Зерттеумақсаты:болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығын теориялық тұрғыдан негіздеу жасау және әдістемесін жүйелеу.
Зерттеунысаны:жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау.
Зерттеупәні:болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануғадайындау үдерісі.
Зерттеудіңболжамы: балалардың ерекше қажеттіліктерін және мектептегі білім беру жүйесінің талаптарын ескере отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану даярлығының нәтижесін жорамалдауға болады, егерболашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияныпайдалану даярлығының теориялық негіздері анықталып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі мен оның тиімділігін бағалайтын, эксперименталды түрде дәлелденген инклюзивті білім беру жағдайындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыратын арнайы курс бағдарламасы жоғары оқу орнында педагогикалық үдеріске енгізілсе, ондастуденттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану дағдылары дамып, кәсіби шеберлігі артады, өйткеніосындай модельдегі болашақ мамандыдайындау қоғам сұранысына сай сәйкестендіріледі.