Кілем тоқудағы түс ерекшеліктері
Көркемдеуде халық шеберлері ою-қрнектердің мағыналық мазмұнына қарай бояу түстерін де нышандық белгілеріне қарай таңдап, жанастырып байыптаған. Сондай-ақ әрбір бояу түстерінің өзін ерекшелейтін мағыналы түсініктерін нышандайды:
Ақ түс – шындық, пәктік, бейкүнә нышаны;
Қара түс – жердің;
Қызыл – оттың, күннің нышандық белгісін білдіреді;
Жасыл – көктемнің, жастықтың нышаны, көкмайсаны береді;
Сары – ақыл, парасат, уайым;
Көк – аспан әлемінің, ашық аспанның, бейбітшіліктің белгісі;
Қоңыр түс – терең ойды,мұңды білдіреді (арман, тілек);
Қошқыл қызыл түс – ізеттілік.
Негізінен бояу түстерін жай бір нәрсені әшекейлеу ғана емес, адам
баласының әлеуметтік өмір – тіршілігінің баяндылығын, бір арман – тілекпен өмір кешетінін, сонымен қатар, адам мен табиғаттың арасындағы қызу өмірдің эмоциялық сезімін, эстетикалық тәрбиесін білдіру және ашылмаған, айтылмаған сырды идеялық әуенмен баяндап таныту үшін қолданған. Кілем шеберлі ою-өрнек пен ою түстерін идеялық әуенде жанастыруда үлкен даналық танытады.
Егер біздер түкті кілемдегі көркемдік композицияның әуенін көріп сезінер болсақ, мұнда бір эмоциялық сезім – сырдың, туған өлке бейнесінің қандайлығын, арман-мақсатын айқын байқаймыз. Байыптай қарағанда барлық кілемдердің фондары қызыл түсті болып келеді. Бұл барша қазақ халқының арман-тілегі бір, яғни жер ананың мейірімді шапағатындағы өмірбаяндылығын, молшылығын, кеңдігін, өмір жалғасымен білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |