Қиындықтар түрлері
№
|
Мінез-құлқындағы қиындықтардың түрлері
|
Зерттеген
психологтар
|
Мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері
|
1.
|
Эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш); ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жалқаулық, жылауықтық т.б.
|
Е.Е.Кравцова.
А.А.Нурахунова,
В.В.Степанова
|
Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты: толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы және т.б.
|
2.
|
Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б.)
|
А.В.Запорожец,
Л.С.Выготский,
т.б.
|
Жеке тұлғаның дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауынан
|
3.
|
Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттердің басымдығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі т.б.
|
Л.С.Выготский,
Л.В.Занков,
А.Н.Леонтьев,
Л.А.Венгер
|
Психологиялық заңдылықтар бойынша жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіктерді байқап, дамыта алмаушылық.
|
Осы қиындыққа кездескен балалардың басым көпшілігінде психоэмоционалдық үйлеспеушілік орын алады да олардың қиындықтары қоршағандарға да көптеген ыңғайсыздық тудырып отырады. А.Бектің зерттеулерінде бала алдында тұрған қиындықтар біртіндеп олардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді деп көрсеткен. Ата-аналардың баларға қойатын талаптарының өте жоғары дәрежеде болуы және оны толық орындауға баланың шамасы келмейтіндігі, баланың күнделікті өте қатаң сынылуы, өзгелермен қарым-қатынас құрудағы және эмоционалдық көмек алудағы қиындықтар біртіндеп шамадан артық эмоционалды зорлануға алып келеді.
«Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.
1. Адамдардың шамадан артық эмоционалды зорлануы туралы ой-пікірлер көптеген ғалымдар еңбектерінде кеңінен талданған. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінде, Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінде, Құбағұл Жарықбаевтың оқулықтарында эмоционалдық жағдайлар сыныптастырылып, оның түрлеріне сипаттама берілген. Г.Сельенің пікірі бойынша, қолайсыз ықпалыдың әсерінен алдыңғы гипофиз бен бүйрекүсті бездерінің сыртқы қабаты гормондарының артық түзіліп өндірілуі жатады. Сол себептен ол гормондарды Г.Селье адаптациялық (икемділік, бейімділік), гормондары деп атады.
Бүгінгі күнгі көз-қарас бойынша стресс жүйке жүйесі мен ішкі сөлденіс (секреті) бездерінің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік-гуморалдық серпілісі деп түсіндіріледі. Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанатын қолайсыз ықпалдардан кейінде организм тіршілікке икемділігін жоғалтпай өмір сүре береді. Демек, организм ауыртпалықтарға икемделіп, бейімделе алады деп тұжырымдауға болдады.
2. Бұл проблема психологияда жаңа емес, сондықтан ол көп саладағы зерттеулерде орын алған. З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни, Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг т.б. ғалымдар өз еңбектерінде агрессияның табиғатын зерттеу нәтижесінде оның табиғатына нешетүрлі көзқарастар қалыптасты. Г.А.Андеева, В.В.Знаков, Л.П.Колчина, А. Басс, А.Дарки, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде балалардың мінез ауытқуларының аныќтамасы мен сипаты, ауытқулардың пайда болу себептері мен шығу көздері талданған, стресс, онымен байланысты орын алатын агрессиялықты зерттеу және коррекциялау мәселелері орын алған.
3. Зерттеу барысында балалардың шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері стресс, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, депривация түрлерінің орын алуы, мектептік адаптациясының төмен болуы, шатақ мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар деп анықтадық.
Шамадан артық эмоционалдық зорланудың табиғатына байланысты басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүреді. Әсіресе баланың агрессивті мінез көрсетуіне, мазасыздануға стресс негіз болады. Сонымен қатар шатақ мінез көрсету стереотиптері де стресстің нәтижесі болып келеді. Сондықтан балада көрініс берген шамадан артық эмоционалды зорлануын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның мазасыздануын, агрессиясын, шатақ мінезін (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігі мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан оқытушылар қойған бағаларды менсінбеушілік, соған байланысты ыза қысып, балалардың стресс жағдайында жүргені анықталды. Ал балалар стресс жағдайда агрессивті мінез көрсететіні дәлелденген.
4. Біз зерттеуге 4 сыныпты алғанымыздың себебі бұл жас кезеңіндегі балалардың ата-аналары мектептен қашып жүреді. Психокоррекциялық іс-шаралар барысында ата-аналар мектепті білім беретін, үйрететін орын екеніне көзі жетіп, шақырған кезде келетін болды. Осы көрсеткіш психологиялық қызметтің және коррекция жұмысының қажеттігінің дәлелі болды.
Шамадан артық эмоционалдық зорлануы байқалған балаларға психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.
Балалармен психокоррекция жұмысы оларды өздерін-өздері диагностикалап, алдыларында тұрған проблемаларды қанығырақ түсінуден бастау керек. Сондықтан балалармен «депрессия қаупі жоқ па?» деген тапсырманы орындаудан бастап, келесі кезеңде психокоррекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Психокоррекцияға балалармен бірге олардың ата-аналарын қатыстырып жүргізілсе ол іс-шараның тиімділігі арта түседі. Психокоррекциялық жұмыс барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:
- Баланы әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету;
Дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;
Адамға деген сенімділік, эмпатия тәрбиесін дамыту;
Баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;
Ата-аналар мен олардың балаларына арналған психологиялық ақпараттарды тарату жағдайларын қарастыру (ата-аналар жиналыстарында, петагогикалық кеңестерде баяндамалар жасау, әр түрлі психологиялық білімін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру).
Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге және олардың ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын жүргізуге және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |