Дисперстік бөлшектердің өлшемдері, нм


Дисперсті жүйелердің сандық сипаттамалары



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі33,23 Kb.
#81166
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 ДӘРІС (1)

Дисперсті жүйелердің сандық сипаттамалары

Дисперсті жүйелер дегеніміз бір фазасының бөлшектерінің өлшемдері 1 нм - 10 мкм аралығында болатын гетерогенді жүйе. Дисперсті жүйелер табиғатта кең таралған және өндрісте кеңінен қолданылады. Дисперсті жүйелердің бірнеше мысал-дарын келтірейік:


Эмульсиялар – бір сұйықтықтың тамшылары екінші сұйықтықта таралған.
Аэрозольдер – ауада (немесе кез келген газда) таралған қатты бөлшектер не тамшылар.
Коллоидтық ерітінділер – сұйық ортада таралған қатты бөлшектер.
Өлшемдері 1 нм - 10 мкм аралығында жататын бөлшектер-ді коллоидтық дисперстік бөлшектер деп атайды. Агрегаттық күйі бойынша дисперстік бөлшектер қатты, сұйық не газ тәрізді болуы мүмкін, сонымен қатар олардың құрылымы да күрделі бола алады.
Дисперстік бөлшектер дисперстік фазаны құрайды. Дис-перстік бөлшектер біркелкі фазада таралады, ол – дисперсиялық орта. Дисперсиялық орталар да қатты, сұйық не газ тәрізді болуы мүмкін.
Дисперсті жүйелерді сандық түрде бейнелеу үшін төмендегіндей сипаттамалар пайдаланылады:

  1. Дисперстік бөлшектердің орташа ( ), минимал ( ) және максимал ( ) өлшемдері.

  2. Бөлшектердің концентрациясы (ν, м-3) – дисперсиялық ортаның көлем бірлігіндегі (V) дисперстік бөлшектердің саны (nd):

.

  1. Дисперстік фазаның меншікті беттік ауданы:



, м2.

Мұндағы sn – массасы m грамм дисперстік бөлшектердің жалпы ауданы, м2.


Шар не куб тәрізді монодисперстік (яғни дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері (d) бірдей) бөлшектер үшін меншікті беттік аудан бөлшектердің өлшеміне кері пропорционал:


,

мұндағы ρd – дисперстік фаза затының тығыздығы.


Осыдан өлшемі 1 мкм болатын бөлшектер үшін меншікті беттік аудан ~10 м2/г болса, ал нанометрлік аралықтағы бөлшектер үшін ~103 м2/г-ды құрайтынын аңғару қиын емес.

  1. Дисперстілік (D) – барлық дисперстік бөлшектердің ауданының дисперстік фазаның барлық көлеміне қатынасы:



D = sn/Vn ,

біркелкі шар не куб тәрізді бөлшектердің дисперстілігі D= 6/d, м-1.



  1. Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның шекара-сындағы беттік керілу – фазалардың бөліну бетін сипаттайтын негізгі термодинамикалық параметр, сұйықтықтар үшін беттік меншікті бос энергияға тең. Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның табиғатына қарай беттік керілу кең аралықта өзгеруі мүмкін.

  2. Дисперсті жүйенің өмір сүру уақыты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет