Зерттеу пәні: мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылардың шамадан артық зорлануының себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шамадан артық эмоционалдық зорлануының алдын алу және коррекциялаудың ерекшеліктерін анықтау және коррекциялық әдістерді пайдалану жолдарын үйрену.
Зерттеу міндеттері:
мектеп жасындағы балалардың психоэмоционалдық дамуының ерекшеліктері проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
оқушыларда орын алатын шамадан артық эмоционалды зорлануының түрлерін және себептерін анықтау;