1.3.Гобелен өнерінің Қазақстандағы суретшілері және олардың шығармалары.
Гобелен өнерін тоқуда өзіндік қыр-сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десекте, осы өнерді үйренгісі келетін әр адамның қиалына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол табады. Оның айғағы тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты. Табиғи құбылыстарын суреттерге лайықталып ою-өрнек түрлерінің, оның мазмұнын жаңара түсіп, бет-бедеріне байланысты тың мағына беретін жаңаша туындылардың пайда болуы. Бұл жаңашаландыру айғағы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. «Өнер заманындағы өзгерістер» дегендей өнерде заман талабына сай, соның ішінде гобелен өнері бір жақты тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі қолдағы барды ұқсата білу мен әсемдік пен талғампаздықтың әлемдік туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке өнерге ойлау қабілетін арттыруға нәзік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұстамдылыққа тәрбиелейді. Халық қолөнері көркем өнер шығармаларының ең көне түрі гобелен тоқу сол көркем өнер шығармалардан тұрады. Осындай дәстүрде өсіп-өнген Қазақстандық гобелен суретшілері орасан зор, ауыз толтырып айтарлық өнер туындыларын дүниеге келтірді және де мұнда баршаға ортақ бейнелеу жүйесін іздеуге деген құлшыныс аңғарылғанды. Осы жүйе арқылы суретшілер замандасының дүниетанымын бейнелеуге, XX ғасырдың мәдени тәжірибесі мен ұлттық дәстүрді синтездеуге тырысты. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері: Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема, Ә. Бапанова, К. Жұбаниязова, Б. Өтепов, Ш. Қажаханов тағы басқаларын атауға болады. Қазақ гобелен өнерінің атасы Құрасбек Тыныбеков 33 жыл қазақ өнерінің дамуына көп үлес қосты. Ол 1970 жылы республикалық көрмеге алғаш рет қатысқан. Украина Львов қаласындағы мемлекеттік сән және өнер институтының түлегі. Қ. Тыныбековтың шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның творчестволық ізденісіндегі басты жетістігі классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыруы болып табылады. Туындылар қазақ композициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Гобелен өздерінің терең философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың композициялық құрылымдарында фольклорлық сарын басым. Суретші халықтық өнердің озық дәстүрлерін өзгертуде екі бағыт ұстанады.
Еркін импротизатция, яғни ою-өрнектерді фантазиясына қарай пайдаланады.
Осынау ою-өрнектерді өзінің түрлі композициясына арқау етті.
Суретші ғұмыры халқының тағдырымен өткен тарихымен біте қайнасып, бір тұтас жанды денге айналып кеткен. Екеуі екі бөлек көз алдына елестету әсте мүмкән емес. Өйткені, Құрасбектің бар тыныс тіршілігі, бар болмысы – нағыз ұлтжанды қазақ.
Ол кейбір өнер иелері секілді өзінің туындыларында басқа жат ел, жат халықтың “озық үлгісін”, “жоғары мәдениетін” көрсетуге әуестенген жоқ. Керісінше, қазақ халқында да жоғары мәдениет, өшпес тарих болғанын, әлемдік деңгейде мақтан тұтуға лайық өнер барын танытты. Бұл құдірет жалғыз талантқа ғана қатысты десек, қателескеніміз. Халқының тарихтың қалың қатпарларының арасында қалып ұмытыла бастаған өнерін, мәлениетін , салт-дәстүрлерін, данагөйлік аңыз өсиеттерін білмесең, дарындылығың жетімдік көрері даусыз. Ол көп білетін, талмай ізденетін, тапқанын тоқыған гобелендері мен басқа текеметтері арқылы халқына ұсынатын. Жалпы Құрасбек Тыныбеков қысқа өмірінде оның ғұмыры туған халқының тағдыры мен өткен тарихы мен біте қайнасып біртұтас жанды бейнеге айналып кеткен. «Дала», «Отбасы», « Шопан», «Тау мен дала», тағы басқа еңбектері бар. «Дала» атты тықыр кілемі жас суретшілерді қызықтырмай қоймады. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді. Оның жай кілемдерден конфиттік түстеріне әсем.
Гобеленші Бәтима Зәуірбекованың творчествосы жөнінде далаға ғашық көңілінен, жүрек төрінен жарып шыққан. «Кең дала», « Дала әуендері», «Дала аруы», «Әуен», «Көш», «Жайлауда» атты туындыларында тоқымадан тараған тамаша сырлар бар. Әне кең жазираның самал тербеген ақ сәулелі толқынын кешіп, желден жирік ақбөкен еркеелін жүйіткіп барады. Жайлау төбесінен тұлпардың тұл түбірінен естігендей боласың. Кқктем нұрын шашқан күн сәулесімен көмкеріліп жатыр, сары-жасыл бояулар сыр шертіп, даланы күймен күмбірлетіп. Әнге бөлеп тұрғандай. Осынау жарқын жүзінде инабат ұялағандай нәзік саусақты дала қызы бұл өнерді балалық шақтан бастаған еді. Бәтиманың гобелен саласындағы алғашқы туындысы «шеберлер» деп аталады. Бәтима Зәуірбекова гобелендік өнерді дамытушы, оны жаңа әуенмен жаңғыртушы талантты суретшілердің бірі. Жаңа өнерде шеберлігі ерекше көзге түскен Бәтима Зәуірбекова Қазақ СССР-нің Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |