Дипломдық жоба тақырыбы: «ШҚо глубокое ауылындағы өнімділігі 10т/см сүт зауытының тоңазытқыш қондырғының жобасы»



бет1/4
Дата12.10.2023
өлшемі2,43 Mb.
#185010
түріДиплом
  1   2   3   4
Байланысты:
презентация Дария Нуржан

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА Тақырыбы: «ШҚО Глубокое ауылындағы өнімділігі 10т/см сүт зауытының тоңазытқыш қондырғының жобасы»

Орындаған: Айтқазина Д.

Досымханов Н.


Талай ғасырлар бұрын бізге табиғи суықты пайдалану және оны аккумуляциялау тәсілдері белгілі болған, яғни мұздарды және қарларды мұздықтарда азық - түліктерді сақтау үшін жинау, терең орларда азық - түліктерді сақтау (жердің төмен температурасын пайдалану), суды булануы кезінде салқындату. 18 ғасырда ғана мұзды балқыту температурасына қарағанда төмен температураны алу үшін мұзбен тұз қоспасын қолдану басталды. Ал өндірістік тоңазытқыш машиналар тек 19 ғасырдың ортасында ғана пайда болды.
ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ НЕГІЗДЕМЕСІ


Тоңазытып өңдеуге әртүрлі жылуалмастырғыш аппараттарды қолданады, яғни пластиналы салқындатқыштарды сүт пен қаймаққа, салқындатқыштарды сүзбеге, эскимогенераторларды балмұздақтарға, сонымен қатар салқындатқыш танкилер мен ванналарды қолданады. Кейбір аппараттарда тоңазытып өңдеу жылулық немесе механикалықпен үйлеседі.
Суықпен қамтамасыз ету үшін жылуалмастырғыш аппараттарға компрессорлық цехтан коммуникация тартады.
 
ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ НЕГІЗДЕМЕСІ

Техникалық - экономикалық негіздеме

Техникалық - экономикалық негіздеме


Глубокое ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік –батысында орналасқан, 1964 жылы құрылған. Ол Шемонаиха, Ұлан және Зырян аудандарымен, Өскемен және Риддер қалаларымен шектеліп жатыр. Жалпы көлемі 7,3 мың шаршы км, оның үштен екі бөлігі таулы жерді алып тұр (Шығыс Қазақстан облысы аумағының 2,6%).
Глубокое ауданында 40 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 5 кент және 35 ауыл, 17 ауылдық округ және кенттер кіреді.
Әкімшілік орталығы – Глубокое кенті, халқы – 9,5 мың тұрғын, ауданның халық санының 15,4% құрайды.
Демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі факторлар туу деңгейінің төмендігі болып табылады – 10,74 (ШҚО – 15,83), өлім деңгейінің жоғары болуы –13,96 облыстық көрсеткіштен артық (ШҚО – 10,29).
Аудан экономикасының құрылымы
Өндірілген өнім, тауар және қызмет негізгі үлесі 35,5% өнеркәсіп саласына келеді. Экономиканың өсуінің факторлары болып жоғары тұтынушылық сұраныс және аудандағы инвестициялық белсенділіктің жандануы болды.
;
"Дамыған агроөнеркәсіптік кешен – бұл тұтастай алғанда ел дамуының ресурсы" - деп Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылдың 3 айында 3 млрд.047 млн. теңгені құрап, 2020 жылға қарағанда 14,4% - ға өсті. НКИ 103,4% - ды құрады.
2020 жылдың 3 айында ет өндірісі 6,3% - ға өсіп, 2 мың 152 тоннаны, сүт – 0,03% - ға (13 мың 71 тонна), жұмыртқа - 2,3% - ға (4990,2 мың дана) өсті.
Ірі қара мал басы 0,1% - ға өсіп, 21 мың 716 басты құрады, сиыр басы 1,6% - ға 10 мың 489 басты, жылқы басы 7,1% - ға (3 мың 372 бас), қой мен ешкі басы 2,8% - ға (15 мың 220 бас), құс басы 1,0% - ға (129 мың 879 бас), шошқа басы 2,8% - ға (11 мың 503 бас) өсті.
2021 жылғы егінге арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 100,9 мың га деңгейінде күтілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет