Кілем – сәнді тоқыма жиһазы. Негізінен сәндік бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында пайдаланылады. Көптеген деректер мен қазба жұмыстары Ассирия мен Вавилонда кілемнің болғанын растайды. Шығыста Иран, түрік, әзербайжан, түркмен, дағыстан кілемдері көркемділігімен жоғары бағаланады.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің шығу тегі ежелгі тас дәуірінің ескерткіштерінен-ақ жануарлардың толық бейнесінің қатарында алғаш рет онша айқын емес, бірақ символдың мағынасы біздің заманымызға дейінгі адамның ойлауын көрсете алатын әр түрлі белгілерін байқауға болады.
Жануарлармен байланысты ұғым түсініктеріне ою-өрнек арқылы бейнелеп отырған. Мысалы: Қошқар мүйіз – қошқар мүйіз тәрізді ою. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты туған. Қошқар мүйіз оюы неше түрлі формаларға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жануарларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мысалы: текеметтің ортасына «қошқар мүйіз» шет-шетіне «тұмар», «шаршы» немесе «су» оюлары алынады.
Бұл әсіресе қазақ кілем бұйымдарында мол байқалады. Ондағы сан ойдағы көріністер қоғам өмірі мен адам қызметінің ауқымдылығын, шексіздігін, белгілі бір мақсат көздейтінін баяндайды. Мұның бір жағынан эмоцияның әсерлілігі, эстетикалық тәрбиелік мәні аз емес.
Қазақтың ою-өрнек өрнегіндегі бояу композициясының тереңдігі, көркемдігімен оның белгілі бір идея әуенінен туындайтындығы бұл өнердің эстетикалық әсерлілігін байыта түседі. Бояу түсінің құнарлығы, қайталануы, назар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйімен бір сындас болып келеді. Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер беретін негізгі арқау болып келеді. Қазақтың ою-өрнектерінде ақ бояу түсінің көбірек қолданылуы белгілі бір заңдылықтан, объективтік шындықтан туған.
Ақ түс шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың басқа бояу түстерінің де орны айрықша.
Қазақ ою-өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқанөнер туындысы.Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәрбиелік мазмұнға байланысты. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың, түрік тұспалдап тұратыны белгілі.
Ұлттың нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі – қазақтың ою-өрнегі. Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам әрбір бұйымға бейнеленген ою-өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы, өзіндік философиялық мәні бар екенін байқау қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |