е). Егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз ұстаса, онда ол қалай жазаланатынын көрсетіп беру.
Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:
1. Суреттің құрылымын талдау.
2. Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.
3. Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көңіл аударуы.
4. Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.
Сыныпта өткізілген «Менің отбасым кешқұрым» пиктограмманың нәтижесі:
Зерттеушілердің отбасында өзін ыңғайлы сезінуінің көрсеткіштері
|
Зерттенушілер саны (пайызы)
|
Жоғары
Орта
Төмен
|
9,1%
27,3%
63,6%
|
Көрсеткіштер зерттелінушілер отбасындағы қарым-қатынастың тәлім-тәрбиелік мағынасы төмен екенін көрсетеді. Өйткені балалардың 63,3 пайызы өздерін ыңғайсыз сезінеді, олар өздерінің туысқандарына сенім білдірмейді және өмірінде болған табыссыздыққа соларды кінәлі деп есептейді.Сондықтан олардың отбасындағы жағдайын төмен деп бағаладық.
Зерттенушілердің 27,3 пайызының қарым-қатынасы орта деп бағалады. Олардың отбасында жақсы көретін адамдары бар, туған-туысқандарымен қарым-қатынастары бар, сенім білдіретіндері де бар. Тек олар өзін отбасында кішкентай адаммын, басқаларды ата-анам менен гөрі жақсы көреді, оларға ең жақсы киім, жақсы орын даярладық деп түсінеді.
Балалардың 9,1 пайызының отбасындағы жағдайы өте жақсы, ата-аналары оларды көретініне сенеді, олардың өз болашағына үлкен үмітпен қарайтындығы анықталды. Зерттелінген 11 сынып оқушылары мектеп бітіріп, өз бетімен өмірдегі жолын тауып алу кезеңінің табалдырығында тұрғандығы олардың мазасыздану деңгейін жоғарылатып, көп нәрсесін болжамдауы қажеттілігі туып отырған балалар. Сондықтан олардың мазасыздану деңгейі жоғарылап, уайымы айқын байқалуда. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет екені байқалады.
Пиктограмма «Отбасы суреті» әдістемесінің нәтижесі.
|
Балалардың аты
|
Балалар салған суреттің интерпретациясы
|
1
|
Асылжан
|
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.
|
2
|
Арман

3
|
Әсем
|
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары.
|
4
|
Әсел

5
|
Бағлан
|
Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм
|
6
|
Баян

7
|
Бақберген
|
Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм
|
8
|
Қалығаш
|
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары.
|
9
|
Құрмет
|
Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм
|
10
|
Мақсат
|
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.
|
11
|
Мөлдір
|
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары.
|
12
|
Мұқит
|
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары.
|
13
|
Марина
|
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.
|
14
|
Нағима

15
|
Нұрбота
|
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары.
|
16
|
Оксана
|
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары.
|
17
|
Перизат
|
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары.
|
18
|
Полат

19
|
Разия
|
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.
|
20
|
Феруза
|
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары.
|
21
|
Шынар
|
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары.
|
22
|
Эльмира
|
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.
|
Зерттелінген төртінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары әртүрлі болды, дегенмен басқа сыныптарға қарағанда, жақсы көрсеткіштермен сипатталды. Дегенмен балалардың эгоцентризмі және мазасыздану діңгейі көңіл аударатындай жоғары екендігін анықтадық. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет екені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |