Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма №


Пецтицидтермен және минералды тыңайтқыштармен



бет10/14
Дата20.10.2023
өлшемі364,5 Kb.
#187078
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт
www.zharar.com.docx-morf, Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыстары, Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау, Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін
5.2 Пецтицидтермен және минералды тыңайтқыштармен
жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасы.
Минералды тыңайтқыштармен және пестицидтермен жұмыс жасау ұйымдардағы, кәсіпорындардағы және «сельхозхимия» жүйесінің мекемелеріндегі еңбекті қорғау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ережелерімен регламенттеледі.
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қабылдау, сақтау және жіберу үшін қоймалар қолданылады. Колхоздар мен совхоздарға минералды тыңайтқыштарды олардың рельсті қоймалары немесе ерекше орналасу орындары болған жағдайда көлікпен жіберіледі. Минералды тыңайтқыштардың және пестицидтердің базалары мен қоймаларындағы жұмыстың қауіпсіздік шарттарын жасау үшін: машиналар мен механизмдерге техникалық қарауға арналған және аккуммулятор зарядтайтын арнайы орындар машинаны тазалауға арналған компрессорлық қондырғылар, тұрмыстық мекемелер, канализация және т.б. болуы керек.
Минералды тыңайтқыштарды сақтау шарттары қойылымдардың физико-химиялық қасиеттері мен түрлеріне байланысты, сондықтан қоймаларды жалпы және арнайы деп бөледі.
Тыңайтқыштарды, әсіресе азотты тыңайтқыштарды дұрыс қолданбағаннан оларды сақтауға және тасымалдауға үлкен қауіп төнеді. Олардың вентельдерінің қатты жабылғандығына, монометр көрсеткіштеріне, сұйық деңгейіне және т.б. назар аудару керек.
Өсімдікті қорғаудың химиялық құралдарын қолданғанда үлкен ұқыптылық қажет, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс және дер кезінде қолдану қажет.
Пестицидтермен жұмыс жасауға дені сау, медициналық бастаудан өткен, пестицидтердің қасиеттерін жақсы білетін және олармен дұрыс жұмыс жасай алатын адамдар жіберіледі. Жұмыс уақыты 6 сағаттан аспау керек. Әрбір колхозда, совхозда ауылшаруашылық мәдениетін пестицидтермен өңдеудің есебі жүргізілуі керек. Пестицидтермен жұмыс жүргізер алдында тұрғындарды және жақын арадағы медпункты ескертеді. Уақытша қауіпті учаскелерге лакты бояулы материалдармен, сигналдың бояулармен боялған тасымалданатын қауіпсіздік белгілері мен уақытша шекаралар қойылады.


5.3 Шаруашылықтағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайының сипаты
Жылу бөле және жарықтың шағылысуымен жүретін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардың әрекеттесуінің күрделі физика-химиялық процесінжану деп атайды.
Жану пайда болу үшін өрт көзі, зат және ауада 14% жоғары оттегі болу керек.
Материалдық шығын әкелетін, басқарылмайтын жануды өрт деп атайды. Өрттің себептері әр түрлі болады. Көбінесе олар адамның кінәсінен, кейде найзағай жарқылдауынан болады.
Өрт қауіпсіздігі - өрт болмайтын объектінің жағдайы, ал өрт болған жағдайда өрттің қауіпті факторларының адамға әсерін тигізбейтін және материалдық құндылықтарды қорғау қамсыздандырылатын объектінің жағдайы.
Объектінің өрт қауіпсіздігі ГОСТ 12.1.004-76 ССБТ сәйкес өртті болдырмау жүйесімен, өрттен қорғау жүйесімен және ұйымдық шаралармен қамтамасыз етіледі.
Селолық кеңестер, колхозды басқару және кәсіпорынның басшылары өрт қауіпсіздігін және өрттен қорғауды жүзеге асыру үшін штаттың өрт-қарауылдық қорғанысын және өз еркімен құрылған ұйымды құрады, ал өндірістік учаскелермен фермаларды оларды бөлімшелер құрайды.
Өртті сөндіру құралдары: сұйық және бу күйіндегі су, химиялық қосылыстың нәтижесінде және механикалық жолмен алынатын көбіктер, СО2, топырақ пен жамылғылардың барлық түрі. Оттегінің концентрациясын төмендету үшін СО2 басқа инертті газ-азотты қолданады. Өртті сөндіру үшін өрт сөндіргіш ұнтақтар қолданылады.
Өртті сөндірудің техникалық құралдарының ішінен көбікті өрт сөндіргіштер ОП-5, сонымен қатар ОУ-2 мен ОУ-5 көмір қышқылды өрт сөндіргіштер қолданылады. Ауыл шаруашылығында өртті сөндіру үшін қол және механикалық насостар, сонымен қатар жөнделген сельхоз машиналары қолданылады.
М-600, МГ-800-А маркалы тасымалдағыш бензинді екі тактілі мотополепалар мен бензинді двигательдері бар МН-1200, МП-1400, МП-1600 мотополепалары қолданылады.
Мотополепадан басқа өртті сөндіруде АЦН-200 сияқты өрт автокөліктері (мұнда өрт насосы, цистерна және көбік араластырғыш бар) және су беруге арналған АНГ-20 типті автонасостар қолданылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибесін жүргізген ОҚМУ 5 жылдың ішінде өрт жағдайлары тіркелмеген, өйткені ол жерде кешенді шараларды жүзеге асыру әдістерімен өрт қауіпсіздігі ережелері қатаң сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет