Дисциплина: Современная история Казахстана


Автономия құрамына Целиноград облысы Ерейментау, Сілеті аудандарының, Көкшетау облысынан Уәлиханов, Қарағанды облысынан Молодежный аудандарының жерлері берілетін болды



бет3/4
Дата02.02.2023
өлшемі4,81 Mb.
#167266
1   2   3   4
Байланысты:
12 лекция

Автономия құрамына Целиноград облысы Ерейментау, Сілеті аудандарының, Көкшетау облысынан Уәлиханов, Қарағанды облысынан Молодежный аудандарының жерлері берілетін болды.

«Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру туралы шешім 1979 жылдың маусым айында, Мәскеуде, Саяси бюрода қабылданды. Ұсынысты Ю.Андропов жасап, Л.Брежнев, М.Суслов және Саяси бюроның өзге де мүшелері оны қолдады. Бұдан соң Қазақстанда Қазақстан КП ОК-нің екінші хатшысы Коркиннің басшылығындағы ұйымдастыру комитеті құрылды.

Жұмыстың барлығы әдеттегідей: құпия, жергілікті халықтың пікірін қаперге алмастан, аса маңызды факторды – Ерейментау ауданы жерінің қазақтар үшін тарихи маңызының барлығын есепке алмастан жүргізілді. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі басшылардың бірі Бөгенбай батыр тап осы өңірде туған еді.


Ерейментау қаласына кіре берістегі төбеде Бөгенбай батырға қойылған монумент, 1997 жылы орнатылған // www.ereymentau.ru

Алғашқы шерулер мен қарсылық акциялары 1979 ж. 16 маусымда өтті. Ленин атындағы алаңға институттарда, техникумдар мен СПТУ-ларда оқитын мыңға жуық қазақтың студент жастары шықты.


Митингке қатысушылар негізінен облыс орталығындағы ЖОО мен техникумдарының студенттері еді. Жастар қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» және тағы басқа ұрандар жазылған тақ­тайшалар алып шықты.
Сол жерде сағат 10.00-де митинг басталып, қазақ жастары неміс автономиясын құруға қарсы мәлімдемелер жасап, Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Митингке қатысушылар 19 маусымда тағы бір митинг өткізетінін, егер оған дейін билік мәселені оң шешпесе, 22 маусым түнінде алаулы шеру өткізетіндіктерін, оны ҚКП Целиноград обкомына тапсырады.
  • Митингке қатысушылардың саны жөнінде нақты дерек жоқ. Ол түрлі дерек көздерінде 400 адамнан бастап 800 адамға дейін деп әрқалай көрсетіледі.
  • Қазақ жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы хабар халық ара­сына тез тарап, 19 маусымдағы ми­тингке қатысушылар саны одан да көп болды. Бұл жолы шеруге жастар ғана емес, орден-медальдарын таққан соғыс және еңбек ардагерлері, егде жас­тағы адамдар да көп қатысып, шеруге жинал­ғандардың саны 2-4 мың адам шамасында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет