«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжі
|
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Керимтаева Ф.Т.________
«____»_______ 20____ ж.
|
Курстық жұмыстарды орындау бойынша жалпы ережелер
Колледждің әдістемелік кеңесінде мақұлданып бекітілді
Хаттама № 1 «27» 09» 2012 ж.
Құрастырған: Г.К.Рахимжанова, колледж әдіскері
І. Жалпы ережелер
Білім алушылардың өзіндік жұмыстар түрлерінің арасында курстық жұмысын жазу маңызды орын алады. Курстық жұмысты дайындау және жазу үдерісі білім алушыға азаматтық қатынастарын азаматтық-құқықтық нормалары арқылы реттеуінде пайда болатын мәселелерді зерттеуде, құқықтық нормаларын зерделеуде өздік ғылыми және тәжірибелік тәсілдердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс білім алушының пән аясындағы білім деңгейі, тәжірибелік ахуалдарды шешуде нормалардың қолдануын білу жөнінде айтуға мүмкіндік беретін өздік шығармашылығы болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың негізгі мақсаттары: пән бойынша бір тақырыбы бойынша білім алушының білімін терендету, теориялық және тәжірибелік материалдардың талдау әдістері мен дағдыларын тауып үйрену, өз ойларын дұрыс, айқын жазбаша түрде білдіру. Сонымен бірге, курстық жұмысты жазу тағы да басқа мақсаттарды көздейді: білім алушының өздік жұмысына бақылау жүргізу, колледж бағдарламасын орындау, емтиханмен бірге, болашақ маман дайындығын тексеру әдістерінің бірі болып саналады. Курстық жұмысын орындау барысында білім алушы пәндер бойынша әдебиетімен жұмыс істей алатынын, қорытындыларды дәлелдеуін, және, ең бастысы-таңдаған тақырыпты ашу, білуін көрсетуге тиісті.
ІІ .Жалпы талап.
Курстық жұмысы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен принтерді қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman.
Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы - 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 25мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек.
Басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелердің ресімделу, ЭЕМБ - дан басып шығарылу сапасы айқын қайталану талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет.
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Тақырыпты таңдау.
Курстық жұмысқа дайындық тақырыпты таңдаудан басталады. Пән ғылымы мен тәжірибесінің рөлі ескеріліп, мамандарға қойылатын жаңа талаптарға сай тақырып өзекті болуға тиісті.
Пәндер бойынша курстық жұмыстардың тізімін пән оқытушыларынан алады. Білім алушы өзі де, тізімде көрсетілмеген тақырыпты таңдай алады, бірақ ол оқытушымен келісілген және осы оқу курстың шегінде болуға тиісті. Курстық жұмысты таңдағанда оның келешекте диплломдық жұмысында пайдалануы мүмкін болғаны жөн.
2. Әдебиетті таңдау
Білім алушының әдебиетті зерделеуі және өздігінен жұмыс жоспарын жасау тақырып таңдаумен байланысты. Ең алдымен, тақырып мәселелерің (сұрақтарын) материал ең оңай түрде берілген оқу әдебиеті бойынша (оқулықтар, оқу құралдары және т.б.) зерделен, сонан соң таңдаған пәндер бойынша әдебиетті пайдалана отыра, тереңдете талдауға көшу керек. Әдебиет көздерін пайдалану барысында конспект (қысқаша жазба) жасалады. Әдебиетті зерделей келе, білім алушы курстық жұмысының жоспарын және қойылған сауалдарға жауаптардың мазмұнын ойластыруға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |