Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына



бет18/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
Түкті кілем ою-өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларына ие болады. Тек қана қазақ жерлерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар, өзге елдерден (шығыс елдерінен) әкелінген кілем түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықты атау берген.
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуда қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қырын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатында бірге оның сан түрлі бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы – тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып келген ою-өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жарқырай түсіп, бет-бедеріне тұрмыс-тіршілігіне байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Бүгінгі кілем тоқу өнері – бір жақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі қолдағы барды ұстата білу, әлемдік пен талғампаздарды, туындысына айналуда.
Кілем түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иілген жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қатарда қанжылым сумен жуылып, салқын сумен жуылып, шайылады. Келептерді жеке-жеке сорттап бояйды. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп, құлпырта түседі.
Кілем тоқу былай басталады: 5-6 арқау бойына түк салынбай арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп, арқау өткізіледі де, тарақпен тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемнің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы отырылады.
Тегіс тоқылысты әрі түк шолумен жалғастырады. Түк шалуда шеттік 2-3 арқау әркімнің талғамына сай бірін-бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түстен жолақ бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады дейді халық? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түсіне арналған жіп домалақтары оңай тарқатылатындай соған ілінеді. Домалақтағы жіптің ұшы кілем тоқушының қолында болады. Олкерегіне қарай желіге бір орап шалады да, кеселмен, пышақпен артығын қырып тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап бас бармақ пен пышақтың арасына әлгі түкшелерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстіне тоқпақпен ұрғылап нығырылған соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды. Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алған шатпоты қамти тоқпақпен қайтадан нығырылап, келесі түк шалуға кіріседі.
Қазақ ежелден-ақ ұлттық бұйымдарды өз нақышына келтіріп әсемдеумен бірге, өзіндік қайталанбас мәнеріне және жоғарғы сапада өңделуіне аса мән берген. Қазақ халқының құпиялы сырға толы және ерекше тоқу мәнерімен құнды саналатын қолөнерінің бірі тоқу өнері.
Түкті кілем өру үшін алдымен оған ағаштан қалып жасайды. Ұзындығы 4 метр кілемге 5 метр, ені 2, 20 кілемге 2, 40 метр қалып жасалынады. Қалып мықты болу үшін оның ұштарын дөңгелек темірмен қатты бекітеді. Дайын болған қалыпты «кергі ағаш» деп атайды. Кергі ағашты төрт бұрышынан кілем тоқылатын жерге қатырып қояды.

  1. Енді осы кергі ағашқа кілемнің төсегі жүгіріледі. Кілемге желіні жүгірткенде кергі ағаштың екі басында екі адам отырады. Ортасында бір адам жіпті әрлі-бері беріп отырады. Желінің саны қаншалықты болуы кілемнің өлшеміне байланысты. Желі керілген кезде кергі ағаштың екі жағынан да үстінен астына қарай оралып өткізіледі. Сонда екі жіптің арасына шатыс пайда болады. Әр жіптің арасы 4-5 мм.

  2. Кілемнің төсегі дайын болған соң шатысқан желінің арасына адарғы салады. Адарғы мүмкіндігінше жұмыр ағаштан жасалғаны дұрыс. Адарғы керілген желіні шатысын жоғары-төмен алмастырып отырады.

  3. Адарғының алдыңғы жағынан көлденеңнен жоғары етіп белағаш қояды. Белағаш кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұрады.

  4. Белағашты жоғары көтеріп тұру үшін аша басты тіреу ағаш қолданылады. Бұл ағашты аяқ депатайды. Оның биіктігі 30-35 см. Кергі ағаштың екі басына тіреліп қойылады.

  5. Күзу керілген желінің үстіңгі жібін белағашпен жалғастырып тұратын жіп. Күзу жіпті мықтап ұстап тұру үшін белағаштан үстінен жіп керіледі. Белағашқа байланған желінің үстіңгі жібі «күзулі» деп аталады, ал белағашқа байланған астыңғы жіп «күзусіз» деп аталады.

Міне, осымен кілем құрылып бітеді. Енді екі түсті жіпті бір-біріне байлап желінің бір шетінен бастап 4-5 жіптен алып, арасынан астына үстіне қарай алма-кезек «алақұрт» жүргізіледі. Ол кілем шетін мықтап ұстайды. Одан кейін 2-3 см тақта тоқылып барып түк шалу басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет