Дипломдық жоба рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғауға



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата09.04.2022
өлшемі3,55 Mb.
#138631
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Дипломды жоба р сатсыз атынас рудан а паратты ор ау а

Кіріспе 
Дүние жүзінде ақпарат ғылыми-техникалық және коммерциялық іс-
әрекеттің нәтижесі ретінде өте қымбат тауар болып табылады. Сондықтан 
ақпаратты қорғау мәселесі мемлекеттік құрылым үшін болсын, коммерциялық 
құрылым үшін болсын маңызды болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік -
қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамды элементі болып табылады және оның 
жағдайынан мекеменің жалпы қауіпсіздігі тәуелді.
ХХІ ғасыр – ақпарат пен техниканың заманы. Алайда қорғау 
механизмдерін қолданбастан бұрын, алдымен нені неден қорғауымыз керек, осы 
мәселе анықталу керек. Осы бағытта шабуылдардың сипаттамалық 
ерекшеліктеріне талдау жасалу керек. Шабуылдардың қауіптілік деңгейі, 
салдары және статистикалық ерекшеліктері мұқият зерттелуі қажет қажет.
Кез келген ақпаратты қорғау шаралары кешенді жүргізілгені жөн. Бір 
жерлерде ақпаратты қорғаудың аппараттық жабдықтары қолданылса, тағы бір 
жерлерде программалық қорғау жабдықтары қолданылуы мүмкін. Бұл белгілі 
бір ұйымның, мекеменің қызмет саласына байланысты болмақ. Енді бір 
жерлерде аппараттық және программалық қорғау жабдықтары қатар 
қолданылуы мүмкін.
Қорғалатын ақпараттың құпиялылық деңгейі қандай қорғау амалдарын 
қолдану керектігін анықтайды. Мемлекеттік өте құпия ақпараты болады, 
коммерциялық құпия ақпарат болуы мүмкін, сондықтан да ақпараттың 
қауіпсіздігіне және қорғанышына зор көңіл бөлу қажет. 
Апараттық технологияның, әсіресе ғаламдық желінің кең қолданысқа ие 
болуы айтылған саладағы мәселелерді күрделілендіріп отыр. Барлық ұйымдар 
мен мекемелер Интернетпен байланысты, ал олардың көпшілік бөлігінің ішкі 
желілері де бар. Қазіргі уақытта желісіз бір де бір мекеме жұмыс істемейді
онсыз алға басу тоқтап қалады. Желінің өзінің түрлері көп. Жергілікті 
желілерде қауіпсіздікке жауап беретін администратор роліне ерекше көңіл 
бөліну керек болса, ауқымды желімен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелерде 
ақпаратты қорғау мәселесі күрделірек, онда сырттан, іштен төнетін қауіптердің 
алдын алу, болдырмау шараларымен қатар, ұйымдастырушылық, әкімшілік, 
моральдық-этикалық қорғау шаралары да ескерілу керек. Қолданылатын қорғау 
шаралары, әдістері мен құралдарын тиімділіктері бойынша саралап
жарамдысын таңдау да сол мекеменің маңызды қызмет саласы болмақ.
Дипломдық жобада жалпы желілерге төнетін қауіптерге талдау жасалып, 
қорғау жабдығы ретінде брандамауэрлердің қызметі алынады. 


13 
13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет