«Саналы адам» Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Кейінгі тас дәуірінде, б.з.б. 40-12 мың жылдықта адам баласы дамуының жаңа кезеңі басталды. Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-35 мың жыл бұрын «епті адам», «саналы адамға» айналды. Сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды. «Саналы адам»өзінің арғы тегіне қарағанда көп ірі жетістіктерге жетті. Ол тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Адамның жетілуінде еңбек шегуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миыдамыды. «Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан екі есе үлкен болды.