Мемлекетіміздің саясатыныың басым бағыты ретінде елімізде туризм саласын дамытуды айтуға болады. Туризм саласын дамыту еліміздің экономикасын жақсартып, өртеген әліеуметтік сұрақтарды шешіп алуға болатыны бәрімізге мәлім. Қазақ елінде туризм саласын дамыту жолында барлық жағдай бар екені анық. Ол мәдени жағынан, тарихи тұрғысынан, георгафиялық орналасуы және клиаттық жағдайда осы қатардан таыбалды. Еліміздің тәуелсіздік лағннан кейін мәдени және тарихи құндылықтарымызды жаңарту кезінде оларға құқықтар толығымен сақталғанын білеміз.
Елімізде тузим саласы әлі де болса кенже қалып отыр, даму деңгейі әліде болса төмен. Алайда оған қарамастан елімізе туризмнің дамуы болашағы жарқын екені айқын. Халықаралық туризм саласынан түскен табыс мөлшері 50-70 млн. АҚШ ақшасын құрайды. Еліміздегі сарапшыглардың ең қарапайым бағалауы нәтижесінде бұл көрсеткіш жылына 200-250 миллион долларға шейін өсетініне болжап отыр.
Туризм саласын дамытудың негізгі маңызды мақсаты болып қазақстандық, сондай-ақ шет ел азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сондай-ақ Қазақстандағы туризмді тұрақты дамыту үшін жағдай жасайтын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру болып табылады. Тұрақты валюталық табыс әкелетін және жаңа жұмыс орындарын құратын орнықты, экологиялық және әлеуметтік бағдарланған, жоғары рентабельді туристік индустрияны құруға ұмтылу қажет.
Бүгінгі күні нарықтық жағдайында эконокмиканың қатал сынына төтеп беру үшін, компанияның жұмысының құлдырап кетпеуі үшін, компанияның тапқан қаржы көзін дұрыс басқарып, оны іске асыру кезінде тиімді пайдалану үшін ұйымнын қаржы қорын дұрыс басқара білу қажет. Кез келген компания басшысы өз қаржы бқорын қайда және қанша тартылғанын, оан қанша пайда келетінін білгені жөн. Туристтік компания өзінің іскерлік қабілетін, өтімділік және төлемдік қабілетін, несиелік қабілетін, қайта жаңару шегін, қаржы жағлайы қорын, тәекел ету деңгейін және де т.б. жағдайларды талдай білудің әдіс-тәсілдерін білгені дұрыс деп есептеймін. [21,45б]
Қаржылық талдау қаржы мененнежменті және аудит саласының басты бөлігі болып саналады. Қолданушылардың барлығы қаржылық есепті өз таңдаған әдістемелерін қолданып, өздерінің айқын мәселелрін шешу үшін, осы сұрақтар бойынша тиімді шешім қабылдау үшін қаржылық есеп беруді қолданады.
Көбінесе меншк басшылары өз компаниясының каптиал табысын тұрақтандыру мақсатында және ұйым тұрақтылығын ұстап тұру немсе жоғарылату үшін қаржылық талдау жасайды. Салымшылар мен кредиторлар өз қаржылық талдауларын өз берешектері мен табыстарының, салымдарының жағдайын білу үшін жасайды. Атап өткеніміздей соңғы жылдары қаржылық талдау бойынша көртеген мақалаларда әдістемелер ұсынылуда, онда етк отандық емес, сонымен қатар шет елдік тәжірибелерде бар. Және ол тәжірибелер көбінен қолданылуда.
Компанияның қаржылық жағдайының алға, ілгері жылжуы үшін оның хал ахуалын анықтап алу үшін компанияда талдау жұмыстарын жүршізу қажет. Бұл талдау компанияның қаржы жағдайының қаншалықты әлсіз немесе күшті екендігін анықтауда өте тамаша құрал. Қаржылық жағдайын басқаруда іскерлік қалай жүру керектігін айқын көрсете алады. Компания іскерлігінің берілген мерзім ішінде қаржылық деңгейін жоғарылату бойынша басты әдістің не екендігі туралы сұраққа жауап бере алатын құрал бұл өткізілген талдаудың нәтижелері болып саналады. Солай бола тұра, қаржылық талдаудың басты мақсаты басқа, яғни қаржыны басқару кезінде кеткен қателіктерді уақытында анықтай білу, ол қателіктерді уақытында жою, компанияның төлем қабілеттілігн әрі қарай жоғарылату үшін оның жаңа табыс көздерін табу.
Осы жобаны талдау барысында жасалған әрекеттерді нәтижелей келе, басты қатынастарды айтып кеткен дұрыс. Жобаны өңдеу үшін қойылған басты талаптар орындалды, таңдалған тақырып бойынша барлық сұрақтар талданды. Солай-ақ, жұмысты өңдеу нәтижесінде басты мақсаттардың барлығына қол жеткізе алдық деп есептеймін. Яғни, «Туризм ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестітің есеп беру нәтижесінде аталған компанияның қаржылық хал-ахуалын бағалау кезінде көптеген теориялық мәліметтерді талданып, оның ең тиімді жақтарын тәжірибе жүзінде іске асырдық.
Зерттеудің мақсаты туристік ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін және оның қаржылық жағдайын талдау, оны қазіргі жағдайда жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыста келесі міндеттер шешілді:
1) туристік ұйымның қаржылық жағдайын талдау негіздері мен мәні қарастырылды;
2) туристік ұйымның көрсеткіштер жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қарастырылды;
3) зерттелетін туристік ұйымның қаржылық жағдайы талданды, атап айтқанда теңгерімге тік және көлденең талдау жүргізілді, туристік ұйымның қаржылық тұрақтылығының, іскерлік белсенділігінің, өтімділігінің және төлем қабілеттілігінің коэффициенттері есептелген және талданды;
4) зерттелетін туристік ұйымның қызметін жетілдіру жолдары әзірленді.
Жұмыста зерттеу объектісі ретінде «Туризм ғылыми – зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ТҒЗИ» ЖШС) таңдалды.
«Туризм ғылыми – зерттеу институты» ЖШС туристерді қызықтыратын тақырыптар бойынша жасалған экскурсияларды ұйымдастыру бойынша қызметтерді ұсынады, көлік қызметтері мен тамақтану қызметтерін ұсынады. Туристік бизнестің маусымдылығы қызметтің басқа да түрлерін дамытуды қажет етеді – көшуді ұйымдастыруды қажет ететін бизнесмендерге қызмет көрсету; шоп-турларды ұйымдастыру.
Зерттеу нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасалды. «Туризм ғылыми – зерттеу институты» ЖШС сатудан түскен түсім зерттелген кезеңде 88,41% - ға өсті. Сонымен бірге сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының өсу қарқыны сатудан түскен түсімнің өсу қарқынынан жоғары (өзіндік құн 106,93% - ға өсті), бұл сатудан түскен пайда тек 25,82% - ға ғана ұлғаюына алып келді.
Жоғарыда келтірілген талдау осы компаниянда зерттелген кезеңде компанияныңың мүліктік әлеуетінің өсуі орын алды деп айтуға болады. Осы әлеуеттің тиімділігі туралы айту үшін осы компанияны өтімділік пен төлем қабілеттілігіне талдау жасау және компания өзінің барлық қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу мерзімдерін бұзбай өтей ала ма, және компанияның дереу өтеуді талап ететін кредиторлық берешек бойынша есеп айырысу үшін жеткілікті ақша қаражаты мен олардың баламаларының жеткілікті саны бар ма екенін анықтау қажет.
Егер қаралып отырған компания есепті кезеңде активтердің қор сыйымдылығы мен айналымдылығы артты деп есептесе, бірақ егер абсолюттік өтімділік коэффициенті көрсеткішінің мәні есептік кезеңнің соңына (2019 жылдың соңына 0,006) өте төмен мәнге ие екенін назарға алсақ, егер бірнеше ірі кредиттер бір мезгілде қарызды жедел тәртіппен өтеуді талап етсе, осы үрдіс компанияды банкроттық шегіне әкелуі мүмкін деп айтуға болады.
Зерттелетін туристік ұйымның ағымдағы жағдайын талдау компания жұмысының болжамымен толықтырылуы тиіс, бұл оны жақсарту перспективасын айқындауы тиіс.