5. Курстық жұмыстың мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
5.1. Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады:
- титул беті (Қосымша А)
- мазмұны (Қосымша В);
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі ;
- қосымшалар.
Титул беті
Титул беті курстық жұмысының бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу және іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- колледж атауы,
- курстық жұмыс орындалған пән атауы;
-«тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, курстық жұмысының (жобаның) тақырыбының атауы,
- сол жағында - «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан білім алушытің тегі мен инициалдары,
- бір жол төмен «жетекші» деп жазылады және оның тегі мен инициалдары, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің басқа регалилері көрсетіледі.
- қала, жыл.
Титул беті курыстық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титул бетте бет нөмірі қойылмайды.
Білім алушытердің курстық жұмыстарын жазуы кезінде оның әрбір бөлімінің келесі үлгідегі мазмұнын ұстанғаны дұрыс болады.
Мазмұны. Курстық жұмыстың (жобасының) мазмұнына Кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атауы кіреді.
Кіріспе. Курстық жұмысы тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты белгіленіп, курстық жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлім 2-3 тараулардан тұруы мүмкін. Оның ішінде бөлімдер өздері 2-3 параграфтардан тұруы мүмкін. Автор тарауларда берілген тақырыптың теоретикалық және практикалық аспектілерін ашып қарастырады, статистикалық және сандық құжаттар ұсынады, бұл ақпараттар негізделген және нақты болуы тиіс. Мәтін бойынша ақпарат көздеріне сілтеме болуы керек.
Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталған тізім «Қорытынды» бөлімнен кейін диплом жұмысының соңында келтіріледі
Аталған тізімге, білім алушы нақты игерген және курстық жұмыста қандай да бір шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс.
Тізімде ақпарат көздері, курстық жұмыстың мәтінінде оларды пайдалану жалғастығы ретімен көрсетілуі тиіс.
Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жүмысты орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.
Курстық жұмыста қабылданған шешім, барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі үшін білім алушы – курстық жұмыстың авторы жауапты болады.
5.2. Курстық жұмыстың мәтінін ресімдеу тәртібі
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», Негізгі бөлім, тараулардың атауы, «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмысының құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған курстық жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Курстық жұмыстың беттерін нөмірлеу
Курстық жұмыстың беттерін, курстық жұмыстың бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті, курстық жұмысқа тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Титул бетіне, курстық жүмыста Тапсырмада, Мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерленуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады).
Тараулар мен параграфтарды нөмірлеу
Курстық жұмыстың тараулары шегініс жасап абзацпен жазылады және нүктесіз араб цифрларымен белгіленеді, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Иллюстрациялар және кестелер
Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, кескіндер, компьютермен басып шығарылған беттер, диаграммалар, түсірілген суреттер) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар мен кестелер компьютермен орындалған және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға және кестелерге сілтеме жасау қажет.
Иллюстрацияларды және кестелерді жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмірлеу көзделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі
Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмыстың мәтініндегі дерек көздеріне сілтемелер жасаудың реті бойынша орналастыру керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сілтеме жасау көзделеді.
Стандарттар және техникалық шарттарға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер квадратты жақшаға алынады. Мысалы, [2, 17б.].
Газеттердегі ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде нормативтік актілерді қолданған кезде актінің толық атауын, қабылданған күнін және номірін көрсету керек.
Қосымша
Қосымшалар осы курстық жұмыстың жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс және ол курстық жұмыс жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (қосымшасы А).
Достарыңызбен бөлісу: |