Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:
Мұнай кеніштерінің игеру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында
жасалған барлық әдіс-тәсілдерге
толықтай тоқталып, әр процесстің
механизмдерін салыстырып нәтижесінде ең тиімді деп тапқан әдісті ұсыну.
Жұмыстың өзектілігі:
"Мұнайды бірінші реттік өндіру", яғни бастапқы өндіру негізінен шикі
мұнайдың бір бөлігін алу үшін резервуардың табиғи энергиясын пайдалану,
оның мұнай өндіру механизмі келесідей:
резервуардың қабат қысымы
төмендеген кезде, ұңғымаға құйылатын сұйық резервуардағы сұйықтың
көлемдік кеңеюі мен тау жыныстарының қысылуы
әсерінен шикі мұнайды
өндіру ұңғымасына қарай айдайды. Резервуардың қысым шикі мұнайдың
қанығу қысымына дейін төмендегенде, газдың бөлінуі және көлемін ұлғайтуы
әсерінен тағы бір бөлік шикі мұнайды өндіруге болады. Кей резервуарларда
газ
шапкасы болады, қабат қысым азайып газ көлемін ұлғайтуынан және
гравитациялық күштің көмегімен шикі мұнайды тиімді өндіруге мүмкіндік
алуға болады. Су қабаты бар резервуарлар
тұрақты немесе салыстырмалы
түрде тиімді айдау энергиясымен қамтамасыз ете алады. Қабат суы кеуекті
ортадағы шикі мұнайды айдап ғана шектелмей, қабат қысымын ұстап тұруға
мүмкіндік береді.
Бастапқы өндіру басталып белгілі бір уақыттан
кейін мұнайды өндіру
ұңғымасына дейін ығысыру үшін резервуарға сұйық айдау процессі басталды,
бұл мұнай өндірудің сұйық әдісі көбінесе "екінші реттік өндіру" деп аталады,
бастапқы мұнай өндіру мен су немесе араласпайтын газ айдау арқылы өндіру,
яғни мұнайды екінші реттік өндіру әдетте бастапқы геологиялық қорлардың
20% -40% құрайды.
Екінші реттік өндіру экономикалық шегіне жеткен кезде, қабатқа
сұйық
айдау, энергия көзін арттыру көбінесе физика-химиялық өзгерістермен қатар
жүреді. Бұндай әдістер “үшінші реттік өндіру” деп аталады. Оның ішіне
полимерлі су айдау, әртүрлі химиялық заттар айдау (беттік активті заттар,
микроэмульсия, сілтілер) және композициялық
химиялық су айдау,
араласатын газ айдау (газды айдау қысымын ұстап тұру үшін емес) кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: