Дисперсті жүйелердің жіктелуі
Жоғарыда айтылғандай, коллоидтық химияда қарастыры-латын дисперсті жүйелер гетерогенді болғандықтан, олар кем дегенде екі фазадан тұрады: біреуі біркелкі, дисперсиялық орта; екіншісі ұсақталып, дисперсиялық ортада таралған дисперстік фаза.
Дисперсті жүйелердің қасиеттері алуан түрлі болған-дықтан оларды жіктеу үшін бірнеше көрсеткішті қолдану керек.
Дисперстілік бойынша жіктелу.
10-7÷10-5см (1÷100 нм) – жоғары дисперсті, ультрамикро-гетерогенді жүйелер.
10-5÷10-3см (0,1÷10 мкм) – микрогетерогенді жүйелер.
10-3÷10-2см – дөрекі (төмен) дисперсті жүйелер.
Жоғары дисперсті жүйелерге зольдер жатады, диспер-сиялық ортаның агрегаттық күйіне қарай оларды креозольдер (дисперсиялық орта - қатты), лиозольдер (дисперсиялық орта - сұйық) және аэрозольдер (дисперсиялық орта - газ) деп бөледі. Жоғары дисперсті жүйелер қарапайым сүзгілерден өтіп, ал ультрафильтрлерден өтпей, оптикалық микроскоптан көрінбей-ді. Микрогетерогенді жүйелерге суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер және ұнтақтар жатады. Мұндай жүйелердің өндірісте, әсіресе, химиялық технологияда маңызы зор. Олар қарапайым фильтрлерден өтпейді, қарапайым микроскоптан көрінеді.
Агрегаттық күйі бойынша жіктелу. Дисперсті жүйелер тоғыз топқа бөлінеді, олар 2-кестеде келтірілген
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |