8
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реті
8.1
Дипломдық жұмыс (жоба) аттестациялау комиссиясының ашық
отырысында, кем дегенде комиссия мүшелерінің жартысының қатысуымен
қорғалады.
8.2
Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуы көпшілік түрде,
студенттер мен кафедра оқытушыларының қатысуымен өтеді. Сонымен қатар,
қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері
және тағы да басқа қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылуы мүмкін.
8.3
Бір студент үшін дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуы 30
минуттан аспау керек.
8.4
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін студент мемлекеттік
аттестациялау комиссиясының алдында 15 минуттан аспайтын уақытты
баяндама жасайды.
8.5
Дипломдық жұмысты (жобаны) сұрақ қою немесе пікір айту түрінде
өткізілетін талқылауға отырғандардың барлығы қатысуына болады.
8.6
Талқылаудан соң комиссия хатшысы пікірлерді оқиды. Отырысқа
қатысқан жағдайда ғылыми жетекші өзі сөз сөйлеуіне болады. Пікірлердегі
ескертулерге студент негізделген жауап беру керек.
8.7
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша баллдық-
рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес баға қойылады. Бағалау кезінде теориялық,
ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен
пікір берушінің бағасы есепке алынады.
8.8
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері әр студент бойынша
аттестациялау комиссия отырысының хаттамасымен ресімделіп, қорғау болған
күні жарияланады.
Қосымша 1
Титул парағын ресімдеу үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Факультет (факультет атауы)
Кафедра (кафедра атауы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
тақырыбы: «Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы»
мамандық бойынша ШИФР – «мамандық»
Орындаған:___________________________________
(Т.А.Ж.)
(қолы)
Ғылыми жетекші: ______________ ___________
(Т.А.Ж.)
(атағы) (қолы)
Қорғауға жіберілді:
Хаттама № , « » _________ 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі _________________________________
(Т.А.Ж.)
(қолы және мөрі)
Нормобақылау _________________________________
(Т.А.Ж.)
(қолы)
Алматы, 20___ г.
Қосымша 2
Реферат ресімдеу үлгісі
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың көлемі ___бет, __ сурет, ___ кесте, __ дереккөз, __
қосымша.
АҚПАРАТ, ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ, ИЕРАРХИЯНЫ ТАЛДАУ ӘДІСІ,
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ.
Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың оңтайлы жүйесін таңдау үшін қауіпсіздік
бойынша сарапшының автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу.
Объект - ақпаратты қорғау жүйесі.
Пән - сараптамалық бағдарламалық қамтамасыз ету.
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда ақпарат кез келген қызметтің ерекше
ресурсына айналды, демек, кез келген басқа ресурс сияқты қорғауға, оның
сақталуын, тұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқтаж.
Ақпараттық жүйелерді құру нұсқаларының алуан түрлілігі олардың
әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі қорғау жүйелерін құру
қажеттілігін туындатады. Қолда бар жарияланымдардың үлкен көлемі оларға тән
ерекшеліктер мен жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып, нақты Ақпараттық
жүйелер үшін ақпаратты қорғаудың кешенді жүйесін құруға қалай кірісу
керектігі туралы нақты түсінік қалыптастыру екіталай.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта талдау және бүгінгі күні пайдалану қажет
ақпаратты қорғау технологиялары, тәсілдері мен құралдарының жеткілікті саны
әзірленді және қолданылады. Бұл құпия сипаттағы мәліметтердің ағу
ықтималдығын күрт қысқартуға мүмкіндік береді.
Нәтижелері:
ақпаратты қорғау жүйесін құру бойынша әдебиеттер зерттелді;
әр түрлі ранжирлеу әдістері және оңтайлы таңдау;
оңтайлы қорғау жүйесін таңдау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету
әзірленді.
Қосымша 3
Достарыңызбен бөлісу: |