Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар


 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата27.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#199655
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дипломдықжұмыс модуль

Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы 
4.1 өзінің мазмұны бойынша дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің 
басшылығымен және білім беру бағдарламасы бойынша студенттің дайындаған 
ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. 
4.2 Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі білім беру бағдарламасының 
ерекшеліктеріне сәйкес кафедрамен анықталуы тиіс. 
4.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері: 
- титул парағы; 
- реферат; 
- мазмұны; 
- кіріспе; 
- негізгі бөлім; 
- қорытынды (қорытындылар); 
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі; 
- қосымшалар. 
4.3 Титул парағы дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып 
табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып 
табылады. Титулдық парақта келесі мәліметтер келтіріледі: 
- Министрліктің, оқу орнының, факультеттің және кафедраның толық атауы 
(әрқайсысы бас әріппен); 
- жұмыс түрі - дипломдық жұмыс (жоба)); 
- дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы; 
- білім беру бағдарламасының шифры мен атауы; 
- сол жақ - «орындаған» сөзі, оң жақ қарама-қарсы студенттің аты-жөні 
көрсетіледі; 
- төмендегі жолда «ғылыми жетекші» жазылады және тегі мен аты-жөні, 
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, басқа да регалиялары көрсетіледі
- «Қорғауға жіберілді» хаттаманың нөмірі және күні; 
- кафедра меңгерушісінің және нормобақылаушының қолы; 
- қала, жыл. 
Титул парағын ресімдеу үлгісі 1-қосымшада келтірілген. 
4.4 Казақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі рефераттарда: 
-
жұмыстың көлемі, иллюстарциялардың, кестелердің, пайдаланылған 
мәлімет көздерінің саны туралы ақпарат; 


-
жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздердің тізімі, 
-
жұмыстың мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдістері мен 
қондырғылары, алынған нәтижелер мен олардың практикалық пайдаланылуы 
көрсетіледі. 
Реферат көлемі 1000 таңбадан аспауы тиіс (2-қосымша). 
4.5
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мыналарды қамтиды: 
кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің реттік нөмірлері және атауы, 
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және дипломдық жұмыстың 
(жобаның) осы элементтері басталатын беттердің нөмірлері көрсетілген 
қосымшалардың атауы (3-қосымша). 
4.6
Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының өзектілігі, 
ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының негіздемесі
қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы жағдайының 
талдауы, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері және 
нысандары, теориялық және әдістемелік негізі мен практикалық базасы 
көрсетілуі тиіс. 
4.7
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған 
жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін 
деректер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі бөлімдер 
мен бөлімшелерге бөлінеді. Негізгі бөлім үш бөлімнен тұрады: әдебиетке шолу, 
эксперимент әдістемесі, эксперимент нәтижелері және оларды талқылау. 
Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу білім алушының арнайы әдебиеттермен 
негізді танысуын, оның дереккөздерден мәліметтерді жүйелендіру, оларды сыни 
тұрғыдан қарау, басқа зерттеушілердің бұрын жасаған бағалауын, тақырыпты 
қазіргі заманғы жағдайда ең бастысы анықтауды көрсетуі тиіс. Онда зерттелетін 
мәселенің мәні баяндалады, оны шешудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады
оларға баға беріледі, студенттің өзіндік ұстанымдары негізделеді және 
баяндалады. Әдебиетке шолу нәтижесінде осы тақырып әлі ашылмаған немесе 
ішінара ғана ашылмаған, немесе сол аспектіде емес, сондықтан әрі қарай 
әзірленуді қажет етеді деген қорытындыға келтірілуі тиіс. Жұмыстың (жобаның) 
осы бөлімінің көлемі негізгі бөлім көлемінің үштен бірінен аспауға тиіс. 
4.8
Екінші бөлім әдістемелік сипатқа ие және жұмыста қолданылатын 
зерттеу әдістері мен нақты әдістемелеріне арналған нұсқауларды қамтуы тиіс: 
зерттеу объектілерін, пайдаланылған экономикалық-математикалық модельдер 
мен 
компьютерлік 
бағдарламаларды, 
аспаптарды, 
жабдықтарды, 
қондырғыларды, эксперименттік зерттеулер жүргізілген кәсіпорындарды 
сипаттау, 
қолданылатын 
сауалнамалық 
сипаттамалар, 
тақырыпты 
метрологиялық пысықтау және т. б. 
4.9
Зерттеу нәтижелерін талқылай отырып, студент анықталған 
заңдылықтарды, техникалық, табиғи, экономикалық немесе әлеуметтік 
процестердің өтуіне әсер ететін факторларды, зерттелетін құбылыстардың 
себептерін, олардың дамуындағы тенденцияларды және т. б. анықтау керек. 
Жұмыста алынған нақты материалдың негізінде экономикалық қызмет 


тараптарын жетілдіру, өндірістік, әлеуметтік және мәдени процестерге әсер ету 
жөніндегі ұсыныстар негізделеді. 
4.10
Негізгі бөлімнің барлық үш бөлімі бір-бірімен логикалық 
байланысты болуы тиіс. Негізгі бөлімнің мазмұны жұмыс тақырыбына дәл 
сәйкес келуі және оны толығымен ашылуы тиіс, бұл ретте тіл мен баяндау 
стиліне ерекше назар аудару керек. 
4.11
Қорытындыда дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша 
тұжырымдар, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалау, зерттелген 
объекті бойынша нақты ұсыныстар болуы тиіс. 
4.12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде жұмысты жазу кезінде 
пайдаланылған деректер туралы мәліметтер болуы тиіс: жұмыс мәтініндегі әрбір 
дереккөзге сілтеме болуы тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми 
жұмыстарға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді (4 қосымша). 
4.13
Қосымшаға дипломдық зерттеуді орындауға байланысты негізгі 
бөлімде көрініс таппаған материалдар енгізіледі. 
4.14
Дипломдық жұмыста (жобада) қабылданған шешімдер, барлық 
мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін дипломдық жұмыстың 
(жобаның) авторы студент жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет