Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата27.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#199655
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дипломдықжұмыс модуль

6
 
«Антиплагиат» жүйесі негізінде дипломдық жұмысты 
(жобаны) орындау дербестігін қамтамасыз ету тәртібі 
6.1 Дипломдық жұмыс (жоба) студенттердің ғылыми жетекшінің 
жетекшілігімен өз бетінше орындалады. 
6.2 Плагиат (көшіріп алу) деп дипломдық жұмыста (жобада) қағаз немесе 
электрондық тасымалдағышта жарияланған бөтен мәтінді дереккөзге сілтеме 
жасамай немесе сілтеме болған жағдайда пайдалану түсініледі, бірақ көшіріп алу 
көлемі мен сипаты жұмысты немесе оның қандай да бір тарауларының 
дербестігіне күмән келтіргенде. 
6.3 Плагиат негізгі мәтінді сөзбе-сөз баяндау, сондай-ақ парафраз-мәтін 
мазмұнын өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді ауыстыра отырып, бөтен мәтінді 
баяндау деп танылады. 
6.4 Плагиат дипломдық жұмысты (жобаны) өздігінен орындау ретінде 
студенттің оқу тәртібін бұзуы ретінде қарастырылады. 
6.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) студент «Антиплагиат» жүйесімен 
тексеру үшін UNIVER жүйесіне жүктейді. Егер бағдарлама берген пайыздық, 
бірегейлігі қанағаттанарлық болса (80% - дан артық), студент жетекшіге өз 
жұмысын жібереді. Оқытушы есепті қарап, құжатты деректер базасына жібереді. 
Құжатты деректер базасына жібергеннен кейін ғана басып шығарылған есепте 
QR-код болады, онсыз есеп жарамсыз болады. QR-коды бар басып шығарылған 
есеп (екі данада) қорғау кезінде аттестаттау комиссиясына беріледі. 
6.6 «Антиплагиат» жүйесімен тексеруден өтпеген дипломдық жұмыс (жоба) 
қорғауға жіберілмейді. 
7 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі 
7.1
Дипломдық жұмыс (жоба) алдын-ала қорғау үшін түлек шығаратын 
кафедраға ұсынылады. 
7.2
Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау процесі стунденттер 
мен ғылыми жетекшілердің қатысуымен кафедраның ашық отырысында өтеді. 
Алдан ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді. 
7.3
Алдын ала қорғаудан өткен және талаптарға сай ресімделген, студент 
және нормобақылаушы қол қойған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшіге 
беріледі. 
7.4
Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір жазады. 
Пікірде жасалған жұмысқа сипаттама беріледі, дипломдық жұмыстың (жобаның) 


артықшылықтары мен кемшіліктері белгіленеді, тақырыптың өзектілігі, зерттеу 
нәтижелерінің жаңалығы мен практикалық маңыздылығы талданады, жұмысты 
жазу кезінде студенттің дербестік дәрежесіне баға беріледі. Дипломдық 
жұмысты (жобаны) қолдаған жағдайда, жетекші қол қойып, өзінің қорғауға 
жіберілгені туралы шешім жазылған пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне 
береді. Дипломдық жұмысты (жобаны) қолдамаған жағдайда, ғылыми жетекші 
оған қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу 
туралы шешімін негіздейтін пікір жазады. 
7.5
Осы материалдардың негізінде кафедра меңгеруішісі дипломдық 
жұмыс (жоба) бойынша нақты шешім қабылдап, титул парағына жазады. 
Кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға 
жібермеу туралы шешім қабылдаса, бұл мәселе студенттің және ғылыми 
жетекшінің міндетті түрде қатысуымен өтетін кафедра отырысында 
қарастырылады.
7.6
Кафедра қорғауға жіберген дипломдық жұмыс (жоба) пікір алуға 
жіберіледі. 
7.7
Пікір беруші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір береді, онда 
зерттелетін тақырыптың өзектілігіне, тақырыптың ашылу тереңдігіне, 
дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша зерттеу әдебиетін білуіне, алынған 
нәтижелердің шынайылығына, олардың жаңалығы мен практикалық 
маңыздылығына, орындалған жұмыстың сапасына баға берілуі тиіс. Пікірде 
дипломдық жұмыстың (жобаның) кемшіліктерін атап өту қажет. Пікірде 
баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға және тиісті дәрежені беру және 
біліктілікті беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі. 
7.8
Ғылыми жетекші қорғауға жіберген, бірақ пікір берушінің «F» - 
қанағаттанарлықсыз бағасына ие болған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы 
шарттарға сәйкес қорғалады. 
7.9
Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің қалауымен қазақ, орыс немесе 
ағылшын тілінде қорғалады. Студент кафедраның ұсынысы бойынша диплом 
жұмысының (жобасының) қысқаша мазмұнын шетел тілдерінің бірінде ұсына 
алады, ол қорғауда жарияланып, осы тілдегі сұрақтармен сүйемелденуі мүмкін. 
7.10
Дипломдық жұмыс (жоба) заманауи техникалық құралдар мен 
ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер 
негізінде мультимедиялық көрсетілім түріндегі электрондық ресурстарды 
пайдалану арқылы қорғалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет