2.5. Ою-өрнектің классификациялық мәнері, түрлері.
Ою деп заттың, бұйымдардың, жиһаздардың, ғимараттардың сыртқы пішініне, түріне, шығармашылық әуеніне ерекше мәнер, қосымша әсер беріп, қарапайым симметриялы элементтерден құрыдып, ырғақ, теңеу, рең арқылы түзу жазықтықта немесе квадрат, ромб, шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлі өрнекті айтады. Оюды кілемге, сырмаққа, текеметтерге, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй жиһаздарына, аяқкиімдерге, зергерлік бұйымдарға, қару-жараққа, сәулет ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады. Заттың, бұйымның сыртқы пішініне, алатын орнына, атқаратын қызметіне, пайдалану мақсатына және шикізат түрлеріне қарай ою-өрнекті ойып, бояп, қашап, құйып, бедерлеп, өріпзаттардың түр-пішінімен үйлестіре пайдаланған. Оюлар әр шикізаттың физикалық қасиетін, пайдаланылатын өнер бұйымының қолдану аясына байланысты рельефті, барельефті болып шешіліп, жазықтықта қалай қолданылса кеңістікте де солай орын ала білген. Ою-өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа бөлінеді. Олардың барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері жатыр. Ол – нүкте, сызық, бұлар классикалық төрт топтың негіздері. Классикалық ою-өрнектің төрт тобына: геометрилық ою-өрнектер; жан-жануар, хайуанаттар ою-өрнектері; өсімдік тектес ою-өрнектер және космогониялық ою-өрнектер жатады. Ою-өрнектің қайсысын адам баласы бірінші ашып, көркемөнер шығармасы ретінде қолданғанын дәл зерттеп ашқан ешкім жоқ. Ашып дәлелдеу де мүмкін емес. Сондықтан ою-өрнектерге талдау жасап, әр классикалық топқа бөлмес бұрын ою-өрнектің негізгі құрылымы қалай, оюдың өзіне тән ерекшелігі неде, композициялық орналастыру ережесі не, ою-өрнектің пішінін, құрылысын, образдық белгісін өзгертуге симметрияның әсері қандай деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Ою-өрнекті халық шеберлері сәулет, кескіндеме, қолданбалы өнерде, қолдан шыққан барлық өнер заттарын көркемдеуге, әсемдеуге пайдаланған. Осыған орай ою-өрнек үлгілері араласқан бұйым-заттарды тұрмыста қолдану негізіне қарай екі топқа бөлінеді. Біріншісі, ою ешқандай заттарды көркемдемей-ақ, өз алдына жеке әшекей ретінде қолданылып, көрермендерге эстетикалық сүйсініс, әсер береді. Бұндай жағыдайда оның көркемдік, әсемдік жақтары пайдаланылады. Екінші түрінде оюлар шебердің қолынан шыққан заттарды көркемдеп толықтырып, айрықша көрініс, сәндік мән-мағына береді. Яғни ою-өрнек жасалған заттан ерекше бөлінбей, оның формасын, пішін-түрлерін ерекшелейді. Осындай бұйымдар күнделікті тұрмыста пайдаланылуымен қатар, көрермендерге эстетикалық ләззат және рухани байлық боп ерекше сезімге бөлейді. Қазақ ою-өрнектерінің өздеріне тән сыңар ою, тең, жүздеме ою секілді композициялық құрылымдары қалыптасқан. Аталған оюларда да композицияның классикалық-орталық бөлік, шет, жиек фон негіздерімен бірге, симметриялық тепе-теңдік, тұйықтық, орнықтылық категориялары сақталған. Мысалы, толқын, ирек, су, омыртқа, айшық, сыңар мүйіз, бұғы мүйіз оюларынан шапшаң қозғалысты байқасақ, қошқар мүйіз, сынық мүйіз, қолтықша, тарақ, балта секілді оюлардан орныдылықты, байыптылықты көреміз. Хайуанаттар бейнесін сипаттайтын оюлар. Жан-жануарлар бейнелес ою-өрнектер қазақтың ою-өрнектерінің ішінде ең көп тараған, ең көп қолданылатын түрі. Жабайы аңдар мен ұшатын құстар, малдар адам баласына ішетін сусын, жейтін тамақ, киетін киім болып ғасырлар бойы асырап келе жатыр. Ата-бабаларымыз малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән-жырға, күйеге қосты. Олардың бейнелері қолөнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың негізін «қошқар мүйіз» өрнегі қалайды. Әрі қарай «қошқар мүйіз» өрнегі өзінің құрамын мүйіз тектес ою-өрнектердің түрлерімен жалғастырады. Оларға қос мүйіз, сыңар мүйіз, арқар мүйіз, сынық мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы, ешкі мүйіз, қисық мүйіз және т.