Дипломдық жоба 5В070800 Мұнай-газ ісі Алматы 2021



Pdf көрінісі
бет36/43
Дата19.03.2022
өлшемі3,37 Mb.
#136346
түріДиплом
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
2021 БАК Әбдуәли Құндыз, Бораншиева Нұрсәуле Нұрболатқызы, Еркінқызы Құралай, Қайдар Айгерім Манатқызы

1.4.3 Қабат ішінде жандыру
 
Әдетте, тұтқырлығы жоғары ауыр мұнай немесе асфальт үшін қабатты 
ішінен жандыру қолданылады, осылайша резервуардың температурасын 
жоғарылату арқылы шикі мұнайдың тұтқырлығын төмендетеді, шикі 
мұнайдың жылжымалылығын және өндіру әдісінің резервуарлық энергиясын 
арттырады.
Жіктелуі 
Резервуарда қабатты ішінде жандыру тікелей жану,кері жану және 
дымқыл жану болып үш негізгі жолмен жүреді. 
Мұнай өндіру механизмі 
(1)
Қабатты ішінен жандыру резервуарға ауа (немесе оттегі) айдап, 
резервуардағы шикі мұнайдың өздігінен жануы немесе жасанды тұтануы 
арқылы жүзеге асады, қабаттағы бір бөлік бастапқы мұнай жанып, жану 
жиегіндегі жылу энергиясы арқылы шикі мұнайды ығыстыратын термиялық 
әдіс болып саналады.
(2)
Қабатты ішінен жандыру барысында ауыр мұнай резервуарында 
жанудың алдыңғы шеті өте жоғары температура шығарады, жанудан пайда 
болған қабат суының булануы, бастапқы мұнайдан бөлініп шыққан жеңіл 
фракциялар, жанудан пайда болған СО

шикі мұнаймен жанасу барысында, 
бумен ығыстыру, еріткіштің аралас фазалық ығыстыруы, көмірқышқыл газы 
арқылы ығыстыру сынды бір қатар қосымша механизмдер әсеріне ие болады.


(3)
Қабатты ішінен жандыру арқылы ауыр мұнай резервуарынан мұнай 
алу механизмі өте күрделі. Дегенмен шикі мұнайдың жоғары температурадағы 
крекинг әсері, термиялық ығыстыру, конденсацияланған бумен ығыстыру
аралас фазалық ығыстыру және газбен ығыстыру барлығы да қабатты ішінен 
жандыру әдісі үшін тиімді мұнай бергіштікті арттыру тәсілі бола алатынына 
дәлел екені айқын. 
Сурет.1.4.2 Қабат ішінде жандыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет