Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына



бет16/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом

И. Яреманың да Қазақстан өнеріне қосқан гобелендік көркем шығармалары мол. Оның Маңғыстау атты гобеленінде осы өңірдегі өндіріс, жергілікті халықтың тұрмыс тіршілік тынысы, экономикалық-әлеуметтік жағдайы фабрика, зауыт, электр энергия, мұнай газ, өңдеу мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан пішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы айрықша. Ерлі-зайыпты суретшілердің «Ұлы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері композициялық құрылымы ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігімен шетелге танылды. Әсіресе «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ұлтымызға тән өміршең көркем туынды. Гобеленнің композициялық құрылымындағы жиілік суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс тіршілігі, өмір салты, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы Жәбек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түйе шығармаға басты кейіпкер ретінде алынған.
Тоқымашылықтың жоғары деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор. Осы орайда елімізде гобелен тоқуға баулитын бірнеше көркем сурет оқу орындары бар екендігін атап өткен лазым. Дәлірек айтқанда, Қазақ мемлекеттік көркем сурет академиясы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік институты, Т. Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино өнері институты, О. Таңсықбаев атындағы республикалық көркемсурет колледждері т. б. жыл сайын гобеленші шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Гобелен өнерін оқытып үлес қосқан тәжірибелі ұстаздар ретінде Ш. Орадов, Г. Өмірбекова, Р. Базарбаева, М. Бектасова есімдерін атауға болады. Қысқаша айтқанда, гобелен өнерін оқытып, үйрету дегеніміз – көнеден келе жатқан дәстүрлі тоқыма өнеріміздің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, алға асыру болып табылады. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек. Гобелен композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдер, қазақ халқының тұрмыс тіршілігі, өмір салты, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Тоқымашылықтың жоғары деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері мол. Осындай жас өнерді ілгері дамытып, жалғастырып жүрген жас шебердің біреуі Лиза Климованың туып өскен, балалық шағы ауылда өткен. Ел аузында «әке көрген – оқ жанар, шеше көрген – тон пішер» деген қанатты сөз бар. Бірақ әке-шешесі бар қазақтың барлығы дерлік оқ жанып, тон пішіп жатқан жоқ. Бұл өнегені ілуде бір өнерлі жанұяның бала-шағасы тұтынады. Міне осы тұрғыда Ибатолла Шамшенұлы ақсақалдың Лизасы, Гүлшарасы, серігі болатын ұяда не көрсе, соны іліп, маман суретшілер болып шықты.
Тоқыма өнерінің әлемдік эталонын жасаған Түркімен елімен қойы қоралас, ауылы аралас, Маңғыстау, Атырау өңірінен тараған әсем өрнек, жібек арқау қантын кең жайып, Сыр бойына дейін келіп жетті. Атыраулық шеберлер төл қолтаңбасын салып, ыждаһатпен дамытқан «Түркімен теру», «Қара теру», «Түкті кілем» тәсілдері сол өңірде дүние есігін ашқан Лизаға әсер етпей, әсемдік бесігінде тербемей қоймады. Өзі оқыған орта мектеп қабырғасында, онан қалды отбасы ошақ қасында әжесі Біттеннен, анасы Ақбалымнан, әкесі Ибатолладан үйренген өнері қаршадай қызға қанат бітіріп, үлкен армандарға жетелеп, Алматы көркем сурет училищесіне алып келді. Аталмыш он жылдықта ірі-ірі, көрмелер, байқаулар, жәрмеңкелер жарысы жиі ұйымдастырылып, жаңа үлгілер өмірге келді. Осынау өнер бәсекесінде Лиза еңбегі өзіне лайық бағасын алды. Міне осы тұста «Шопан», «Дала», «Аққу көлі», «Болашақ», «Әжем», «Той» деп атанған үлкенді-кіші гобелендері, арнайы сюжетке құрылған сырмақ, текеметтері бірауыздан мойындалып, фестиваль жеңімпазы атанды. Ұсталар арасында көп айтқан нар тәуекел сөздің бірі «көз – қорқақ, қол – батыр» жөнімен Лизада қол еңбегінің майда шүйдесінен жалықпайды, үлкен-кішісінен жалтармайды. Лиза 1979 жылдан Суретшілер Одағының мүшесіне қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет