6 . Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік заттарды араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр. Дисперсологиялық сипаттама
Сұйық дәрілік түрлер - еркін дисперстік жүйе.
Рецептте сыртқа қолдануға арналған дозаланбаған сұйық дәрілік түр жазылған. Дисперсті фаза дәрілік заттардың иондарымен, молекулаларымен ұсынылған. Жазба компоненттері үйлесімді. Фурацилин ерітіндісін масса-көлемдік тәсілмен дайындайды.
Технология ерекшеліктері: фурацилиннің бояғыштық қасиетін ескеру қажет.
Технология: таразыда келіге 1,35 г натрий хлоридін өлшеп салып, ұнтақтайды. Келінің саңылауларын натрий хлоридімен ысқылайды, келінің ортасына жинап, центрінен ұңғыма жасайды. Онда 0,03 г фурацилинді өлшеп салады, және араластыра отырып ұнтақтайды. Ұнтақтау және араластыру уақыты – 90 с.
Термотұрақты шыныдан жасалған колбаға 150 мл тазартылған суды өлшеп құяды, оған алдын ала дайындалған ұнтақты қосады. Колбаның ішіндегі фурацилин толығымен ерігенше қыздырады және босатуға арналған флаконға сүзіп құяды.
Орамдау, безендіру: флаконды полиэтилен немесе резина тығынмен тығындап, “Сыртқа қолдануға арналған”, Аптека №, рецепт №, науқастың АЖТ, қолданылау тәсілі, жасалу мерзімі, препарат бағасы көрсетілген этикеткалармен безендіреді. Жеке “Балалардан сақтау”,” Салқын жерде сақтау” деген этикеткалар жабыстырылады
7 . Ерітінді– сұйық, қатты немесе газ тәрізді заттарды тиісті еріткіште немесе аралас еріткіштер қоспасында біртекті дисперсті жүйелер түзе отырып еріту арқылы алынатын сұйық дәрілік форма.
Масса-көлемдік әдіспен жасалатын сыртқа қолдануға арналған спирттік ерітінді. Құрамына Б тізімінің заттары кіреді. Рецепт компонеттері бір бірімен үйлеседі.
Технология: Таразыға новокаин мен анестезинді теңдей 0,5 мөлшерде өлшеп аламыз. Ступкаға біркелкі ұнтақ күйіне енгенше ұсақтаймыз, саңылауларды жабамыз. Ментолды оның физикалық химиялық қасиеттерін ескере отырып, соңында қосамыз (иісі).
Босатуға арналған қара(темный) түсті флаконға воронка арқылы өлшенген, ұнтақталған дәрілік заттарды себеміз. Өлшеу(мерный) цилиндрмен өлшеп алып, сол воронка арқылы 48,07 мл спирт қосамыз. Еріту кезінде қосымша ыдыстың бетін шынымен жабады, себебі еріткіш ұшқыш.
Біркелкі қоспаға дейін ұнтақ ерігенше араластырамыз.
Дайын спирттік ерітіндіні этикеткамен безендіреміз:
«Сыртқа қолдануға арналған", «Балалардан сақтау керек", «Оттан сақтау керек", «Салқын жерде сақтау керек».
8 .Микстура – Микстура-бірнеше қатты заттардың немесе сұйықтықтардың қоспасынан тұратын ішкі қолдануға арналған сұйық дәрілік түрі Микстура-бірнеше қатты заттардың немесе сұйықтықтардың қоспасынан тұратын ішкі қолдануға арналған сұйық дәрілік түрі
Рецептте ас қасықпен өлшенетін ішке қабылдауға арналған ( дозаланбаған) СДФ көрсетілген. Комбинирленген жүйе . Компоненттер үйлесімді.
Технологиясы: Микстура концентрацияланған ерітіндімен дайындалады. Флаконға 200 мл тазартылған су 15 мл 20%-натрий бромидін, 15 мл 20%-калий бромидін, 5 мл кодеин-натрий бензоатын өлшеп салады. Соңында 2 мл Валериан тұнбасын қосады. Барлығын біртекті сұйықтық пайда болғанға дейін араластырады. Алынған ерітінді сүзіледі . Қажет болса, тағы фильтрлейміз. Босатуға безендіреміз.
Босатуға орау
Жарықтан қорғайтын әйнектен жасалған флаконға босатамыз,
«Ішке қабылдауға арналған», «Күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау керек», «Қолданар алдында шайқау керек» деген этикеткалармен безендіреміз.
9 .Сұйық дәрілік форма – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік заттарды араластыру н/е еріту арқылы алынатын дәрілік түр.
Рецепт құрамындаэмульсия көрсетілген және онда Б тізіміне кіретін зат бар. Компоненттер бір бірімен үйлесімді.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Эмульсия-басқа сұйықтыққа бөлінген сұйықтықтың микроскопиялық тамшыларынан тұратын дисперсті жүйе.– еркін сұйық дисперсті ортасы бар дәрілік түр болып табылады.
Технологиясы:Эмульсия біріншілік эмульсия алудан басталады.
Оны алу үшін 14.0 г Тазартылған суда 10г желатоза езеді. Буландыратын ыдыста 2.0 камфора 18 г күнбағыс майында 40 -50 С температурада ерітіледі . Су эмульгаторының қоспасына май ерітіндісін қосады. Май ерітіндісін бөліктермен қосады, оны қосқан кезде, әрбір келесі бөлік алдыңғы бөлік эмульсияланған кезде ғана қосылады.
Алынған бастапқы эмульсия 156 мл сумен сұйылтылады. Сұйылтқаннан кейін эмульсияны босатуға арналған құтыға құяды. Ең соңында, кішкене бөліктерде 20 мл қант сиропын қосып, абайлап шыны таяқшамен араластырамыз.
Босатуға орау:
қара шыны флаконға бұрандалы қақпағы бар тығыз пластмасса тығынмен жабамыз. Рецепт нөмірін жазып, «Ішке қолдануға арналған», «Салқын жерде сақтау керек», «Қолданар алдында шайқау керек» деген этикеткаларды жапсырамыз.
10. Тамшылар - аз мөлшерде жазылған және тамшымен дозалынатын, нағыз және коллоидты ерітіндіден тұратын сұйық дәрілік түр.
Тамшымен дозалау – осы дәрілік түрдің жалғыз ерекшелігі. Тамшы түрінде дәрілік заттардың сулы, айлы, глицеринді және спиртті ерітінділері, сонымен бірге тұндырмалар, сұйық экстракттар және басқа препартаттар жатады.
Құрамында Б тізімінің дәрілік заттары бар. Пропись компонеттері бір бірімен үйлесімді.
Технологиясы:
Алдымен жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды стерильдеп, дайындап аламыз. Қосымша ыдысқа тазартылған судан 10мл өлшеп құямыз, онда новокаинның 0,2г-ын ерітеміз. Содан келіге қол таразыда сульфацил-натридын 3,0г-ын өлшеп алып, ұнтақтаймыз, димедролдың 0,1г-ын, фурацилиннің 0,002г-ын таразыда өлшеп, келіге салып, ұнтақтаймыз. Біркелкі болғанша араластырамыз. Дайын болған ұнтақтар қоспасын новокаин еріген ерітіндіге қосып, ерітеміз.тЕрітіп болған соң, ерітіндіні алдын-ала тазартылған сумен жуылған фильтр арқылы сыйымдылығы 20мл қоңыр түсті босататын құтыға сүземіз. Сол фильтр арқылы судың қалған бөлігін 10мл сүземіз. Тығындап, гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргілейміз.
Безендіру: Негізгі этикетка «Ішке», ескерту этикеткасы «Салқын, жарық түспейтін жерде сақта» , «Балалардан сақта», «Қолданар алдында шайқау» жапсырылады.
11.Суспензиялар – сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр. Әсер ету эффективтілігі бойынша суспензиялар ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады.
Масса - көлемдік әдіспен дайындалады. Рецепт компоненттері бір бірімен үйлесімді.
Технологиясы:
Алдымен жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды стерильдеп, дайындап аламыз. Өлшегіш цилиндр арқылы 70мл тазартылған суды өлшеп, қосымша ыдысқа құяды. Онда таразыда өлшенілген 0,5г натрий хлоридін ерітеді. Босататын құтыға сүзеді. Өлшегіш цидиндр арқылы аммиак ертіндісін өлшеп, натрий хлориді ерітіндісіне құйылады. 10мл камфора спиртін өлшеп алып, қосымша ыдысқа құяды. Бағанағы дайындалған ерітіндінің кішкене бөлігін камфора спиртіне құйып, араластырады. Араластырып болған соң, дайын болған суспензияны бағанағы натрий хлорид+аммиак ертіндісіне құйып, тығындап, безендіреді.
Босатуға орау:
Суспензияларды түссіз флаконда босатады. Флаконды полиэтилен тығынымен тығыз жабады.
Негізгі этикетка «Ішке», ескерту этикеткасы «Салқын, жарық түспейтін жерде сақта» , «Б
12 .Инъекцияға арналған ерітінді –дәрілік заттардың немесе заттың арнайы еріткіштегі инъекциялық енгізуге арналған сулы немесе сусыз ерітіндісі.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Инъекциялық ерітінді - мөлшері 1 мкм дейінгі өлшемдегі ион мен молекулалардан тұратын гомогенді дисперсті жүйе.
Рецепте жұлын анестезиясы үшін инъекцияға арналған ЖЛФ көрсетілген. Рецепт компоненттері бір бірімен үйлесімді. Б тізімінің препараттарын кездеседі.
Технология:
Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі дайындалатын ыдысқа инъекцияға арналған суды өлшеп, онда алдын-ала 120С 2 сағат стерильденген 0,5 новокаинді қосамыз. Жұлын анестезиясы үшін бұл ерітіндісі тұрақтандырғышсыз дайындалатын болғандықтан, басқа артық еш нәрсе қоспаймыз. Ерітінді сыйымдылығын 10 мл флаконда фильтрлеп, химиялық құрамының талдауына жіюереміз.
Босатуға орау.
Дайын ерітінді тұрған шыны флаконды стерильді резеңке тығынмен тығындайды. Рецепт номері жазылады, «Инъекцияға арналған» «Стерильді», «Салқын және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» деген көк түсті этикеткамен безендіреді.
13. Майлы эмульсияларды дайындау ережелері:
1. Егер май атауы көрсетілмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады.
2. Егер рецептте май мөлшері көрсетілмесе, онда 100 г эмульсия дайындаймыз ол үшін 10 г май аламыз 1: 10 қатынасында.
3. Эмульсияны дайындау технологиясы 2 кезеңнен тұрады: 1. бастапқы эмульсияны алу 2. оны сумен сұйылту.
4. Эмульсия эмульгаторды маймен және сумен ысқылау арқылы дайындалады.
5. Біріншілік эмульсия алуда май, су, эмульгатор мөлшері қатынастары дурыс сақталуы керек. Су май мен эмульгатор мөлшерінің жартысына теңдей етіп алынады.
Біріншілік эмульсия 3 тәсілмен дайындалады:
1.Келіде эмульгатор мен майды ысқылайды содан соң су қосады сытырлаған дауыс естілгенше ысқылайды.
2.Эмульгатор мен суды ысқылайды кейін май қосады.
3.Ысқыланған эмульгаторға май мен суды қосады тез ысқылайды.
6. Эмульсия дайындағанда келсаппен бір бағытта жүргізу керек. Әр бағытта қозғалтса процесс баяулайды.
Эмульсия –бұл эмульгаторлармен біркелкі араласатын екі фазадан, майдан және судан тұратын зат.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Эмульсия-басқа сұйықтыққа бөлінген сұйықтықтың микроскопиялық тамшыларынан тұратын дисперсті жүйе. – еркін сұйық дисперсті ортасы бар дәрілік түр болып табылады.
Рецептте жазылған компоненттер бір бірімен үйлесімді.
Технология:
Ступкада бастапқы эмульсия түзуге арналған 9 мл суға 6,0 желатоза ұнтақтаймыз. Кішкене бөліктермен қосып, мұқият араластыра отырып, 12,0 кастор майын қосамыз. Енді біріншілік эмульсияны сұйылту үшін 92 мл судың бөлшектермен қосамыз, мұқият араластырамыз. Эмульсия дәкенің қос қабаты арқылы подтавкаға сүзіліп, үстіне қалған суды қосады. Үлкенірек ступкаға 2,0 фенилсалицилат 1,0 желатозамен және 1,0 дайын эмульсиямен ұнтақталады, Мұқият ұсақталып, араластырылады, сосын бүкіл эмульсия мен 10 мл қант шәрбатының бөлшектермен қосамыз.
Босатуға орау:
дайын эмульсияны сыйымдылығы 150 мл қызғылт сары шыны құтыға (май, фенилсалицилат жақсы тығындалып, жарықтың әсерінен қорғайды) ауыстырады, "ішкі", "салқын жерде сақтау", "қолданар алдында шайқау"деген заттаңбамен босатуға ресімдейді
14. Жақпа май – теріге, жараларға немесе шырышты қабықтарға жағуға арналған, яғни сыртқа қолдануға арналған дәрілік заттар мен негіздерден тұратын жұмсақ дәрілік түр. Жақпа тұтқыр консистенцияға ие.
Күшті әсер ететін заты бар эмульсиялық негіздегі жақпа-эмульсия болып табылатын сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр жазылған.
Дисперсологиялық сипаттамасы
тұтқырлығы жоғары дисперсиялық ортасы және сұйық дисперсті фазасы бар гетерогенді жүйе (эфедрин гидрохлориді эмульсия түрі бойынша енгізіледі).
Технологияның ерекшеліктері:
Камфора ұшпа қасиеттері мен өзіне тән иіске ие, сондықтан ол жақпаға соңғы рет қосылады.
Технология.
Жақпа қанағаттанарлықсыз түрде дайындалған. Жақпа құрамында эфедрин гидрохлориді болғандықтан, оны босату дозасын тексеру қажет. Студент дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерін ескермеген және оларды негізге енгізу ережелерін бұзған.
Бұл жақпа өндірісінде ментол липофильді негіздерде еритін зат ретінде балқытылған вазелинде (Фарфор ыдыста 45 — 50°C-тан аспайтын температурада) ерітілуі керек болған. Эфедрин гидрохлоридін ерітіндіге салып, оның суда ерігіштігін ескере отырып (1:5) 4-5 тамшы суда ерітеміз. Су ерітіндісін ланолинмен эмульсиялаймыз, вазелинге ментол ерітіндісін қосамыз және бәрін біртекті болғанша мұқият араластырамыз.
Дайын жақпа кең аузы бар банкаға салынады.
Босатуға орау.
Жақпа үшін банка оның массасы мен ингредиенттердің қасиеттеріне сәйкес таңдалады. Жақпа астына стерильді пергамент қағазының бір бөлігі салынған, бұрандалы қақпағы бар қара шыны банкаға босатылады.
"Сыртқа қолдануға арналған" деген негізгі этикетка, "Салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтау", "Сақтықпен қолдану "деген қосымша ескерту жазулары бар этикеткамен безендіріледі. Жақпаны сургучный печатьпен мөрлеп, босатылғанға дейін жабылатын шкафта сақтайды.
15 .Тамшылар - ішкі немесе сыртқы қолдануға арналған сұйық дәрілік түрі. Рецептте күрделі сұйық, көзге арналған нағыз сулы ерітінді жазылған.
Дисперсологиялық сипаттама.
Тамшылар – еркін сұйық дисперсті жүйені қамтитын дәрілік форма.
Рецептте көзге тамызуға арналған тамшылар көрсетілген. Рецепт компонеттері бір бірімен үйлесімді.
Технология ерекшеліктері:
Көз тамшылары тұрақты болуы керек. Аскорбин қышқылы-оңай тотығатын зат. Оның ерітінділері тұрақтандырғыштың қатысуымен тұрақты. Тұрақтандырғышты дәрігердің нұсқауы бойынша қосады. Бұл жағдайда ол көрсетілмеген.
Технология:Құтыға стерильденбеген рибофлавиннің 10 мл концентрациял ерітіндісін өлшейміз, онда 0,05 аскорбин қышқылын, 0,05 натрий хлоридін және 0,22 глюкозаны ерітеміз. Фильтрді дайындау. Ерітіндіні цилиндрге фильтр арқылы сүземіз және сол фильтр арқылы көлемді жаңа қайнатылған сумен 10 мл дейін жеткіземіз. Ерітіндіні босатуға арналған құтыға мойнына дейін құямыз, тазалығына тексереміз, домалатып тығындаймыз, алдын ала таңбалаймыз. 100 градуста – 30 минут ішінде сұйық бумен зарарсыздандырамыз.
Босатуға орау.
Құтыны дәріхана, рецепт номері, жасалған күні, аурудың аты-жөні, қолдану тәсілі бар “Көз тамшылары” этикеткасымен безендіреді. Сонымен қатар “Асептикалық дайындалған”, “Салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтау”, “Балалардан қорғау” этикеткаларымен де безендіреді.
16 .Жақпа май– теріге, жараларға немесе шырышты қабықтарға жағуға арналған, яғни сыртқа қолдануға арналған дәрілік заттар мен негіздерден тұратын тұтқыр консистенцияға ие жұмсақ дәрілік түр.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Жақпа май формасыз дисперсті жүйені ұсынады. Рецептте сыртқа қолдануға арналған жақпа май көрсетілген. Рецепт компоненттері бір-бірімен үйлесімді.
Технологиясы: Ступкаға 0,1 г салицил қышқылы мен 0,3 г висмут нитратын таразымен өлшеп саламыз, 12 тамшы вазелин майын қосып, жұқа пульпа пайда болғанға дейін мұқият жағамыз (растираем). Вазелиннің 8 г мөлшерін бөліктермен қосамыз, сосын біртекті масса пайда болғанша араластырылады. 2,0г сусыз ланолинді дәл солай бөліктермен массаға қосамыз. Біртекті массаға дейңн жақсылап араластырылады. Шпательмен ступка қабырғаларын тазалап, тегістілікті тексереміз (равномерность).
Босатуға орау:
дайын жақпа майды фарфор, шыны немесе пластмасса банкаға саламыз, оны қақпақпен жауып және "Сыртқы" этикеткасымен және "Салқын жерде сақтау", "Жарықтан қорғалған жерде сақтау", "Балалардан сақтау"деген ескерту жазуларымен ресімделеді.
17. Суппозиторийлер (Suppositoria) – бұл бөлме температурасында қатты және дене температурасында еритін дозаланған дәрілік формалар.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Суппозиторийлер-дисперсиялық ортадан (негізден) және дисперсті фазадан (қатты немесе сұйық күйдегі әртүрлі ДЗ) тұратын дисперсті жүйелер.
Рецепт компоненттері бір бірімен үйлесімді.
Технология ерекшеліктері:
Ихтиолдың өткір иісін ескеру қажет.
Технология.Ступкаға 0,8г мқлшердегі дерматолды өлшеп алып, ұсақтаймыз. Ұсақталған ұнтаққа бөлшектермен 8,0 ұсақталған какао майы қосылады. Массаны пестикпен басып, дерматолмен біртекті түрге дейін араласқанша мұқият ұсақтаймыз.. Алынған массада лунка жасаймыз, оған 0,6 ихтиол дозасын енгіземіз де, соңында пластичный масса алынғанша барлығын жақсылап пестикпен басып тұрып, араластырамыз. Масса парафинді қағаздан жасалған капсулаға жиналады, өлшенеді, рецепт пен паспортта белгіленеді. Әрі қарай, масса пилюльді машинасының әйнегіне жіберіледі және тақтайшаның көмегімен кескішімен оны 4 дозаға бөлеміз. Содан кейін жолақтарға кесіліп, тақтаның көмегімен дайын суппозиторийлер пайда болады.
Босатуға орау
Алынған суппозиторийлер балауыз қағазға (косыночки) оралып, картон қорапқа салынып, үстіне вощенный қағазбен жабылады.
"Сыртқы" этикеткасымен, "Салқын жерде сақтау керек" , "Балалардан сақтау керек" деген ескерту жазуларымен безендіріледі.
18 Инъекцияға арналған ерітінді –дәрілік заттардың немесе заттың арнайы еріткіштегі инъекциялық енгізуге арналған сулы немесе сусыз ерітіндісі.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Инъекциялық ерітінді - мөлшері 1 мкм дейінгі өлшемдегі ион мен молекулалардан тұратын гомогенді дисперсті жүйе.
Рецепте ішке инъекцияға арналған ЖЛФ көрсетілген. Рецепт компоненттері бір бірімен үйлесімді. Б тізімінің препараттарын кездеседі.
Технология ерекшеліктері
Барлығы асептика жағдайында өтуі керек
Технологиясы
Стерильді жерде, стерильді подставкада 2,5 г новокаин ерітіледі және инъекцияға арналған судан 41 мл мөлшерде қосылады. Оның үстіне 6 мл хлорсутек қышқылының ерітіндісін пипеткамен қосады. Артынша натрий тиосульфаты қосылады. Ерітінді біркелкі күйге клегенше араластырылады. Ерітінді стерильді фильтр қағазы және медициналық мақта арқылы шыны флаконға фильтрленеді.
Босатуға орау.
Дайын ерітінді тұрған шыны флаконды стерильді резеңке тығынмен тығындайды. Рецепт номері жазылады, «Инъекцияға арналған» «Стерильді», «Салқын және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» деген көк түсті этикеткамен безендіреді.
19 Инъекцияға арналған ерітінді –дәрілік заттардың немесе заттың арнайы еріткіштегі инъекциялық енгізуге арналған сулы немесе сусыз ерітіндісі.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Инъекциялық ерітінді - мөлшері 1 мкм дейінгі өлшемдегі ион мен молекулалардан тұратын гомогенді дисперсті жүйе.
Рецепт компоненттері бір бірімен үйлесімді.
Технология.
Ерітінді дайындау үшін барлық жағдайларды жасаймыз. Стерильденген ыдысқа 8,8мл тазартылған инъекцияға арналған су құйып, оны қыздырамыз. Оған 1г глюкозаны қосып, ерітеміз. Кейін Вейбель сұйықтығының 0,5 мөлшеріп құйып, араластырамыз. Ерітінді суығанша күтеміз. Глюкоза микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта болғандықтан, оны стерильдеу қажеттілігі туындайды. Термиялыщ стерилизацияны 120С 15 минут ішінде жасаймыз.
Босатуға орау.
мөлдір түстес флаконға резеңкелі пробкамен (под обкатку) жақсылап жауып, рецепт нөмірін жапсырамыз. "Инъекцияға арналған", "Стерильді", «Салқын және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» деген көк түсті этикеткамен безендіреміз.
20 . Инъекцияға арналған ерітінді –дәрілік заттардың немесе заттың арнайы еріткіштегі инъекциялық енгізуге арналған сулы немесе сусыз ерітіндісі.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Инъекциялық ерітінді - мөлшері 1 мкм дейінгі өлшемдегі ион мен молекулалардан тұратын гомогенді дисперсті жүйе.
Рецепт компоненттері бір бірімен үйлесімді.
Технология.
Алдымен стерильді подставкаға инъекцияға арналған суды өлшеу цилиндрімен өлшеп құяды. Артынша ол суда 0,5 натрий хлоридін, 0,1 калий хлоридін ерітеді. Сосын 0,4 натрий гидрокарбонатын қатты шайқауға, араластырмауға тырысып, ерітеді. Ерітінді құрамына енетін дәрілік заттар ерігеннен кейін ерітіндіні двойной стерильдк беззольді фильтр арқылы үстіне мақта қойып, бірден стерильді флаконға фильтрлейді.
Стерилизация.
Флаконды стерильді рәзеңкелі пробкамен жабады, металлдық колпачокпен бекітеді. Артынша ерітіндіні 120С та буландырғыш стерилидаторда 8 минут ішінде стерильдейді. Флаконды ашуға тек стерилизациядан 2 сағат өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Босатуға безендіру.
Флаконды көк түсті "Инъекцияға арналған" деген негізгі этикеткамен безендіреді. Қосымда этикеткалар: "Балалардан сақтау", "Салқын жерде сақтау".
Достарыңызбен бөлісу: |