б.жатады. Қазақтың ұлттық дәстүрлі бұйым, дүние-мүліктерінің ішінде ою-өрнектің негізі болған «мүйіз» оюымен әшекейленіп безендірілмеген заттар жоқ десек қателеспейміз. Бұл өрнек қолөнер түрінің барлық салаларында кездеседі және кеңінен қолданылады. Оюдың құрамы, сырт пішіні, ырғақты толқыны, сызықтары матаға, қағазға, теріге, киізге, ағашқа, т.б.түсіруге не соларға арналған үлгілерді ойып алуға ыңғайлы болды. Бұдан басқа әлемін білдіретін ою-өрнектің түрлері көп, бірақ формаларының көпшілігі геометриялық денелерден тұрады. Мысалы, ботакөз, итқұйрық, құсқанат, құстұмсық, тышқаніз, түйетабан, омыртқа т.б. Өсімдік тектес ою-өрнектер. Өсімдік тектес оюлар ұлттық өнерімізге өте ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл-жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әр түрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасымен табады. Олар өзінің даму барысында әр түрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұндарын шешті. Өсімдік тектес оюлардың негізі болған гүл, жапырақты талдап, классификациялық топқа бөле келіп, үш гүл, төрт гүл, бес гүл, үш жапырақ, бес жапырақ, түйе табан, жауқазын, теріс бұтақ, шырмаулық, райхан және т.б.ою-өрнектерді қолөнер бұйымдарынан кездестіруге болады. Көбіне аталған ою-өрнектер жұмсақ шикізаттардан жасалған бұйымдарға қолданылады. Киізден, матадан, теріден жасалған дүниелерге сырылып, кестеленіп, бастырылып, тоқылып іске асырылады. Өсімдік тектес оюлардың композициялық құрылымы да жан-жануарлар оюындағыдай симметрияға, ырғаққа, тепе-теңдікке, пропорцияға бағынады. Текемет, сырмақ, тұскиіз, кілемдерге қарасақ, аралық бөлік, жиек, сыңар жиек секілді композициялық тепе-теңдікпен бірге симметриялық үйлестірулерді кездестіреміз. Бұлар қазақ ұлттық өнерінде ғана кездесетін үйлесімдер. Ою-өрнектің гүл, жапырақ түрлерінен басқа сырмақ, текеметке көп қолданылатын су өрнектері де жиі кездеседі. «Су» өрнегі мазмұны мен орындалу пішіні жағынан өсімдік тектес оюлардың қатарында жатпайды. Жалпы ою-өрнектерді кейбір ұлттық заттарға қолданған кзде олардың мән-мағынасын, түрлерін жетік білу шарт. Геометриялық ою-өрнектер. Геометриялық ою-өрнек тас бетіндегі таңбалардан басталып, тамыры терең тараған өрнек. Геометриялық ою – жалпы адамзат қауымының, оның ішінде қазақ халқының қолөнер заттарымен үйлесіп, заттардың сыртқы пішін, формасын әшекейлеп өрнектейді. Бұл ою тас, қыш, бес бұрыш, ромб, квадрат, шеңбер формаларында кездесіп, кілем, сырмақ, текемет, тұскиіз, алаша, кебеже, күбі, сандық, білезік, сырғаларда күрделі композициялық өрнектер тобын құрайды. Геометриялық ою-өрнектердің түрлерімен барлық ою-өрнек байланысты, солардың мазмұнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек. Оның қолданылмайтын жері аз. Геометриялық оюдың негізі геометриялық денелерден тұрады, атаулары да денелердің пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюды нүкте мен сызықтардан алып, күрделі формаға айналдырып, өрнек тізбектерін аламыз. Нүктелер бір-бірімен түзу, қисық, доғал сызықтар арқылы қосылып, үш бұрыш, төрт бұрыш, квадрат, ромб, шеңбер т.б. шығады. Көптеген геометриялық денелеге айналып, ырғақ, пропорция, симметрия арқылы геометриялық оюлар тек денелердің сыртқы пішіні мен композициялық заңдылықтармен ғана көркемделмейді. Бұған реңк, түрлі-түсті бояу ырғағы мен спектр толқыны да қосылып, затқа ерекше әсер, көркемдік береді. Басқа ою-өрнектер секілді бұл ою да әрбір шикізат түрлеріне жеңіл қолданылып, үй жиһаздары, сәулет ғимараттарында кең өріс алып тарады. Олардың осылай кең жайылып қолданылуы олардың ыңғайлылығымен қатар оюшы, шебер, ұста, зергер сәулетшілердің ойлау, талғампаздық ізденісі, тұжырымды шешімдері арқылы әр затқа үйлесті. Ойлаған композициялық жүйе бойынша геометриялық ою-өрнек балшықтан, алтын, күмістен құйылса, сүйек, мүйізден, ағаштан ойылып жонылады, киізден кесіліп сырылса, теріден бедерленіп өріліп, заттарға көркемдік мәнер берді. Геометриялық оюлар затты көркемдік әдістері, сұлулық белгілермен ерекше түр-түске бөлейді. Зергерлік, ұсталық өнерде темірдің түр-түсімен қатар, тастан салынған көз, зер оюларды толықтырса, қыш пен сәулет өнерінде балқытылған шыны рельефті, барельефті болып әсемдік қосады. Кілем, терме алаша тоқуда жүн мен теріден терілген оюлар затқа мән-мағына береді. Оюды толықтырып оны көрер көзге ерекшелендіретін түр-түс, реңк. Реңк пен түр заттарды әр түсті бояулармен бояп, ырғақты әуенді бунақ құрайды, ерекше сипаттайды. Ежелден барлық шеберлер қағаздан оюдың үлгілерін өздері қиып, жасалатын заттың өлшеміне сай дайындап отырған. Ол үшін қағазды қос бүктеп немесе үш, төрт бүктеп оюды қайшымен қиған. Космогониялық ою-өрнектер. Космогониялық ою-өрнек біздің көремдік мәдениетімізге өте ерте замандардан сіңіп қалыптасты. Бұл ою-өрнектің негізін әлем, аспан, Күн, Ай, жұлдыз, бүкіл кеңістік бейнелері құрайды. Көк әлемді айналып жүрген планеталар мен аспан денелерінің бәрі Күн жүйесіне жатады. Күннің тұтылуы кезінде Күн шеңберінде аппақ күмістей жарық пайда болады, бұл ғажапты Күн тажы деп атайды. Әлемдегі осындай табиғи құбылыстар адамзатты әр түрлі сенімдерге әкеледі. Сондықтан ата-бабаларымыздың аспандағы бір тәңірге сеніп, жалбарынуы, жақсылық бата тілеуі осы сенімдерге негізделген. Осы сенім негізінде ән мен күйде, әдебиет пен өнерде көптеген фантастикалық бейнелер туды. Қалай болсын Күннің шапағы мен Айдың шығып тууы,теңелуі, тұтылулары, жұлдыздардың ағуы бәрі ерекше әсер қалдыратын құбылыстар, Аталарымыздың жаңа ай туғанда,шалқақ жатса, өзіне қолайлы, елге қолайсыз, тік жатса елге жайлы өзіне жайсыз деген ұғымдарды ескере келіп; «Ай көрдім аман көрдім, Ескі ай есіркесін, Жаңа ай жарылқасын», - деген тілек баталардан сенім күшінің артып, бар әлемге тағзым етіп, тілдескендігін байқаймыз. Космогониялық ою-өрнектің туу себептері де осы үлкен сенім күшінен туған бейнелер белгісі. Космогониялық ою-өрнек Күн жүйесіндегі денелермен тығыз байланысты, олар геометриялық денелер арқылы беріліп, формалары мен атаулары арқылы космогониялық өрнектер тізбегін айқын бейнелейді. Күн жүйесіндегі планеталар мен шоқжұлдыздарының бейнелері ертегілерде , аңыздарда, оқымысты ғалымдарымыздың жазғанына қарағанда әр ғасырда өзінше бейнеленіп ерте қалыптасты. Оларды археологиялық қазбалардан табылған заттардан көруге болады. Орталық Қазақстаннан табылған қыштардағы «айшық», «жұлдызша» оюдары осының дәлелі. Сол секілді осы оюлар, «Айшық», «ай» өрнегі, жұлдызша оюлары «сақтар» кезінде жасалған көптеген зергерлік бұйымдарда, архитектуралық, сәулет мазарларында көптеп кездеседі. Егер осы күн, ай оюлары ертеден келеді десек, оларға қосымша шұғыла, кемпірқосақ, жарты ай секілді ою үлгілері қосылып космогониялық оюлар қатарын байыта түседі. Аталған оюлар сонымен қатар түр-түстерімен де бөлінеді. Космогониялық оюлар қатарында «Күн нұры», «Күн көзі», «Күн сәулесі», «шыққан,батқан күн», «Ай-таң», «Ай-гүл», «Ай-таңба», «Түнгі ай», «Жұлдыз», «Аққан жұлдыз», «Үркер» секілді өрнектер топтары пайда болды.
Экономикалық бөлігі
Киіз басу жұмысына кететін қаражат жиыны:
Материалдар:
Жүн «Троицкая» (Гребенная лента сливер из тонкой шерсти) цвет: суровый 100гр ˟ 650тг = 650 тг.
Жүн «Пехорка» ( Гребенная лента для сухого и мокрого валяния) цвет: песочный 55гр ˟ 480тг = 480тг.
Жүн «Троицкая» (Гребенная лента полутонкая шерсть) цвет: морские водорос 100гр ˟ 650тг = 650тг.
Жүн «Троицкая» (Гребенная лента полутонкая шерсть) цвет: желтый 100гр ˟ 650тг = 650тг.
Жүн «Пехорка» ( Гребенная лента для сухого и мокрого валяния) цвет: красный 55гр ˟ 480тг = 480тг.
Жүн «Пехорка» ( Гребенная лента для сухого и мокрого валяния) цвет: сини 33гр ˟ 480тг = 160тг.
Жүн «Троицкая» (Гребенная лента полутонкая шерстьмультиколор) цвет: каричнивый 33гр ˟ 650тг = 220 тг.
= 3290 тг
Достарыңызбен бөлісу: |