Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма №



бет5/14
Дата20.10.2023
өлшемі364,5 Kb.
#187078
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт

3. Экспериментальды бөлім
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері
Фенологиялық бақылаулар бойынша күріштің өсуіндегі ерте фазаларында мочевинаның және қос суперфосфаттың оң әсері анықталды. Бұтақтану фазасында күріш өсімдігіне азот жетіспегендігін байқауға болады: жапырақтардың ашық-жасыл түсі, жанама өсінділердің болмауы. Хлорлы тұздылықта өсімдік аласалау болады, бірақ жапырақтың түсі қанық әрі қою болады. Хлор ионының кері әсерінің белгілері өсімдік жапырақтарының бірінші яруста құрғауынан байқалады.
Өсімдіктің жағдайы азот пен фосфорды енгізген кезде жақсарғанын көруге болады. Бұл екеуін бірге қолданған кезде өсімдіктің сыртқы көрінісі әдемі болып көрінеді.
Бұтақтану фазасында жағдайы қанағаттанарлықтай болады. 0,05% бақылаушы өсімдіктің енгізген кезде ол аздап нашарлады. Мочевинамен қоректенген өсімдік тұзды фонға қарағанда өзінің қою-жасыл түсімен және жақсы шоқ түптілігімен ерекшеленеді. Хлорлы тұзды топыраққа фосфорды енгізгенде күріш өсімдігінің жағдайы аздап жақсарды, бірақ бұл кезде азоттың тапшылығы орын алады. Азоттың немесе фосфордың біреуін енгізгенге қарағанда екеуін бірге қолдану жақсы нәтиже берді. Ол өсімдіктің жақсы өсіп дамуынан байқалады.
4-кестеде келтірілген фенологиялық бақылаулардың мәліметтері күріш өсімдігінің өсіп дамуы өсіру жағдайына, әсіресе минералды тыңайтқыштарды беруге және топырақтың тұздылығына тәуелді екендігін көрсетеді.
Бұтақтану фазасында бақылаушы нұсқадағы өсімдіктің биіктігі хлорлы тұздалған топырақтағыға қарағанда 1 см-ге биік болады. Мочевинаны енгізген кезде анық биіктігі 3-8 см болады. Фосфорды қолданған кезде ол 26 см-ге, ал оларды бірге қолданғанда 41 см-ге тең болған.
Мочевина өсімдіктің биіктігімен қатар күріштің дамуына да жақсы әсерін тигізеді. Қос суперфосфат жанама өсінділердің қалыптасуына ықпал етпегенімен, азот фонында олардың санының көбеюіне әсер етті.
Бұтақтану фазасынан бастап күріштің қарқынды өсуін байқауға болады (4-кесте). Бұтақтану фазасынан түтіктенуге дейін бақылаушы өсімдіктің биіктігі 23 см-ден 42-43 см-ге дейін өзгерген. Фондармен салыстырғанда, тыңайтылған нұсқалардың ішінде азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өсуге жақсы әсер берген. Күріш өсімдігінің өсіп дамуына тұздар мен тыңайтқыштардың әсер етуінің аталған заңдылықтары вегетацияның соңына дейін сақталған. Күріш өсімдігінің ең биік ұзындығы азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде байқалады.
Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын күрішке берген кезде трубалану-гүлдену фазасына дейін жанама өсінділердің саны артқан (бір өсімдікке 3,5-4,0 дана)
Кесте – 4 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты күріш өсімдігінің өсіп дамуы



Нұсқалар

Күріштің даму фазалары

Бұтақтану

Түтіктену

Гүлдену

Пісу

  1. Бақылаушы (тұздалмаған топырақ




  1. 0,05 % Cl- топырақ


  1. 0,05 % Cl- +N топырақ




  1. 0,05 % Cl- + Р топырақ


  1. 0,05 % Cl- + NP

24

23


38/2,5
26
41/3,0

43

42


66/3,0
45
72/3,5

51

49


74/3,5
52
80/4,0

65

63


84
69
88

Кесте – 5 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты күріш өсімдігінің вегетациялық салмағының жиналу динамикасы





Нұсқалар

Күріштің даму фазалары

Бұтақтану

Түтіктену

Гүлдену

  1. Бақылаушы (тұздалмаған топырақ




  1. 0,05 % Cl- топырақ


  1. 0,05 % Cl- +N топырақ




  1. 0,05 % Cl- + Р топырақ


  1. 0,05 % Cl- + NP

2,3/0,7

2,2/0,5

14,2/3,6
3,0/0,9
17,0/3,8


14,0/4,7

12,5/4,0

121,8/30,1
418,9/5,0
132,8/34,6


24,0/6,9

18,0/6,0

156,5/46,8
37,5/7,8
167,7/50,0


4 және 5 - кестеде келтірілген мәліметтер көрсеткендей, топырақтың тұздануы тек өсуін ғана тежеп қоймай, күріш өсімдігінің вегетациялық салмағының жиналуына да кедергі жасайды. Ол бұтақтану фазасынан байқалады. Сонымен, бақылаушы нұсқада бұл фазада 10 шикі өсімдіктің салмағы 2,3 г тең болды, топырақта 0,05% Cl- болған кезде 2,2 г тең болды.


Тұзды топырақта минералды тыңайтқышты қолданған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы артады. Оның жиналуына мочевина жақсы әсер етеді, хлорлы тұздылық кезінде 10 шикі өсімдіктің салмағы 14,5 г құрады. Азотқа қарағанда фосфор күріш өсімдігінің вегетациялық салмағын аздап арттырады. Мочевина мен қос суперфосфатты бірге қолданған кезде өсімдік көп салмақ берді.
Бұтақтану фазасынан трубалану және гүлдену фазасына ауған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы (интенсивті) қарқынды жиналғаны байқалды.
Гүлдену фазасында мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыш енгізген кезде 10 дана күріш өсімдігінің шикі вегетациялық салмағы сәйкесінше 156,5 және 167,7 г құрайды.
Сонымен, топырақтың хлорлы тұздануы күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмағының жиналуына кері әсер етті. Минералды тыңайтқыштар қосқан кезде олардың биіктігі, биосалмағы, әсіресе жанама өсінділердің саны артады. Мочевина қос суперфосфаттан гөрі жақсы әсер береді, ал екеуін бірге қолданғанда әсер оданда жақсы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет