Дипломдық жобаны орындау мерзімдері: 11.2019 – 10.04.2020 г. – дипломдық жобаны әзірлеу: дипломдық жобаның жоспарын құру және жетекшімен келісіп оны бекіту, аталған тақырыпқа сай әдебиетттерді зерттеу, аналитикалық, статистикалық деректерді жинақтау және жинақталған матриеалдарды өңдеу (үш жылдық кезең), зерттеу нәтижелерін жүйелендіру, жобаны жобаның ғылыми жетекшісіне ұсыну.
Ғылыми жетекші: э.ғ.к., профессор А.О.Базарбаев
Орындағандар: Елібай Б., Дүйсенбина М.Қ.
Аңдатпа
Жобада «Туризм ғылыми – зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайы талданды. Компанияның 2017 – 2019 жылдары бойынша есептері мен көрсеткіштері негізінде тік және көлденең талдау жүргізілді. Қаржылық жай - күйін талдау кезінде негізгі міндеттері - қаржылық жай-күйінің сапасы анықталды, зерттеу кезең ішінде оның жақсаруының немесе нашарлауының себептерін зерттелді, компанияның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындалды. Бұл міндеттер абсолютті және салыстырмалы қаржылық көрсеткіштердің динамикасын зерттеу жолымен шешілді. Зерттеу нәтижелері бойынша компанияның сатудан түскен түсім зерттелген кезеңде 88,41% - ға өскенін, сонымен қатар сатылған тауарлардың өзіндік құнының өсу қарқыны сатудан түскен түсімнің өсу қарқынынан жоғары екенін байқадық, бұл сатудан түскен пайда тек 25,82% - ға ғана ұлғаюына алып келгенін көрсеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |