Abstract
The project analyzed the financial condition of the LLP “Scientific Research Institute of Tourism”. Based on the reports and indicators of the company for 2017 - 2019, a vertical and horizontal analysis was carried out. When analyzing the financial condition, the main tasks were identified - the quality of the financial condition, during the study period the reasons for its improvement or deterioration were studied, proposals were prepared to improve the financial stability of the company. According to the results of the study, we showed that the company's revenue from sales for the study period increased by 88.41%, as well as the growth rate of cost of goods sold above the growth rate of sales revenue, which led to an increase in revenue from sales by only 25.82%.
МАЗМҰНЫ
КЕСТЕЛЕР МЕН СУРЕТТЕР ТІЗІМІ 6
1 КІРІСПЕ 7
2 ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 10
3 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 13
3.1 Компанияның қаржылық қызметін талдаудың мәні, мазмұны 13
3.2 Компанияның шаруашылық қызметінің көрсеткіштері мен ақпараттық негіздері 16
3.3 Компанияның қаржылық жағдайын талдау әдістері 21
4 Компанияның қаржылық жағдайын талдау 27
4.1 «Туризм ғылыми-зерттеу институты (ТҒЗИ)» ЖШС туристік компаниясы ұсынатын қызметтер мен көрсеткіштер 27
4.2 «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС туристік компаниясының мүліктік жағдайын және қаржылық ресурстарын талдау 29
4.3 «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС компаниясының қаржылық жағдайын талдау 34
4.4 «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС туристік компаниясының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу 39
5 ҚОРЫТЫНДЫ 42
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖӘНЕ ДЕРЕККӨЗДЕР 45
КЕСТЕЛЕР МЕН СУРЕТТЕР ТІЗІМІ
Сурет 1 - Туризм ғылыми – зерттеу институтының құрылымы
Сурет 2 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 2017-2019 жылдардағы қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің динамикасы
Сурет 3 - Компанияның қаржылық жағдайын тұрақтандыру процесі
Кесте 1 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, 2017-2019 жж.
Кесте 2 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС активтерінің баланстық баптарын талдау, 2017-2018 жж.
Кесте 3 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС балансының активтерінің құрылымын талдау, 2018-2019 жж.
Кесте 4 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС міндеттемелер балансының пассив статьяларын талдау, 2017-2019 жж.
Кесте 5 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС баланс пассивінің құрылымын талдау, 2017-2019 жж.
Кесте 6 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балансының өтімділігін талдау, 2017-2019 жж.
Кесте 7 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өтімділік коэффициенттерінің динамикасы, 2017-2019 жж.
Кесте 8 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдау, 2017-2019 жж.
1 КІРІСПЕ
Қазіргі таңда туризм ұғымы көптеген әлем елдерінің экономикасына, сонымен қатар жаһандану жағдайына қатты әсерін тигізетін маңызды әлеуметтік және саяси құбылыс болып отыр. Басқа салаларға қарағанда салыстырмалы түрде туризм саласы қолайлы және табысты сала болып табылады.
Ұлттық экономика саласын қайта жаңғырту, туристік компаниялардың жұмысындағы елеулі өзгерістер және аталған саланы басқарудағы өзгерістер қазіргі жағдайға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Сондай – ақ, елімізде туризм саласының алға жылжуы тұрғындардың денсаулықтары нығайтуға және демалушыларға ыңғайлы демалу жағдайларын жасауды қамтамасыз етуге әсерін тигізетін маңызды әлеуметтік мінддерді шешу кезінде жақсы ықпалын тигізеді.
Туризм саласы қазіргі таңда әлемдік экономикасы саласында маңызды рөлдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристтік компаниялардың берген мәліметері бойынша, туризм әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орнына халықаралық инвестициялардың 11% -дан астамын береді. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік компанияға 1993 жылы мүше болып қосылды.
Қазақстанда Республикасында инфрақұрылым салаларын, соның ішінде әсіресе туризм саласын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Еліміздің барлық аймақтарының экономикасына туризм белсенді ықпал етеді.
Экономианың басты салаларының дамуына туризм саласы келесі себептермен, яғни салықтық түсімдердің бюджетке түсуі, елімізде шетел валютасы айналымының жоғарылауы, осы сала бойынша жұмыс орындарының саны өсу есебінен өзінің өте үлкен үлесін қосып отыр.
Қазіргі туризм - бұл дүниежүжілік экономиканың құлдырауына алып келмейтін сала болып табылады. Қай елде болмасын туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді, үнемді болашақ.
Жалпы Қазақстанда экономика салассы сияқты шаруашылықты жүргізуге талдау жасау, сонымен катар ғылымның көптеген салаларыда көп өзгерістерге ұшырап отыр. Соның қорытындысында, кеінгі кездері шаруашылық – субъектінің қызметін талдауды екі түрге бөелді: компанияның қаржылық талдауы және басқарушылық талдау. Қаржылық талдаудың негізі болып компанияда жүргізілетін бухгалтерлік есептің басқарушылық және қаржылық бөлімері табылады.
Қаржылық талдаудың тағы бір мақсатына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржылық хал – ахуалын, жайын бағалау жатады. Қоғамда қаржылық талдау өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайтыны анық: алдын ала компанияда есептеу жұмыстарын жүргізбей, шаруашылықтың мүліктік жағдайын талдамай және оған әсерін тигізетін себептерді анықтамай, тапқан табыстар пен шыққан шығындарды ішінара салыстырып алмай, біреуінен екіншісінің артық болатынына көз жеткізіп алмай бұл істі ойдағыдай жүргізу ммкін емес екені анық. Компанияның қаржылық жағдайы дегеніміз компанияның қаржы каражаттарын қалыптастыру және қолдану әрекеттерін сипаттай алатын көрсеткіш жиынтығы болып табылады. Ал бұл дегеніміз нарықтық экономика саласында компания қызметінін соңғы нәтижелерін көрсететіні анық.
Қандай уақытта да болмасын бұл компания үшін өте маңызды болып саналады. Қазіргі қоғамның әкімшілікк жүйеден шығып, нарықтык қатынасқа ену кезеңінде оның маңыздылығы одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, нарықтық экономиканың өзінді ерекшеліктеріне жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті басқарушылық, іскерлік, ұқыптылық, қатал орындаушылық тәртіп, үнемділік жатады. Қаржылық талдау жүргізілгенде комппанияның қаржылық хал ахуалын бағалаудың маңызды екендігін көрсетеді, сонымен қатар бұл нарықтық экономиакаға көшу барысында бұл мәселе еліміздің ең басты мәселесі болыптабылатыны анық.
Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастар компаниялардың шаруашылықты жүргізуші ұйым ретінде құқықтық жағдайларын басым етіп, компаниялардың қаржылық және өндірістік мәселелерін өздігінше шешуге үлкен мүмкіндік беріп отырғанын атап айтсақ болады. Атап айтқатын болсақ сыртқы және ішкі нарықта мықты - білікті серіктесті таңдауға қолымыз жетіп отыр, үйткені болашақта бірлесіп жасайтын іс-әрекеттердің тиімділігі көбіне осыған байланысты болатындықтан бұл компания үшін үлкен жетістік. Компаниялар бұрынғыдай жоғарғы жақтан түскен жөн сілтеумен емес, контрагенттерді, яғни мердігер, жабдықтаушы, банк, сатып алушы, және т.б. қазіргі күні өзінің қалауымен таңдай алады.
Компанияның қаржылық жағдайын талдау оның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті түрде бағалау, ғылыми негізделу үшін оың қажеттілігк туындаған жағдайда болады. Компанияның қызметін тұрақты бақалау үшін, оның қаржылық тұрақтығын нығату және жақсарту, компанияның барлық іскерлік белсенділіктерін арттыруға бағытталатын басқару шешімдерін қабылдау үшін, компания басшысына нақты-дәл ұсыныстар бере алу үшін қаржылық талдауды ұқыпты және терең талдаған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз деп ойоаймын.
Қаржылық талдау мәселесі отандық қаржылық талдау әдебиеттерінде өте аз зерттелген, солай болғандықтан оның басқа да дамыған әдістері әзірше біздің еліміде ойдағыдай қолданыс таба алмай отырғаны анық. Ал бұл компания қызметінің экономикалық дамуына, компанияның қаржылық нәтижесіне, тіпті еліміздің экономикасының өсуіне өзінің кері әсерін береді [1,67б].
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты – нақты компанияның (Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы «Туризм ғылыми зерттеу институты ТҒЗИ» ЖШС) қаржылық жай - күйін талдап, оған қаржылық бағалау жүргізу және компанияның қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жобаның міндеттері қаржылық талдаудың міндеттерімен сәйкес келетінін анықтадым. Олар келесідей:
оқу орнында алған қаржы менеджменті туралы теориялық білімімді тәжірибе жүзінде қолдану;
өндірістік тәжірибе өту кезінде жинақтаған тәжірибемді іске асыру;
қаржылық талдау саласы бойынша статистикалық, сонымен қатар заңнамалық материалдарды жинақтау, талдау және өңдеу;
компанияның қаржылық жай - күйін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтерлік көрсеткіштерін қолдана отырып қаржылық жағдайға талдау жүргізу;
талданған ақпараттар нәтижесі бойынша кемшіліктерді анықтау, болашақта сол кемшіліктерді жоюдың тиімді жолддарын ұсыну және компанияның даму болашағына ұсынсытар жасау.
Жобамыздың талдау объектісі ретінде 2012 жылы Қазақ туризм және спорт Академиясы жанында негізі қаланған «Туризм ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізгі қызметі туризм саласы, және осы сала бойынша қызмет көрсету болып табылады.
Зерттеудің әдістері болып аталған компанияның қаржылық жай - күйін жалпы түрде бағалау болып табылады. Компанияның жүргізген есептері мен көрсеткіштерін тік және көлденең талдау түрлері арқылы талдау.
Бұл дипломдық жоба кіріспеден, жобаның сипаттамасынан, бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады: жоба сипаттамасында жалпы талдау жасайтын компания туралы мағлұматтар береміз. Үшінші бөлімінде компанияның қаржылық жағдайын бағалаудың мәні мен мазмұнымен таныстырып, компанияның қаржылық жағдайын бағалау кезінде қолдануға арналған көрсеткіштерді, сонымен қатар олардың ақпаратттық негізддеріне тоқтала кетеміз. Төртінші бөлімде қаржылық жағдайды сипаттайтын қаржылық талдаулар жүргіземіз, сонымен қатар қаржылық жағдайды бағалау әдістерін анықтаймыз. «Туризм ғылыми зерттеу институтының» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық хал-ахуалын аталған компанияның қаржылық хал-ахуалын талдау бойынша басты көрсеткіштерін толығымен ашып, аталған көрсеткіштер негізінде бағалаймыз.
Дипломдық жобаның кейбір бөлімдерін Дүйсенбина Мәдина және Елібай Бәтес өзара орындап, алынған материалдарды толықтыра отырып біріккен жоба жасадық.
Қазіргі таңдағы отандас қаржыгерлеріміздің еңбектері, сондай ақ белсенді шетелді әдебиетттеріндегі қаржылық бақылау бойынша басылған мақалалар дипломдық жобамызды орындау кезінде ғылыми зерттеу теориясы және әдістемелік негіз болып табылды.
Жоба барысында Қазақстан Республикасының заң актілері және Туризм ғылыми зерттеу институтының жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық есебі мен көрсеткіштері пайдаланылады.
2 ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеу объектісі – 2013 жылы негізі қаланған Қазақ спорт және туризм академиясының қабырғасында тұрғызылған Туризм ғылыми-зерттеу институты (ТҒЗИ) [2,1п]
Ғылыми - зерттеу институтының миссиясы – қазақстанда білім беру саласында туризм тақырыбы бойынша жоғары сапалы зерттеулер жүргізіп, сондай ақ халықаралық және ұлттық білім беруге, еліміздегі білім беру саласына және тәжірибесіне өз үлесін қосу. Сонымен қатар компания ішкі туризмммен айналысады, Алматы облысы бойынша «Демалыс күнгі серуен» турларын ұйымдастырып және өткізеді.
Ғылыми – зерттеу институты – ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін мекеме. Бастапқыда Олимпиядалық даңқ музейі негізінде тұрғызылған Ғылыми – зерттеу институты 1999 жылы Қазақ спорт және туризм академиясына берілген. Сол уақыттан бастап ғылыми – зерттеу институтын ашу мақсатында академия қабырғасында болды. 2012 жылдан бастап ТҒЗИ экскурсоводтарды даярлайды.[3,2п]
«Туризм ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) — жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген, салымдар тең мөлшерде салымшылардың (құрылтайшылардың) үлесіне бөлінген, бір адам құрған туризм саласында қызмет етуге бағытталған заңды тұлға. Қызмет ету мақсаты пайда табуды көздейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары жарғылық капиталдың мөлшерін белгілейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғарғы органы болвп компания қатысушыларының жалпы жиналысы табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарату бойынша шешім шығару қажет болса оны қатысушылар жалпы жиналыс өткізу арқылы шешім қабылдай алады.
Туризм ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып 2017 жылы тіркеліп өз қызметін жеке атқара бастады.
Туризм ғылыми – зерттеу институтында төрт сектор жұмыс істейді. Олар: Туризм ресурстарын зерттеу секторы, Методологиялық және әлеуметтік экономиалық зерттеу секторы, туризмнің спорттық және белсенді түрлері секторы, туристті кадрларды даярлау секторы. Институттың жеке өз ғимараты бар. Аталып өткен 4 бөлімннің қызметкерлерінен басқа басқа компанияда директор, директордың екі орынбасары, бухгалтер, жеке көлік жүргізушісі, директордың хатшысы, баспа бөлімінің қызметкерлері жұмыс істейді.
Туризм ғылыми-зерттеу институтының тікелей басқаруды Қазақ спорт және туризм академиясы президентінің бұйрығымен тағайындалған директор жүзеге асырады. Директор Туризм ғылыми-зерттеу институтының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, осы Ережеде көзделген Туризм ғылыми-зерттеу институтының қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Компания басшысы (директор) – компанияны басқаррып қана қоймай, оның басқа да тірлігіне қатысты маңызды жауапкершіліктерді атқарады, яғни компанияға келген туристтердің келу немесе кету құжаттарын рәсімдеу ғылыми зерттеу институныа қатысты барлық құжаттарға қол қою, барлық і-шараларға атсалысу, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Өз функциялары мен қызметін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Директордың хатшысы – кеңсе қызметкері қызметін атқарады, компания қызметі бойынша ұсыныстар жібереді, сондай ақ компанияның басқа да қызметкерлермен қарым – қатынаста болады. Ғылыми – зерттеу жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары барлық секторлар бойынша жұмысты ұйымдастырып және оларды бақылап отырады.
Осы мақсатта Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры:
- осы ережеде айқындалған өкілеттіктерге сәйкес әрекет етеді;
- өз құзыреті шегінде Туризм ғылыми-зерттеу институтының барлық қызметкерлері орындауға міндетті өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде өзге де функцияларды орындайды.
- Туризм ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Туризм ғылыми-зерттеу институты директорының ұсынысы бойынша Академия Президентін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Институттың Заңды мәртебесі - Жарғылық қор. Компанияның ережесі, жарғылық қоры құрылтай шешімі болып табылады. Жалпы компания ережесі мен штаттық кестесі бұйрықпен бекітіледі.
Туризм ғылыми-зерттеу институты «ҚазСТА» АҚ Жарғысына және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-ұйымдастыру және сараптамалық-консультативтік қызметті жүзеге асыратын «Қазақ спорт және туризм академиясы» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Туризм ғылыми-зерттеу институтының мүлкі мен қаржы қаражаты.
Жылжымайтын мүлік негізгі қорлардан және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Академияның балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Туризм ғылыми-зерттеу институтының жедел басқару құқығында және заңнамада белгіленген шекте мүлкі бар. Туризм ғылыми-зерттеу институтының мүлкі оған Академия берген мүлік, сондай-ақ мемлекеттік гранттар және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.
Туризм ғылыми-зерттеу институты өзіне бекітілген мүлікті өзінің шешімімен иеліктен шығарып тастаууға немесе оларға өзгеде тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.
Аталған компания ашық түрде жұмыс істейді. Компания Қазақстан Республикасы бойынша туризм саласының дамуына үлкен үлес қосып отырған компаниялардың бірі. Қазақстан Республикасының экономикасында неғұрлым басым бағыт ретінде туризм саласында талдау жұмыстарын жүргізеді, Қазақстанның туристік әлеуетін зерттейді, ҚР туризмді дамыту үшін неғұрлым басым өңірлерін айқындау міндеттерін орындап отыр. «ТҒЗИ» ЖШС тек турларды ғана ұйымдастырмай, осы салада жұмыс істейтін мамандарды даярлауға үлкен үлесін қосып отыр.
3 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Компанияның қаржылық қызметін талдаудың мәні, мазмұны
Жеке меншікке негізделген «Туризм ғылыми-зерттеу институты (ТҒЗИ)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Компанияның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – туризм саласын зерттеу, зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында туризмді дамыту бойынша тиімді ұсыныстар жасау, туризм саласы бойынша Алматы қаласы және облысы бойынша турлар ұйымдастыру, қалалық іс – шаралар өткізуде қызмет көрсету. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында туризм саласы бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату, туризм саласы мамандарын даярлау. «ТҒЗИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі таңда өзінің дербес шоты бар, жеке балансы бар, сонымен қатар жарғылық қоры бар заңды тұлға.
Компания қызметінің басты мақсаты — туризм саласында жоғары дейгейде және сапалы қызмет көрсету, жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, осы істе мүмкіндігінше аз шығын кетіріп, көьірек табыс табу. Тағы бір қызметі туризм саласы бойынша компанияларының қажеттіліктерін қанағаттандыру, яғни осы салаға арнап мамандар даярлау және мамандардың білітілігін арттыру.
Соңғы жылдары туризмнің кез келген түрі әлем елдерінің белсенді саласы болып табылатыны анық. Қазірде нарықтық экономикамен туризм ісін ұйымдастыру тығыз байланыста, өйткені қазіргі таңда туристтік индустрия ең көп, жоғары деңгейде пайда әкелетін салалардыың бірі екені айқын. Соңғы онжылдықта туризм саласынан келген табыс әр жыл сайын 7,9 % - ға өсіп отырғандығын, ал туризм бойынша табыс санының орташа өсу қарқыны 4,5 % - ға артып отырғаны туралы бүкіләлемдік туристік ұйым мәлімет беріп отыр. Бұл салада атаулы елдердің табысының өсуі жү пайызға дейін жетіп отыр. БТҰ (ВТО) – ның болашаққа берген болжамы бойынша туризм саласының даму көрсеткіші үнемі өсіп келеді. [4,78б]
Біріншіден алатын болсақ, туризм қызметі маусымдық сипатта болғандықтан, маусым ауысуына байланысты «қысқы демалыстары серуені», «демалыс күндері турларын» ұсыну, сол сияқты т.б. басқа туризм қызметтерін ұсынып, әр тур бойынша жекеленген бағдарламалар құрғаны жөн.
Екіншіден, туристтік сапар – бұл халықтың басты қажеттілігі болмағандықтан және адамдардың табыс табу деңгейіне тікелеі байланысты екені анық. Осыны ескере отыра әрбір ұсынылатын турды құрған кезде оны жеке дара ету қажет, және турлардың бағасы қарапайым халыққа қолжетімді болғаны жөн.
Үшіншіден айтатын болсақ, біздің елімізде сыртқы туризм ішкі туризмге қарағанда басым екендігі анық және ол еліміздің бюджетіне әсерінберіп ықпал етіп отыр, сондықтан ыңғайлы және қолжетімді турлар құрылып, мемлекетімізге сырттан туристтерді тарту бойынша іс – шаралар ұйымдастырылып, ол мақсатты түрде жүзеге асырылып отыруы қажет.
Осылардың бәрін ескере келе туристік компанияның қазіргі таңда ісінің алға басатындығы тек өзіне байланысты екендігі нақ. Нарықтық экономика жағдайындағы туристтік компаниялар мен олардың бірлестіктері жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың негізгісі болып экономикалық және басқа қызметтедің үзілуі, шығындарын өз кірістерімен өтеу және белгілі бір рентабельдік пен экономикалық табыстылықты қамтамасыз етеді. Туристтік компаниялардың негзігі міндеті болып – еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметті – экономикалық мүдделерін және компанияның мүлкі иесінің мүдделерін қанағаттандыру үшін пайда табуға бағытталған.
Жауапкершідігі шектеулі серіктестің қаржы жағдайын талдау нарықтық қатынас жағдайында өте маңызды. Бұл дегеніміз компанияның өзіндік тәуелсіздігіне, сондай ақ компаниялардың меншік иелеріне, жұмысшылары мен серіктестері мен басқа да контрагенттердің алдында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кәсіпкерлік қызметінің беретін нәтижесі үшін толық жауапкершілігімен байланысты екені анық.[5,24б]
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзін өзі қаржыландыра алу қабілеттілігі ЖШС қаржылық жағдайын көрсетеді. Ол дегеніміз компанияның нық қызмет ете алуына қажетті қаржы ресуртардың қамсызданыра алуымен, сондай ақ оны тиімді пайдаланып, басқа да жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастарын, төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы бойынша сипатталады. Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржылық әртүрлі жағдайда болуы мүмкін, яғни тұрақты, тұрақсыз, сондай ақ дағдарыс жағдайында. Компанияның төлемдерді өз уақытында төлеп, қызметін өзі қаржыландыруы компанияның қаржылық жағдайының жақсы дәлелі екені анық. Компания қызметін жүргізуде бас қаржылық және өндірістік жоспарлар уақытында орындалса, онда компанияның қаржылық жағдайына оң әсерін береді және орындалмаған жағдайда, яғни өнімді өндіру немесе өнімді өтізу жоспарлары орындалмай қалу нәтижесінде өнімнің құны артып, компанияға келетін пайда мен түсім көлемі азаяды. Осындай жағдайлар орын алғандықтан ЖШС қаржылық жағдайы нашарлап, ЖШС төлем қабілетттігі төмендеп кетеді.
Қаржылық қызмет шаруашылық қызметтердің басты бөлігі негізінде ақша ресурстарының шығуы мен түсуін қамтамасыз ететін, оларды есептеу жұмыстарының тәртібін дұрыс атқаратын, меншік және тартыдған құжаттартдың теңдей бөлігін анықтауға, соынмен қатар оларды тиімді пайдалауны жолдарын анығтауға бағыттылған бөлім.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы ресурстарын жасау, құрау, тарату және оны дұрыс пайдалану ЖШС қаржы жағдайын сипаттайды. Қалыпты жағдайда өндірістік, пайда табу және басқа да қызметтер түрлері үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуі және алға қойылған компания мақсатына сай, пайдалы, тиімді тарата білу және пайдадалну, сонымен қатар басқа да субъектілермен дұрыс қаржылық қатынаста болуы, төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығымен компанияның қаржы жағдайы сипатталады. ЖШСтөлемді уақытында жасай алу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жоғары деңгейінде екендігін көрсетеді.
Жауапершілігі шектеулі серітестіктің белгілі бір кезең бойынша қаржылық тқұрақтылығы, сондай ақ ЖШС өз шаруашылығын үздіксіз жүргізе алуы мен ЖШС берешек міндеттемелерін уақытында өтей алуы үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін қаржылық жағдайы көрсетеді. [6]
Туристік компаниядар қызметінің көлемдік көрсеткіштерін талдаудың мақсаты туристік компаниядардың клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту кезінде кірістердің, пайданың өсуі, табыстылықты арттыру резервтерін анықтау, зерттеу және жұмылдыру болып табылады. Талдау процесінде олар кірістер, шығыстар, кірістер жоспарларының орындалу дәрежесін тексереді, олардың динамикасын зерттейді, факторлардың туристік компаниядардың коммерциялық қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтайды, олардың өсу резервтерін анықтайды және жұмылдырады, әсіресе болжамды. Талдаудың негізгі міндеттерінің бірі сонымен қатар пайданы бөлудің және пайдаланудың экономикалық орындылығы мен тиімділігін зерттеу болып табылатыны анық.[5]
Осы мақсаттарға жету үшін нарықтық экономика жағдайындағы туристтік компаниядар келесі мәселелерді шешуі керек:
кірісті ұлғайту қаншалықты қамтамасыз етілгенін бағалау;
тиімсіз жұмыс жағдайында осындай басқарудың себептерін анықтау және осы жағдайдан шығу жолдарын анықтау;
кірістерді шығындармен салыстыру негізінде қарастыру және сатудан түскен пайданы анықтау;
туристік өнімнің негізгі топтары үшін және жалпы туристік компаниядардың қызметінен түсетін кірістердің өзгеру тенденцияларын зерттеу;
активтерді және активтерді қалыптастырудың көздерінің арасында болатын сәйкестікті, активтерді тарату тиімділіктерін зерттеу;
компания активтерімен және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
есептік кезеңдегі және динамикадағы рентабельділіктің әртүрлі көрсеткіштеріне зерттеу жүргізу;
шығыстарды, салықтарды және пайда алу үшін кірістің қай бөлігі пайдаланылатындығын анықтау;
сатудан түскен пайда сомасымен салыстырғанда бөлінбеген пайда сомасының ауытқуын есептеу және осы ауытқу себептерін анықтау;
түсетін пайданы ұлғайту және рентабельділікті арттыру үшін резервтерді анықтап, оларды қанаш және қалай пайдалануға болатындығын анықтау;
түскен пайданы пайдалану бағыттарын зерттеу және экономикалық қызметті дамыту үшін меншікті қаражаттан қаржыландыру қарастырылған ба, жоқ па, соны бағалау;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің табыстарын бағалау.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шаруашылық қызметін талдау кезеңдерінің қорытындысы болып ЖШС қаржылық жағдайды талдау болып табылады. Қаржылық талдау жабдықтау және өткізу деген екі сатыны құрайды. Жабдықтау және өткізудің жиынтығы ЖШС - тің қаржылық және пайда табу қызметтерін құрайды.[7,39б]
Қорыта келе айтарымыз, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нақты бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығы мен ЖШС өз шаруашылығын жақсы жүргізуі, ұйым берешек міндеттерін уақытымен төлеуін қаржылық ресурстарымен қамтамысыз етілуі ЖШС қаржы жағдайының деңгейін көрсетеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзін өзі қаржымен қамтамасыз ете алуы деңгейі оның қаржылық жағдайын көрсетеді. Бұл дегеніміз компанияға қажетті барлық қаржы көздерімен қамтылуы, қаржы көздерінің дұрыс бөлінуі, қаржы көздерінің тиімді пайдаланылуы, басқа да өзімен қызметтес жеке жәәне заңды тұлғалармен қаржылық қатынастарымен, ұйымның төлемдік қабілеттігімен және үйым қаржысының тұрақтылығы, ұцымның нақты жағдайда тұрақты жұмыс істеп тұруы арқылы түсіндіріледі.
Шаруашылықтың өміріне, жұмыс істеу процестерінде қолданылатын шаурашылық қорларын компанияның активтері деп айтамыз. Мұның бәрі, шаруашылықтың жұмыс істеп тұруы нәтижесінде бақылауда ұсталатын болашақта ие болатын экономикалық тиімділік ретінде нарықтық экономика саласын бойынша әлемдік теориясы мен тәжірибесінде анықталады. Қызметті жүзеге асыру үшін, құныдылқтарды тұлғаллау мен айырбастау кезінде қолдануға болатын экономикалық ресурстарды активтер деп атаймыз.
Барлық активтер ағымдағы және айналымнан тыс болып бөлінеді. Айналымнан тыс активтерге материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар кіреді. Айналым капиталы төмен құны бар және тозған заттар, шығындар, дайын өнім, тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер, дебиторлық берешектер, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, ақша қаражаттары сияқты инвестицияларды қамтиды. осылайша, ағымдағы активтер қалыпты өндірістік цикл ішінде ағатын немесе жыл ішінде ақша қаражатына кері айналатын активтерді қамтиды.
Нақты құн құралдарды, оның ішінде шикі зат өнімдерін, көмекші жіне басты матреиалдарды, сонлай ақ компаниялардың қызмет етуіне маңызы бар ұқсас материалды ресурстарды бағалау арқылы жұргізіледі. Компанияның қосымша резервтерінен тұратын материалдық ресурстардың нақты құны өндірістің немесе сатып алудың (кредит, комиссия, кеден баждары) құнымен айқындалады.
Жарғылық капитал салымына төлем ретінде салынған материал – құрылтайшылардың салым құжатында тіркеліп, өндірістік құралдардың нақты салымшылармен келісіліп, ақша қаражатымен анықталады. Мұндай жағдайда құнның баланстық құн түрі немесе басқа құн түрлерін қолданып анықтауға болады.
3.2 Компанияның шаруашылық қызметінің көрсеткіштері мен ақпараттық негіздері
Қаржылық есеп беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы жағдайын талдауы үшін ақпараттық негіз болып табыла алады.[8,40б]
1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 ақпанындағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, төмендегі тізімдегі ақпараттар жатады:[9,6п]
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Қаржылық есеп беруде сонымен қатар қаржылық есеп теруге бағытталған материалдармен толықтырылады және түсіндірме хатта болады, бұлардың барлығы біртұтас материал болып есептелінеді. Ал қалған ақпараттар қосымша ақпараттар ретінде қарастырыралады, және атап өтетін болсақ, олар: құндық ерекшеліктер, қызметтер түрлері бойынша ақпараттар, географиялық сегменнтер, баға өзгертері ықпалы туралы мәліметтер және т.б. жатады.
Біздің елімізде бухгалтерлік есеп беру стандарттарында анықталған қаржылық есептің жеңілдетілген түрін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қолдануға рұқсат етілген. Бірақ бұл келесідей үш шарттың соңғы үш қаржылық жылы үшін кез келген екеуінің орындалған кезінде ғана маңызды болып табылады:
1) зейнетақыны есептеу, жәрдем ақшаны есептеу және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген жылдық табыс 10 000 есе есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда;
2) компаниядағы қызметкерлердің ораташа есеппен алғандағы саны қаржылық жыл бойына 50-адамнан аспаған жағдайда;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің активтерінің жалпы бағасы 60 мың еселік есептік көрсеткіштен аспаган жагдайды.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті соңғы уақытта халықаралық тәжірибеге сүйене отырып іске асыру әрекеті белсенді жүргізіліп келе жатқандығынан, соңғы кезде отанымызда қолданылып жүрген қаржылық есеп шамасы бойынша халықаралық есеп беру стандарттарына сай елетеіндігін айта кеткім келеді.
Шаруашылық серіктестіктің қаржылық есебі шаруашылық қызметінің негізінен өзара жүйеленген тығыс байланыста және басқару сұрақтарына байланысты шешім қабылдауда қажеттілік туындайтын аналитаикалық есептер үшін қазіргі таңда ақпараттық қоры болып табылады. Талдау барысында негізінен бухгалтерлік баланс көрсеткіштері ақпарат көзі болып табылатындығын айта кеткен жөн.[10,78б]
Компанияның есеп бретін жылдың басы мен жылдың соңында осы ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын құрал ол – баланс болып табылады. Баланс компанияның қызметінде өте маңызды рөлге ие. Баланс арқылы біз меншік иелерінің шаруашылығында қанша мүлік бар, және олардың жағдайы туралы мәліметтер ала аламыз. Осы мәліметтердің негізінде ЖШС қандай мүліктердің бар екендігі туралы, материалдық құрал-жабдықтарының сандық, сапалық қоры қандай екенлігі туралы, ЖШС үшінші жақтың алдында өзінің міндеттемесін қаншалықты атқара алатындығын анықтай аламыз.
Сонымен қатар, екінші жағынан компания басшысы басқа осы салада қызмет ететін компаниялардың жүйесінде өзінің алатын орны туралы, компанияның ұстанып отырған стратегиялық бағыттың нақты және айқын екендігін, қандай ресурстарды пайдалануын және олардың тиімділігінің салыстырмалы сипатын ала алады, және тағы да басқа осы типтес сұрақтарды кезінде шешім қабылдауға түсініктемелер алады. Үшінші жағынан, мұндай құжаттар компанияның тек қана ішкі қолданушыларына ғана емес, соынемн қатар сыртқы қолданушыларға да баланс мазмұны мүміндік береді. Мысалы айтатын болсақ, жұмыс әрекетінде дұрыс шешім қабылдау кезінде, өзінің жұмысын жопарлағанда, клиенттің сыртқы есеп беру кезінде есеп беру жүйесінде орын алатын әдейі және әдейі емес жасалған қателіктер аймағында әлсіз жақтарын көрсету кезінде компания аудиторлары өте үлкен көмек алады, ал талдау жүргізіп отырғандар қаржылық талдаудың бағыт бағдарын анықтайды.
Қаржылық есептің негізгі түрі болып табылатын бухгалтерлік баланс есеп беру кезеңінде ЖШС мүлкі мен оның құрамын, құрылымын, айналыстағы активтрінің айналым мен өтімділігін, меншікті капиталдың қаншалықты екендігін, дебиторлық және кредиторлық борыштардың динамикасын, динамика жағдайын, компанияның несие қабілеттілігін, төлем қабілетін анықтауға мүмкіншілік беретін құжат болып табылады. Баланс көрсеткіштері ЖШС тиесілі капиталды тиімді орналастыру, капиталдың ағымдағы, алдағы кезеңдерде компания қызметіне жетуін, сонымен қатар берешек көздерінің көлемі мен құрылымын бағалауға, істеліп отырған істердің тиімділігін көрсетуге, капиталды ынталандыру тиісділігін басқаруға жақсы мүмкіншілік береді. Қорыта келе айтатанымыз, бухгалтерлік баланс ЖШС қаржылық жағдайын талдау барысында таптырмас ақапарат құралы екенін айтқымыз келеді.
Елімізде 1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс актив және пассив деп аталатын екі бөліктен тұрды және кесте түрінде құрылып келген болатын. Компания балансының есеп беру кезеңінде бақылап және таратып отыруға мүмкіншілік беретін және қарыздық құқық құны ретінде актив көрсетілітен. Ал компанияның заемдар мен кредиторлық берешектері бойынша міндеттемелері болып пассивтер табылған.
Бухгалтерлік баланс бухгалтерлік стандарттардың іске қосылуынан бастап жаңаша анықталды және оның бөліктері мен элементтері де жаңаша сипатталды.
Олардың түсіндірмесі жетекші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отрып нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы сипатталған.
Актив команияның қандай мүлкі бар және ол не алуға тиіс екендігін көрсететін құрал, ал пассивтер – берешек қарызы немесе борышы туралы ақпарат беретін құрал болып табылады. Дұрыс қызмет етеін компанияда актив құны мен пассив құны әруақытта тең болуы қажет [11,25б].
Туристік ұйымдар мен олардың қауымдастықтарының нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуінің негізгі талаптарының бірі шаруашылық және басқа да қызметтің шығынсыздығы, шығындарды өз кірістерімен өтеу және белгілі бір мөлшерде шаруашылық жүргізудің пайдалылығын, рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Туристік ұйымдардың басты міндеті-еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және компания мүлкінің меншіік иесінің мүдделерін қанағаттандыру үшін пайда алуға бағытталған шаруашылық қызмет. Туристік ұйымдардың коммерциялық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жалпы табыс, өзге де кірістер, айналым шығындары, пайда және рентабельділік болып табылады.[8,65б]
Туристік ұйымдар қызметінің көлемдік көрсеткіштерін талдаудың мақсаты-табыс, пайда өсімінің резервтерін анықтау, зерделеу және жұмылдыру, туристік ұйымдардың клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жақсарту кезінде рентабельділікті арттыру. Талдау процесінде кірістер, шығындар, пайда, рентабельділік бойынша жоспарлардың орындалу дәрежесін тексереді, олардың динамикасын зерделейді, факторлардың туристік ұйымдардың коммерциялық қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтайды және өлшейді, олардың өсу резервтерін, әсіресе болжамды. Талдаудың негізгі міндеттерінің бірі пайданы бөлу мен пайдаланудың экономикалық мақсаттылығы мен тиімділігін зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін туристік ұйымдар осындай міндеттерді шешуі тиіс:
пайданы барынша көбейту қандай дәрежеде қамтамасыз етілгендігін бағалайды;
шығынды жұмыс жағдайында мұндай шаруашылық жүргізудің себептерін анықтайды және қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын анықтайды;
кірістерді оларды шығыстармен салыстыру негізінде қарайды және сатудан түскен пайданы анықтайды;
туристік өнімнің негізгі топтары бойынша және жалпы туристік ұйымның қызметінен түскен табыстың өзгеру үрдісін зерделейді;
табыстың қандай бөлігі шығындарды, салықтарды өтеуге және пайданы құруға пайдаланылатынын анықтайды;
баланстық пайда мөлшерінің ауытқуын сатудан пайда көлемімен салыстырғанда есептейді және осы ауытқулардың себептерін анықтайды;
есепті кезеңдегі және динамикадағы рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштерін зерттейді;
пайданы ұлғайту және рентабельділікті арттыру резервтерін анықтайды және осы резервтерді қалай және қашан пайдалануға болатынын анықтайды;
пайданы пайдалану бағыттарын зерделейді және шаруашылық қызметті дамытудың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілгендігін бағалайды.
Тәжірибе кезінде сыртқы және ішкі талдау қолданылады.
Сыртқы талдау дегеніміз жарияланатын есептік деректерге негізделеді және туристік компаниялардың қызметі туралы ақпараттың шектеулі бөлігін қамтиды. Сыртқы талдаудың мақсаты туристтік ұйым жұмысының рентабельділігін, капиталды пайдаланудың тиімділігін бағалау болып табылады. Бұл бағалаудың қорытындылары туристік ұйымның құрылтайшылармен, кредиторлармен, салық органдарымен өзара қарым-қатынастарында ескеріледі және осы компанияның нарықтағы, саладағы және іскерлік әлемдегі жағдайын анықтаудың негізі болып табылады. Әрине, жарияланатын ақпарат компания қызметінің барлық салаларын қозғамайды, негізінен олардың туристік ұйымдардың қаржылық қызметі туралы ірілендірілген деректерді қамтиды және осыған байланысты туристік ұйымдардың қызметінде орын алған жағымсыз құбылыстарды тегістеуге және жоя алуға қабілеті бар.
Туристтік ұйымдар қызметінің нәтижелерін бағалау және пайданы ұлғайту және рентабельділікті арттыру жөніндегі шараларды айқындау ісінде ішкі талдау аса маңызды. Ішкі талдау экономикалық ақпараттың барлық кешенін, бастапқы құжаттар мен статистикалық, аналитикалық, бухгалтерлік есеп пен есептілік деректерін пайдалануға негізделген. Талдаушы қызметкердің компаниядағы іс жағдайын нақты бағалауға мүмкіндігі бар. Ол бастапқы деректерден компанияның баға саясаты және оның кірістері туралы, сатудан түскен пайданы қалыптастыру туралы шығындардың құрылымы және басқа да шығыстар туралы шынайы мәліметтерді ала алады, туристік қызмет нарықтарындағы компанияның жағдайына, т. б. жалпы (баланстық) пайдасы туралы баға бере алады.
Туристтік ұйымдардың коммерциялық қызметінің түпкілікті нәтижелерін зерделеудің кешенді тәсілі ағымдағы қызмет барысы бойынша негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді, перспективада іс-қимылдың үздік нүсқаларын тандауға ықпал етеді.
Өндірістің тиімділігі мен компанияның қаржылық жағдайын талдау үшін әртүрлі әдістер мен көрсеткіштер қолданылады. Ең алдымен, бұл ресурстарды пайдалану тиімділігін, олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, және рентабельділік көрсеткіштері.
Рентабельділік - кез келген ұйымның шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын жалпылама көрсеткіштердің бірі.[9,28б]
Рентабельділік көрсеткіштері жалпы компания жұмысының тиімділігін, қызметтің әртүрлі бағыттарының (кәсіпкерлік, инвестициялық) кірістілігін, шығындардың өтелімділігін және т.б. сипаттайды. Оларды компанияның қызметін бағалау үшін және иннвестициялық саясат пен баға құрудағы құрал ретінде пайдаланады.
Рентабельділік көрсеткіштерін бірнеше топқа біріктіруге болады:
1) шығындар мен салымдық жобалардың өтемділігін сипаттайтын көрсеткіштерді айтамыз;
2) сату пайдалылығын сипаттайтын көрсеткіштерді айтамыз;
3) капитал мен каптиал бөліктерінің кіріс әкелуін сипаттайтын көрсеткіштерді айтамыз.
Барлық көрсеткіштер жалпы пайда, сатудан түскен пайда және таза пайда маңызында есептелуі мүмкін.
Осылайша, математикалық әдістерді кеңінен қолдану экономикалық талдауды жетілдірудің маңызды саласы болып табылады, кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін талдаудың тиімділігін арттырады. Бұған есептеулерді дәл есептеу, дәстүрлі әдістерді қолдану іс жүзінде мүмкін емес көп өлшемді талдаудың жаңа міндеттерін қою және шешу арқылы қол жеткізіледі.
3.3 Компанияның қаржылық жағдайын талдау әдістері
Компанияның қаржылық жағдайы ол осы компанияның жүргізіп отырған ісін өздігінше қаржыландыра алу мүмкіншілігі.
Қаржылық жағдай – компанияның іс әрекетінің дұрыстығын, іс әрекеттерін қаржымен қамтаамсыз етуімен, қаржыны тиімді қолдануымен, оларды дұрыс бөлу мақсатымен, басқа да заңды және жеке тұлғалармн қаржылық қатынастарымен, төлем жасай алу қабулеттілігімен, қаржысының тұрақтылығымен сипатталатын ұғым.
Қандай болса компанияда оның жағдайы тұрақты деңгейде, тұрақсыз деңгейде, тіпті кейде дағдарысты деңгейде болуы мімкін жағдай. Компания жүргізіп отырған ісін өз қорынан қаржыландыра алуы, басқа үшінші жақ алдындағы берешектерін, төлемдерін уақытында төлей алу мүмкіншілігі осы компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді. Компанияның өндірістік, қаржылық және коммерциялық іскерлілігінің нәтижесі компанияның қаржылық жағдайын көрсетеді. Егер компания өзінің қаржылық және өндірістік жоспарларын уақытылы орындап жатса бұл қаржылық жағдайда өзіндік оң ықпалын тигізеді. Ал егер, алға қойған мақсаттары іске аспай, өнімді өндіру, өндірілген өнімді сату туралы жоспарлары уақытында орындалмай қалса, бұл алдымн тауардың өзіндік құнының өсуіне, сату нәтижесінде келетін пайданың түсімі мен қордағы қаражаттың азаюына, яғни осының бәрінің ықпал етуінен компанияның төлем қабілеттілігінің нашарлауына әкеліп соқтырады.
Кез келген кәспорында қаржының жағдайының тұрақты болуы өндірістік жоспардың уақытында орындалуына және оны қажетті ресурс көздерімен қамсыздандыруға әсер ететіндігі белгілі. Сондықтан шаруашылық іскерлітің негізгі бөлігі ретінде табыс көзінен келіп түсетін пайданың, қаражаттың уақытымен жоспар бойынша түсіп тұруы қаржылық жағдайды дұрыс бағыттауға байланысты. Сонымен қатар, компанияда есептік тәртіп мұқият орындалуы, қаражаттың теңдей арақатынастары мен қаражаттың тиімді қолдануына бағытталған.
Нарықтық қатынастың дұрыс қалыптасуы, аталған компанияның шаруашылық қызметін кешенді түрде талдау, оны дұрыс мағынасында ішкі және сыртқы, басқару талдауы деп түсінген жөн. Жалпы талдау түрлерінің қай түрі болмасын өзіндік жеке ақпараттық көздері бар.
Бүкіләлемдік тәжірибе нәтижелері көрсетіп отырғандай есеп беру түрлерін екіге бөледі. Банктерді, сақтаныдру ұйымдарын, аккционерлерді, сондай ақ кәспіорындары мен үкіменттік орандар аталған компанияның ісімен, оның қаржылық жағдаймыен, сонымен қоса есеп беру кезеңіндегі қызметінің қорытындыларымен танысу үшін осы салаға сай басылымдарда, газеттерде, журналдарда, компанияның сайтында арнайы басылып шығатын қаржылық есеп түрі. Есеп беру кезінде көбінесе компания қызметін белігілі бір динамикада көрсетуге, оның даму бағыты мен болашақтағы жағдайын болжап біліге мүмкіншілік беретін бірнеше жылдың мәліметтерін қоса жариялайды. Ал екінші тұріне тоқтаатын болсақ, бұл компания өндіретін өнімдердің түрлері бойынша өзінді құн нормативтері турал, сапасы туралы, тауардың жоспардан тыс шығарылу туралы, өндірілген өнімнің сатылмай қалуы туралы мәліметтерден тұратын қатаң түрде құпия сақталатын, үшінші тұлғалар үшін жабық болып саналатын басқару талдауы болып табылдаы. Компанияның жеке бөлімдеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін аныктау, осы бөлімнің барлық шығындарын анытуаға мүміншілік береді, бөлім қызметкерлерінің жұмыстарын қатаң бақылауға және олардың жалақысын төлекуде әділетсіздікті жоюға мүмкіншілік береді. Басқару есептер негізіндежүргізілетін талдау ішкі талдау деп, ал қаржылық есеп негізінде жүргізеілетін талдау сыртқы талдау деп аталдаы. Қазіргі таңда ез келген компанияның қаржылық жағдайын талдау жаңашылықтарды қажет етеді.[12,53б]
Кейінгі кездері елімізде қаржылық талдау жүргізу мен өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мерзімді басылымдарда, жеке баспасөз құралдарында жарық көріп жүр. Бұл жұмыстардың авторлары қаржылық жағдайды талдау бойынша және компанияның басқа да көрсеткіштерін талдау бойынша түрлі әдістерін жасап әдісьеме негізінде ұсынып жүр. Бұл әдістемелер көбіне біздің тәжірибемізде қолданымлмаған жаңа көрсеткіштер жүйесін талдауды ұсынып және оны қолдануға аса үлкен мән беріп жүр.
Бұл кезге дейін қолданылып келген талдау жасау әдістемелерінде баланстық бөлімдері мен оның тобының жиынын баланстың мөлшерлікк көлемдермен салыстыру, түрлі баптардың мәндерін, мөлшерден ауытқып тұр ма жоқ па екенін анықтау үшін зерттеу, ауытқулар бар болған жағдайда олардың компанияның қаржылық жағдайына қалай әсер етуін зерттеу бойыша шешуші рөл атқарады. Жоспарлық көрсеткіштер мен белігілі бір нормативтердің жоқтығы жаңадан қолданылып жүрген қаржылық есептің басты ерекшелітерінің бірі болып табылады.
Қаржылық талдау компаниянын қаржылық механизмін, оның жедел және инвестициялық қызметі үшін қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану процесстерін тану әдісі болып табылады. Компанияның қаржылық әл - ауқатын, оның мүлкінің жай-күйін-баланс активтері мен пассивтерін, барлық капиталдың және оның жекелеген бөліктерінің айналым жылдамдығын, пайдаланылатын қаражаттың кірістілігін бағалау қаржылық талдаудың нәтижесі болып табылады. Кез келген коммерциялық ұйымның қаржылық қызметі тұрғысынан екі негізгі міндеттерді шешу қажеттілігі тән: [13,57б]
1) ағымдағы қаржылық міндеттемелер бойынша жауап беру қабілеттілігін қолдау;
2) капиталдың қалыптасқан немесе қалаған құрылымын ауыртпалықсыз ұстап тұру қабілеті мен қажетті көлемде ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Бұл міндеттер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективалар тұрғысынан компанияның қаржылық жай-күйін сипаттау тұрғысынан қалыптастырылады.
Талдау әдістемесінің осы бөлімінде негіз қалаушы басты ұғымдар «өтімділік» және «төлем қабілеттілігі» болып табылады. Компанияның өтімділік деңгейі арнайы көрсеткіштер – айналым қаражатын және қысқа мерзімді пассивтерді салыстыруға негізделген өтімділік коэффициенттерінің көмегімен бағаланады. Ал төлем қабілеттілігі - дереу өтеуді талап ететін кредиторлық берешек бойынша есеп айырысу үшін жеткілікті каражат пен олардың баламаларының болуын білдіреді. Осылайша, төлем қабілеттілігінің негізгі белгілері мыналар болып табылады: есеп шотында жеткілікті көлемде қаражаттың болуы; мерзімі өткен кредиторлық берешектің болмауы.[14,62б]
Баланс өтімділігін талдау дегеніміз компанияның өтімділігін талдау дегенді білдіреді. Мерзімі өсу тәртібі бойынша және өтімділік дәрежелері бойынша топтастырылған біріктірілген пассивтер бойынша міндеттемелерді кему тәртібі бойынша біріткірілген активтер бойынша қаражататарды өзара салыстыру болады.
Нормативтерді пайдалану компанияның каржылық қызметінде қолдануы өзінің еркінде. Солай болғандықтан компанидағы нормативтер жайлы кез келген ақпарат коммерциялық құпия болып саналады. Компанияның ішкі талдауларының айнымас бір құрамдас бөлігі ретінде жоспарланған нормативтерді талдау жатады. Ал сыртқы талдау бухгалтерлік есеп беруге бағытталған қаржылык жагдайды талдау болып табылады. Меншік иесі, болмаса мемлекеттік органдарының аталған компанияның ішінде жүргізілетін талдау болып осы компания қызметі туралы ақпараттардан құралған есебі негізінде жасалған талдауды айтамыз. Кез келген компания үшін өзіндік ішкі талдау жүргізудің әдістемесі олардың алда жолығатын әріптестерін бағалау үшін емсе, сондай ақ сыртқы қолданушылардың көзқарасынан қарағандағы өзін – өзі бағалау үшінде қажет болғандықтанда қаржылық есепті жүргізген тиімді.
Қай компанияда болмасын қаржылық талдау жүргізу әртүрлі мақсатпен өткізілетіні түсінікті. Сондықтан қаржылық талдауды жүргізу не үшін өткізетін мақсатына байланысты төмендегі келтірілген түрлерге бөлуге болады:
Қаржылық талдауды өткізу түрі бойынша ішкі талдау және сыртқы талдау деп бөлуге болады;
Қаржылық талдауды сондай-ақ аналитикалық зерттеудін көлеміне сай толық тематикалық талдау және қаржылық талдау етіп бөледі;
Талдаудың тағы екі түрі фундаменталды және экспресс талдау болып табылады, бұл талдауды аналитикалық зерттеу тереңдігі бойынша жүргізуді айтамыз;
Қаржылық талдаудын объектісі келесідей төменде келтірілген түрлерге классификацияланады:
Өткізу уақытына байланысты.
Қаржылық талдау бйынша жинақталған тәжірибе нәтижесінде қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптасады. Олардың ішінен негізгі 6 әдісті бөліп қарастырайық:
Салыстырмалы немесе кеңістікті талдау;
трендтік талдау;
көлденең талдау;
тікелей немесе құрылымдық талдау;
факторлық талдау;
қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең талдау – бұл өткен жылдардағы есептердің өзара салыстыру арқылы өткізіледі. Көледенең талдау алдыңғы өткен жылдар есебімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің басқа да әртүрлі баптарының салыстырмалы ауытқуын анықтайтын құрал.
Есепті жүргізу кезіндегі алынған көрсеткіштер динамикасын алдыңғы жылдағы көрсеткішпен салыстыра отырып зерттеу, нақты айтқанда осы айдағы есеп көрсеткішімен өткен айдың көрсетішін салыстыру, ағымдағы жылдың көрсеткішімен алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен салыстыру.
Есепті жүргізу кезіндегі көрсеткіштер динамикасын осы динамикаға ұқсас алдыңғы жылдардың көрсеткіштерімен салыстыра отырып зерттеу.
Нақты айтқанда есепті берілген кезеңнің екінші кварталы бойынша өткен жылдың екінші кварталы бойынша салыстыру.
Бірнеше жылдың нәтижесінде алынған көрсеткіштер динамикасын талдау. Мұндай талдаудың мақсаты: алынған көрсеткіштердің өзгеру тенденцяларын талдау және ұымның қаржылық қызметін сипаттауды беретін талдау болып табылады.
Тікелей талдау, болмаса құрылымдық талдау дегеніміз – әр берілген есеп көзқарасының жалпы алынатын нәтижеге әсерін анықтайды.
Қорытынды қаржылық көрсеткіштің құрылымдарын анықтау. Мұндай талдау түрі баланс, соынмен қатар баланстың бөлімдері бойынша соңғы көрсеткіштердегі жеке статьялардың үлесін анықтауға мүмкіншілік береді.
Оның келесідей түрлері бар:
Активтердің құрылымын талдау кезінде айналым және ұзақ мерзімді активтердің, айналым қаражаттарының элементтерінің және т.б. үлесі көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланстың құрылымын талдау кезінде меншікті капитал мен қарыз капиталының арақатынасы көрсетіледі. Қолданыстағы қарыз капиталы құрамындағы несие түрлерін - банктік несие, тауарлық несиелер және т.б. көрсетеді
Ақша ағындарының құрылымын талдау кезінде ол операциялық, инвестициялық және қаржыландыру қызметінен түсетін ақша қаражаттарының жалпы ағынынан ақша ағындарын анықтайды. Олардың әрқайсысында қаражаттың түсуі мен қалдығын көрсетеді
Талдаудың бұл түрлері бірін бірі толықтырып отырады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп моделінің құрылымы сияқты, оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын кестелер жиі жасалады.
Барлық көрсеткіштер нәтижесі 100 пайыз болатын, ағымдағы жыл деңгейінен алдыңғы жылдардағы көсреткіштерінен салыстырмалы түрде ауытқуын есептеуге бағытталған талдау – трендттік талдау деп аталады.
Компанияның, еншілес компаниялардың, олардың бөлімдерінің, цехтардың әрқайсысының жеке көрсеткіштері негізінде жасалған құрамдас көрсеткіштерін шаруашылықтың ішіндегі талдау түрін салыстырмалы немесе кеңістікті талдау деп айтады.
Оның келесідей түрлері бар:
Компанияның қаржылық көрсеткіштер есебін салалық көрсеткіштермен салыстыру. Осын салыстыру барысында компанияның біз орташа дейгейден қалай өткенін көруге болады.
Аталған компанияның көрсеткіштерін осы компаниямен бәсекелес компанияларның көрсеткіштерімен салыстыру. Осы салыстыру кезінде компанияның әлсіз жақтарын компанияның бәссекелестік деңгейін жақсарту үшін аңықтай аламыз.
Жоспарлы көрсеткіштерді және есеп беруді салыстырмалы түрде талдау. Мұндай салыстыру жүргізу кезінде жоспарлы көрсеткіштерден нақты көрсеткіштен ауытқу себептерін көруге болады. [15,22б]
Факторлық талдаудың формасы - жеке факторлардың нәтиже индикаторларына әсерін анықтау немесе шешілмеген тәсілдерді қолдану арқылы талдау болып табылады.
Талдау жүргізудің мақсаты қажетті бір ақпараттарды басқару шешімдерін қабылдау езінде қолдану болып табылады. Компания ішіндегілердің қолдануы үшін, оның қызметтеріне қажет болған жағдайда түзетулер енгізуге, сондай-ақ, сыртқы қолданушылар үшін осы компания туралы мәліметтер алу үшін жасладаы.
Ішкі және сыртқы қолданушылар үшін каржылық талдау олардың басқару шешімдерін анықтай алатын көрсеткіштердің айырмашылығында деп айтуға болады. Дегенмен олардың дәрежесіне қарай өтімділік коэффициенті сияқты басты көрсеткішті жатқызса болады. Талдау жүргізілмей тұрып оның не үшін және қандай қолданушы көзқаасмыен жасалатындығын анықтап алған жөн.
Жоғарыда келтірілген теориялық материалдарды қорытып айтатын болсақ, аутитордың талдау жүргізулің кез келген әдісін, тәсілін қаржылық жағдайды талдауда қолдануына болыд. Айдитор ол әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, талдау жүргізу тааптарына сай дұрыс әдісті таңдайды. Және осы әдісті қолдана отырып қаржылық таңдауды терең, кешенді түрде жасайды. Талдау нәтижесінде анық және объективті баға беріп, қаржылық тұрақтылығының нығаюына, және табыс әкелу жолдарын ұлғайту бойынша өз ұсыныстарын даярлайрды. Өзіміздің жобамызда біз талдаудың келесі түрлерін таңдадық, бұ тігінен және көлденеңінен талдау болып табылады. Аталған ұйымда, яғни «Туризм ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2017 – 2019 жылдар аралығындағы есептері мен көрсеткіштері негізінде таладу жүргіземіз.
4 Компанияның қаржылық жағдайын талдау
4.1 «Туризм ғылыми-зерттеу институты (ТҒЗИ)» ЖШС туристік компаниясы ұсынатын қызметтер мен көрсеткіштер
Бұл жұмыстағы зерттеу нысаны - жеке меншік нысанына негізделген және тәуелсіз кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын Қазақ спорт және туризм академиясының жанынан құрылған «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қысқаша атаууы «ТҒЗИ» ЖШС.[3]
Туризм ғылыми-зерттеу институты заңды мекен жай:
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы, 050012,
Сейфуллина көшесі 551, Бөгенбай Батыр қиылысы
Тел.: +7-727-267-59-25
email: timckazast@gmail.com
«Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақ спорт және туризм академиясының қабырғасында 2013 жылы негізі қаланған. ЖШС өз қызметін қолданыстағы заңнамаға, жарғы мен серіктестік туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырады.
Тіркелген сәттен бастап компания заңды тұлға болып табылады, жеке мүлкі, дербес балансы, есеп айырысу және басқа банктік шоттары, мөрлері, бланкілері және басқа дараландыру құралдары бар.
Компания құрудың мақсаты пайда табу болып табылады. «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің негізгі қызметі – Алматы облысына және одан тыс жерлерге туристік және іс-сапарларды ұйымдастыру. «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС туристік ұйымдар ұсынатын рұқсаттарды алу кезінде делдалдық қызмет көрсетеді. Осылайша, туроператордың функцияларына қосымша (сапарларды ұйымдастыру, туристік қызметтердің белгілі бір жиынтығын ұсыну) компания туристік агенттіктің - рұқсат алуды алғысы келетіндер мен оның ұйымдастырушыларының арасындағы делдалдың функцияларын орындайды.
«Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС компаниясының басқарушылық құрылымын төмендегі 1-суреттен көруге болады.
Сурет 1. Туризм ғылыми – зерттеу институтының құрылымы
«Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС - туристерді қызықтыратын тақырыптар бойынша экскурсияларды ұйымдастыру, көлік және тамақтану қызметтерін ұсынады. Туристік бизнестің мезгілділігі (белгілі бір мезгілде ғана жұмыс істеу) қызметтің басқа түрлерін дамытуды қажет етеді, яғни сапарларды ұйымдастыруға, қызмет түрі қажет болған жағдайда клиенттерге қызмет көрсету; сауда турларын ұйымдастыру.
Компанияның ағымдағы қызметін басқаруды қатысушылардың жиналысына есеп беретін жалғыз атқарушы орган - серіктестік директоры жүзеге асырады. Компанияның директоры екі жылға сайланады.
Қоғамның жалғыз атқарушы органының қызметі және оның шешімдерін қабылдау тәртібі серіктестіктің ішкі құжаттарында, сондай-ақ серіктестік пен оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға арасында жасалған шартта белгіленеді.
«Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС - 2017-2019 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштерін қарастырамыз.
1-кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, зерттеу кезеңінде «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сатудан түскен кірісі 88,41% - ға өсті. Сонымен бірге сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының өсу қарқыны сатудан түскен түсімнің өсу қарқынынан жоғары (құны 106,93% -ға өсті), бұл сатудан түскен пайда тек 25,82% -ға өскендігін көрсетеді.[16,38б]
Зерттеу кезеңінде «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС негізгі құралдарының орташа жылдық құны 136,69% -ға өсті. «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС - нің кеңеюі компания жұмысшыларының санын 96% -ға көбейтуге әкелді. Зерттеу кезеңіндегі капитал-еңбек коэффициенті 20,75% -ға өсті.
Зерттеу кезеңінде компанияның айналым қаражатының құны 150,02% өсті. Айналым капиталының айналым коэффициенті 24,44% төмендеді.
Зерттеу кезеңінде компания жұмыскерлерінің саны сатудан түскен табысқа қарағанда жылдам қарқынмен өсті, сондықтан зерттеу кезеңінде ЖШС жұмысшыларының еңбек өнімділігі 3,87% төмендеді. Бір қызметкердің орташа жылдық жалақысы оқу кезеңінде 61,02% -ға өсті.
Кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бұл кәсіпорынның экономикалық-шаруашылық қызметін сипаттайтын есептегіштер, абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер жүйесі. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің күрделі сипаты бізге жеке кәсіпорынның қызметін жеткілікті түрде бағалауға және оның нәтижелерін динамикамен салыстыруға мүмкіндік береді. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерді бағалау кәсіпорынның ағымдағы экономикалық қызметіне қатысты объективті негізделген тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді және. кәсіпорындағы жағдайды жақсарту бойынша жеке ұсыныстар болуы мүмкін. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын талдау кем дегенде соңғы үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
Кесте 1- «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС -нің қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
Өлш.
бірл.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
2019 ж.
|
2019 ж.-дан 2017 ж.
%-бен
|
1
|
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім
|
мың теңге
|
73980
|
121248
|
139386
|
188,41
|
2
|
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құны
|
мың теңге
|
42060
|
68844
|
87036
|
206,93
|
3
|
1 теңге іске асыру шығындары
|
тиын
|
341,4
|
340,8
|
374,4
|
109,67
|
4
|
Сатудан түскен пайда
|
мың теңге
|
24468
|
36684
|
30786
|
125,82
|
5
|
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
|
мың теңге
|
2862
|
4446
|
6774
|
236,69
|
6
|
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны
|
адам.
|
25
|
36
|
49
|
196,00
|
7
|
Қор қайтарымы
|
%
|
2584,91
|
2727,13
|
2057,66
|
79,60
|
8
|
Қор сыйымдылығы
|
%
|
3,87
|
3,67
|
4,86
|
125,58
|
9
|
Еңбек қоры
|
мың теңге./ адам
|
114,08
|
123,48
|
138,24
|
120,75
|
10
|
Айналым қаражаты
|
мың теңге
|
54726
|
107370
|
136824
|
250,02
|
11
|
Айналым құралдарының айналым коэффициенті
|
Айн.
коэф
|
1,35
|
1,13
|
1,02
|
75,56
|
12
|
Өндірістік қорлардың пайдалылығы (рент.)
|
%
|
128,46
|
108,44
|
97,07
|
75,56
|
13
|
Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі
|
мың теңге
|
2959,2
|
3367,98
|
2844,6
|
96,13
|
14
|
Бір жұмыскердің орташа жылдық жалақысы
|
мың теңге
|
247,8
|
330,6
|
399
|
161,02
|
Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.
|
«Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау нәтижелері бойынша зерттелген туристік компания өзінің табыстылығын арттырды деп қорытынды жасауға болады.
4.2 «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС туристік компаниясының мүліктік жағдайын және қаржылық ресурстарын талдау
Компанияның жұмыс істеу процесінде активтер мен олардың құрылымдары құрылған өзгерістерге ұшырайды. Олардың құрылымында қайнаркөздері құралдарының негізінде орын алған сапалы өзгерістер туралы жалпы түсініктерді есеп берудің тік және көлденең талдауы арқылы алуға болады.[17,95б]
Талдаудың негізі «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС деректер бойынша көрсеткіштер мен талдамалық кестелер жүйесі болып табылады.
2-кестеде 2017-2019 жылдар динамикасындағы «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС активтерінің балансының құрылымы қарастырылады.
Кесте 2 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС активтерінің баланстық баптарын талдау, 2017-2018 жж.
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
2017ж.
мың теңге
|
2018ж.
мың теңге
|
2019ж.
мың теңге
|
Ауытқулар
2019ж. 2017ж.
|
Абсолютті
мөлшер, мың теңге
|
%
|
1.
|
Айналымнан тыс активтер
|
2862
|
4446
|
6774
|
+3912,00
|
+136,69
|
1.1.
|
Негізгі құралдар
|
28620
|
4446
|
6774
|
3912,00
|
+136,69
|
2.
|
Айналым қаражаты
|
54726
|
107370
|
13684
|
+82098,00
|
+150,02
|
2.1.
|
Қорлар
|
17748
|
35130
|
36654
|
+18906,00
|
+106,52
|
2.2.
|
Дебиторлық берешек
|
642
|
2886
|
672
|
+30,00
|
+4,67
|
2.3.
|
Қысқа мерзімді қаржы салымдары
|
36264
|
68730
|
9946
|
+63068,00
|
+173,94
|
2.4.
|
Ақша қаражаты
|
72
|
624
|
156
|
+84,00
|
+116,67
|
АҚША БАЛАНСЫ
|
57588
|
111816
|
143598
|
+86010,00
|
+149,35
|
Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.
|
Бухгалтерлік баланстық мәліметтерге сүйене отырып, зерттеу кезеңінде тек негізгі құралдарды қамтыған жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұзақ мерзімді активтерінің құны 3 912 мың теңгеге өсті. (немесе 136,69%). Негізгі құралдар құнының өсуі қалада жаңа сату кеңсесін ашу үшін үй-жай сатып алуға байланысты болды.
Компанияның айналым капиталы өсіп, жыл соңында 136 824 мың теңгені құрады, бұл 82 098 мың теңге (немесе 150,02%) 2017 жылмен салыстырғанда көп. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дебиторлық берешегі аздап өсті - 4,67% немесе 30 мың теңге. Сонымен қатар, сатып алушылар мен клиенттердің қарызы 312 мың теңгеге азайды немесе 55,32% азайды деп айтуға болады. Бұл 2019 жылы көтерме сатып алушылардың қарыздарын неғұрлым нақты бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заң қызметінің айқын жұмысының арқасында болды.
Бүкіл зерттеу кезеңінде компанияның толығымен өтімді бөлігі - қаражаты 84 мың теңгеге ұлғайды немесе 116,67%. 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда компанияның ақшасы 468 мың теңгеге төмендеді, бұл сауданың жоспарланған кеңеюіне байланысты қайта сату үшін тауарларды сатып алу көлемінің артуымен байланысты.
Бұдан әрі, 3-кестеде 2018-2019 жылдар динамикасында «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балансының активтерінің құрылымы қарастырылады.
Кесте 3 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС балансының активтерінің құрылымын талдау, 2018-2019 жж
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
2017 ж.
%
|
2018 ж.
%
|
2019 ж.
%
|
Ауытқулар
үлес салмағында 2019ж. 2017 ж. қарағанда
%
|
1.
|
Айналымнан тыс активтер
|
4,97
|
3,98
|
4,72
|
-0,25
|
1.1.
|
Негізгі құралдар
|
4,97
|
3,98
|
4,72
|
-0,25
|
2.
|
Айналым капиталы
|
95,03
|
96,02
|
95,28
|
+0,25
|
2.1.
|
Қорлар
|
30,82
|
31,42
|
25,53
|
-5,29
|
2.2.
|
Дебиторлық берешек
|
1,11
|
2,58
|
0,47
|
-0,65
|
2.3.
|
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
|
62,97
|
61,47
|
69,18
|
+6,21
|
2.4.
|
Ақшалай қаражат
|
0,13
|
0,56
|
0,11
|
-0,02
|
АҚША БАЛАНСЫ
|
100
|
100
|
100
|
х
|
Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.
|
3-кестенің мәліметтерінен зерттеу кезеңінде негізгі құралдар мен компанияның айналымнан тыс активтерінің үлес салмағы 0,25% төмендеді.
Жаупкелшілігі шектеулі серіктестіктің активтері құрылымындағы айналымдағы активтердің үлесі 0,25% -ға өсті. «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі активтерінің құрылымындағы акциялардың үлесі 5,29% төмендеді.
Компанияның активтер құрылымындағы дебиторлық берешектің үлесі 0,65% төмендеді.
Бұл көтерме сатып алушылар мен серіктестіктің клиенттерінің ЖШС-ке қарыздарын төлеуіне байланысты болды. «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі активтер құрылымындағы қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың үлесі 6,21% -ға өсті.
Зерттеу кезеңінде компанияның қолма-қол ақшаның үлесі 0,02% төмендеді. Бұл сауданың жоспарланған кеңеюіне байланысты тауарлы-материалдық қорларды сатып алу көлемінің ұлғаюына байланысты компанияның ағымдағы шоттағы ақшасының азаюына байланысты.
Баланс құрылымындағы өзгерістерді талдаудың жалпы бағыты «жалпысынан нақтыға» қағидатына негізделген. Компанияның баланстық міндеттемелері баптарының құрылымындағы өзгерістердің жалпы көрінісін түсіну үшін ұйым бөлімдердің құрылымдық динамикасының маңызды көрсеткіштері болып табылады. Міндеттемелердің өзгеру құрылымын салыстыра отырып, негізінен жаңа қорлардың ағыны қай көздер арқылы болғанын қорытындылауға болады.
4-кестедегі мәліметтерден көрініп отырғандай, зерттеу кезеңінде компанияның жеке көздері 63090 мың теңгеге артты. (немесе 113,72%). Бұл бөлінбеген кірістің өсуіне байланысты - 63090 мың теңгеге тең (немесе 113,72%). Зерттеу кезеңіндегі компанияның жарғылық капиталының мөлшері өзгерген жоқ.
Зерттеу кезеңінде компанияның қарыз қаражаты да өсті - 22920 мың теңгеге (немесе 1085,23%), бұл компанияның қарыз қаражаттарының өсуіне байланысты - 17802 мың теңгеге немесе 89,9 есе; кредиторлық берешек - 5118 мың теңгеге (немесе 267,4%). Қарыз қаражаттарының өсу қарқыны ЖШС-нің меншіікті капиталының өсу қарқынынан жоғары, бұл компанияның «қарызда өмір сүреді» дегенді білдіреді.
Кесте 4 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС міндеттемелер балансының пассив статьяларын талдау, 2017-2019 жж
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
2017 ж.
теңге
|
2018 ж.
теңге
|
2019 ж.
теңге
|
Ауытқулар
2019 ж. 2017 ж-дан.
|
Абсолютті шамалар, теңге
|
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Компанияның меншікті көздері
|
55476
|
90258
|
118566
|
+69090,00
|
+113,72
|
1.1.
|
Жарғылық және қосымша капитал
|
48
|
48
|
48
|
0,00
|
0,00
|
1.2.
|
Бөлінбеген кіріс
|
55428
|
90210
|
118518
|
+63090,00
|
+113,82
|
2.
|
Қарыз қаражаты
|
2112
|
21588
|
25032
|
+22920,00
|
+1085,23
|
2.1.
|
Қарыздар және кредиттер (қысқа мерзімді)
|
198
|
12000
|
18000
|
+17802,00
|
+8990,91
|
2.2.
|
Кредиторлық қарыз
|
1914
|
9558
|
7032
|
+5118,00
|
+267,40
|
2.2.1
|
Жеткізушілер мен мердігерлер
|
1404
|
2994
|
5430
|
+4026,00
|
+286,75
|
4-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
2.2.2
|
Компания қызметкерлері алдындағы берешек
|
126
|
450
|
432
|
+306
|
+242,86
|
2.2.3
|
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар алдындағы берешек
|
0
|
0
|
78
|
+78
|
-
|
2.2.4
|
Салықтар мен алымдар бойынша берешек
|
384
|
1320
|
252
|
-132
|
-34,38
|
2.2.5
|
Басқа кредиторлар
|
|
4794
|
840
|
+840
|
-82,48
|
АҚША БАЛАНСЫ
|
58588
|
111816
|
143598
|
+86010,00
|
+149,35
|
Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.
|
Зерттелетін кезеңде кредиторлық берешек құрамында еңбекақы төлеу бойынша берешек 306 мың теңгеге немесе 242,86% - ға ұлғайды, жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек 4026 мың теңгеге (немесе 286,75% - ға) ұлғайды. 2019 жылы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар алдында 78 мың теңге сомасында берешек пайда болды.
Зерттелетін кезеңде бюджетпен есеп айырысу бойынша компанияның берешек сомасы азайды (132 мың теңгеге немесе 34,38% - ға). Бұл компанияның төлем тәртібін жетілдірумен және бюджет алдындағы өз қарыздарын уақытылы төлеумен байланысты.
Бұдан әрі 5-кестеде «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баланс пассивінің құрылымын 2017-2019 жж. динамикасында қарастырайық.
Кесте 5 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС баланс пассивінің құрылымын талдау, 2017-2019 жж.
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
2017 ж.
%
|
2018 ж.
%
|
2019 ж.
%
|
ауытқулар
2019 ж. 2017ж. қарағанда, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
Меншікті көздер
|
96
|
80
|
82
|
-13
|
1.1.
|
Бөлінбеген кіріс
|
96
|
80,7
|
82
|
-13,7
|
1.2.
|
Жарғылық капитал
|
0,08
|
0,04
|
0,03
|
-0,05
|
2.
|
Қарыз қаражаты
|
3,6
|
19,2
|
17,4
|
+13,7
|
2.1.
|
Қарыздар және кредиттер (қысқа мерзімді)
|
0,34
|
10,73
|
12,53
|
+12,19
|
2.2.
|
Кредиторлық қарыз
|
3,32
|
8,55
|
4,90
|
+1,57
|
2.2.1
|
Жеткізушілер мен мердігерлер
|
2,44
|
2,68
|
3,78
|
+1,34
|
2.2.2
|
Ұйым қызметкерлері алдындағы берешек
|
0,22
|
0,40
|
0,30
|
+0,08
|
5-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2.2.4
|
Салықтар мен алымдар бойынша қарыз
|
0,67
|
1,18
|
0,18
|
-0,49
|
2.2.5
|
Басқа кредиторлар
|
0
|
4,29
|
0,58
|
+0,58
|
АҚША БАЛАНСЫ
|
100
|
100
|
100
|
х
|
Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.
|
Қаражат көздерінің құрамында компанияның меншіікті капиталының үлес салмағы 13,76% - ға азайды. Жарғылық капиталдың үлесі жылдың соңына қарай 0,05% - ға төмендеді. Компанияның бөлінбеген пайдасының үлесі зерттелген кезеңде 13,71% - ға азайды.
Зерттелген кезеңде қарыз негізінде тартылатын компанияның қаражаты ұлғайды. Олардың ішінде компания пассивтерінің жалпы құрылымындағы үлесі 12,19% - ға артқан қысқа мерзімді қарыздар мен кредиттерді бөлу керек. Компанияның кредиторлық берешегі 1,57% - ға артты. Оның құрамында салықтар мен алымдар бойынша берешек үлесі ғана азайды (0,49% - ға).
Жоғарыда келтірілген талдау осы компанияда зерттелген кезеңде компанияның мүліктік әлеуетінің өсуі орын алды деп айтуға болады. Бұл әлеуеттің тиімділігі туралы айту үшін осы компанияны өтімділік пен төлем қабілеттілігіне талдау жасау және компания өзінің барлық қысқа мерзімді міндеттемелерін бұзушылықсыз өтей алатындығын анықтау қажет.
4.3 «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС компаниясының қаржылық жағдайын талдау
Қаржылық хал-ахуалын талдаудың негізгі міндеттері-қаржылық хал-ахуалының сапасын анықтау, зерттеу кезеңі ішінде оның жақсаруының немесе оның нашарлауының себептерін зерттеу. Зерттеу нәтижесі бойынша компанияның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін арттыру мақсатында өзіндік ұсныстарды даярлау. Қаржылык көрстекіштердің динамикасын мүлдем және салымтырмалы зерттеулер жүргізген жағдайда міндеттерді шешуге болады.
Қаржылық талдаудың негізгі қоры болып - шаруашылықты жүргізуші субъект сыртқы пайдаланушыларға, оның ішінде инвесторларға ұсынатын қаржылық есептер болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы, сондай-ақ есепті кезеңдегі оның қызметінің қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштер жүйесі ұйымның бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінде ұсынылған. Қаржылық есептілік-бұл компанияның активтерін, нақты мүлкін, оларды қаржыландыру көздерін көрсететін заңмен белгіленген құжаттар. Есептілік қаржылық сипаттағы шешімдердің талдамалы негіздемесінің ақпараттық қоры болып табылады.[18,97б]
«Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық тұрақтылығын талдау кезінде ақпараттың негізгі көзі компанияның бухгалтерлік балансы болып табылады.
2017-2019 жылдардағы бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін қалыптастыра отырып, «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бухгалтері теңгерімнің типтік нысанын қолданды, ол Қазақстан Республикассының Қаржы министрлігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі N67 бұйрығында келтірілген.
Зерттелетін уақыт кезеңінде «Туризм ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балансының өтімділігін талдау 6-кестеде көрсетілген.
Кесте 6 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балансының өтімділігін талдау, 2017-2019 жж.
№ р/с
|
Активтерін топтастыру
|
Пассивтерін топтастыру
|
Қатынас
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |