1.3.4 Микробиологиялық ығыстыру Технологияның қолдану жолдары және мүмкіндіктері: Микробиологиялық әдістер - бұл басқа жолдармен әсер еткенде
қалпына келтірілмейтін, мұнайдың қалдықтарын алудың перспективалы
технологиясы болып табылады. Мұнайдың қалдықтарын өндіруге ықпал ету
үшін қабат флюидтарымен реакцияға түсетін микроорганизмдер енгізеді.
Микроорганизмдердің көмегімен мұнай өндіру олардың физиологиялық және
биохимиялық сипаттамаларын мақсатты пайдалануға қосымша тұрғыдан
негізделген.Оларға микроорганизмдердің температура, қысым, тұздылық,
аэробты және анаэробты жағдайларда ықпал ету қабілеті, H2, CO2-ден
мұнайға дейінгі энергия көздерін пайдалану мүмкіндігінің арттыруна әкеледі.