Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекетінің дамытуды әрқырынан зерттеген отандық ғалымдар, педагогтер мен әдіскерлер: Қ. Аймағамбетова [22], Ү.Б. Жексенбаева [23], А.Е. Жұмабаева [24], Ж. Сардарова [25], Б.Н. Кадірова [26], А.Туралбаева [27], Н.Т. Сартаева [28], т.б. еңбектерінде қарастырылған
Балалар ұжымдарына тән белгілерді (сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыруға болады деп айтқан педагог – ғалымдар (И.П. Иванов, В.М. Коротов., Л.И. Новикова., В.А. Сухомлинский т.б.). Балалардың қоғамдық бірлестіктері қызметіндегі тәрбие теориясы мен әдістеріне арналған алғашқы ғылыми жұмыстар (А.М. Гукасова., Н.М. Коротов., Г.В. Колчина., В.В. Прокомев., А.П. Сперанский). Бұл кезде жүргізілген зерттеу жұмыстарының материалдары мен түйіндері сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының жаппай көпшілікті түрін іске асырушы ұйымдар даму тенденциясында қарама -қайшылықтардың орын алғандығын көрсетеді.
А. ЕрментаеваОқытушының іс-әрекеті ғылыми-зерттеушілік және педагогикалық – оқыту, тәрбиелеу, дамыту және психологиялық дайындау – құрамдарының бірлігінен түзіледі. Бұлардың өзара келісті, үйлесімді орындалуы оқытушының шығармашылық іс-әрекетті атқаруға даяр болуымен, ғылымның әдіснамалық мәселелеріне және оқыту технологияларына тіректелумен жоғары байланыста болатыны педагогикалық іс-тәжірибеден белгілі. Осындай мазмұны жағынан әр түрлі іс-әрекеттердің үйлесімін табуда оқытушының психологиялық, педагогикалық біліктілігі, белсенділігі мен құлшынысы аса жоғары болуы қажет, - деген тұжырым жасаған [36, 25 б.].
А.Туралбаевамектеп пен отбасы тәрбиелік іс-әрекетінің бірлігі білім беру жүйелеріне қойылатын бірқатар талаптарды қанағаттандыратын мектептің жүйелі жұмысымен айқындалады. Мұндай талаптарға: ғылыми негізділік, шығармашылық ізденіс, отбасылық тәрбие нәтижесіне жауапкершілік пен қызығушылық, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін мақсатты және жүйелі қалыптастыру, - деп қорытындылайды [27, 21 б.].
Н.Сартаева бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияны қолдану оқу үдерісін қарқынды жүзеге асыруға және оқушылардың ақпараттық - оқу әрекетін, оқу-ойын әрекетін, тәжірибелік-зерттеушілік іс-әрекетін, өзбетінше әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, оңтайлы жол ашады деп, - тұжырымдайды [28, 99].
Сонымен, зерттеушілік іс-әрекет –зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеттерін шешуімен байланысты алдын-ала болжам бойынша зерттеу мәселесіне қатысты білімін өздігінен толықтыру мен ізденуді қажет ететін, жоғары деңгейде ойлау мен қабілетін, өзіндік жаңа идеяны жүзеге асыруда пікірі мен тұжырымын дәлелдеуге негіз болатын, шешім қабылдау біліктерін, бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарын экономикалық білімдерін қалыптастыру , - деген анықтамамызды ұсынамыз.
«Балаларға қосымша білім беру» ұғымына педагогикалық энциклопедиялық сөздікте «...оқушылардың өз бетімен таңдауына және қосымша білім беретін бағдарламаларды меңгеруіне бағдарланған, балаларға, жасөспірімдерге, оқушы жастарға білім мен тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі» деп анықтама берілген. Ал оның міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 849 шешімімен бекітілген.