Дисциплина: Стоматологиядағы клиникалық анатомия



бет3/4
Дата11.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#152572
1   2   3   4
Байланысты:
Беттің бүйір аймағының клиникалық анатомиясы.Презентация

Бет көктамыры анастомоздармен vv ophthalmicae және sinus cavernosus арқылы анастомоз жасайды, ал V. faciei profunda арқылы қанатты өріммен, plexus pterygoideus. Бұл анастомоздар беттегі қабыну үрдістерінің таралуында маңызды. Бет венасы немесе оның салалары тромбталған (тромбофлебит) немесе инфильтратпен қысылған жағдайларда V. facialis-тен v. angularis, v. ophthalmica inferior және sinus cavernosus-қа ретроградтық қан ағуы мүмкін. Немесе V. facialis-тен V.faciei profunda, pl. ptеrygoideus-дейін , V emissaria foraminis laceri арқылы sinus cavernosus-қа дейін Септикалық эмбол кавернозды қойнауға еніп, синус тромбозын, менингитті, ми абсцессін, сепсисті тудырады. Бұл асқынулардың ерте болжамы өте маңызды болып есептеледі.
Бет сүйегі, ұрт аймақтарының қанмен қамтамасыз етілуін айтады
Бет сүйегі, ұрт аймақтарының жүйкеленуін айтады
Көз ұясы асты тамырлы - жүйке шоғыры өзімен аттас тесіктен 0,5 см төмен төменгі инфраорбитальды жиектің ортасынан иттік шұңқырдың борпылдақ талшығынан (fossa canina) жоғарғы жақ қойнауының(гаймор) алдыңғы қабырғасына шығады. Көз ұя асты артериясы, a. infraorbitalis, a. maxillaris тармағы. Көз ұя асты көктамыры, V. ophthalmica inferior-ға немесе қанат тәрізді өрімге, pl. pterygoideus ке құяды.Көз ұя асты жүйкесі , N. infraorbitalis-N. maxillaris-тің жалғасы.
Бет сүйегі, ұрт аймақтарының жүйкеленуін айтады
Жоғарғы жақтың алдыңғы бетіне шыққаннан кейін ол бірқатар бұтақтарға бөлінеді, rr. palpebrales inferiores, төменгі қабақтың терісіне, rr. nasales externi, мұрын терісіне және rr. labiales superior жоғарғы еріннің терісіне, осылайша кішкентай қаз табанын түзеді, pes anserinus minor. Өз жолындакөз ұясы жүлгесінде және каналда ол жоғарғы - алдыңғы, ортаңғы және артқы альвеолярлы бұтақтарды береді, олар жоғарғы жақтың қалыңдығында жоғарғы тіс өрімін құрайды, plexus dentalis superior, оның бұтақтары жоғарғы жақтың тістерін жүйкелендіреді.
Иектің тамыр - жүйкелік шоғыры төменгі жақтың аттас саңылауынан көзұясы үстіңгі және көзұясы астыңғы саңылауларымен бірдей тік сызықтан шығады. Үшкіл жүйке тармақтарының шығу нүктелерін басқан кездегі ауырсыну аймақтары Валле ауырсыну нүктелері деп аталады.
Ұрт аймағындағы лимфа ағымы жақастылық және иек лимфа түйіндеріне құяды. Тамырлардың бір бөлігі m. buccinator сыртқы бетінде орналасқан ұрт түйіндерінде үзіледі. Олардың қабынуы, шығарушы түтіктің қысылуына және сілекейдің тұрып қалына әкеліп осы жағдайлар құлақмаңы безінің қабынуына әкеледі.
Ұрт аймағының лимфа ағысын айтады
Төменгі жақтың бұтақтарынан тереңірек самай асты шұңқырында орналасқан.Бұлшықеттері:Самай
Медиальді қанаттәрізді
Латеральді қанаттәрізді
Кеңістіктері:
  • Қанатаралық - медиальды және латеральді қанаттәрізді бұлшықеттер арасында. Құрамында жоғарғы жақ артериясы, төменгі жақ жүйкесі, қанаттәрізді веноздық өрім бар. Қанат тәрізді өрім бет, төменгі жақ арты (негізгі ағыс), көзұялық көктамырлар және кавернозды синуспен байланысады. Кеңістік самай-қанат тәрізді кеңістікпен, көз ұясының қуысымен, ауыздың түбімен, ортаңғы бас сүйек шұңқырымен, қанаттаңдай шұңқырымен, төменгі жақ арты шұңқырымен байланысады
  • Самай-қанаттәрізді – самайлық және бүйір қанаттәрізді бұлшықеттер арасында. Құрамында жоғарғы жақ артериясы, қанаттәрізді веноздық өрім бар (ең беткейінде жатыр). Кеңістік қанатаралық, сүйек -бұлшықет самайлық, қанаттаңдай шұңқырында, майлы шоғыр, көз ұясында, шықшыт безінің орнымен байланысады

Беттің терең аймағы
Инфекция синустарға енуі мүмкін:
эмиссарлар және диплоэтикалық көктамырлар бойымен, қанат тәрізді веноздық өрімдер арқылы, көздік бұрыштық көктамыр арқылы.
Бастың бүйір аймағында абсцесс (флегмона) локализациясы :А-жоғарғы жағы 1 — regio parotidea, 2 — spatium submassetericum; Б-терең аймағы 3 — fossa infratemporalis, 4 — spatium pterygomandibulare, 5 — spatium parapharyngeum


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет