Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет21/48
Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135299
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

Нәтижелер:

    1. Д.Амантайдың постколониалды мемлекет ретінде жаңа деңгейде дами бастаған әдебиетке Кеңес Одағы ұсынған соцреализмнен саналы түрде бас тартып, жаңа эксперименттер керектігін ұғынғандығы анықталды;

    2. Автордың постмодернизм бағытында жазуына мемлекеттегі және әдебиеттегі дағдарыстың әсері себеп болғандығы айқындалды;

    3. «Гүлдер мен кітаптар» романындағы сілтемелер анықталып, шартты түрде төмендегіше жүйеленді:

  1. әдеби мәтіндер мен теориялық еңбектерден алынған интертекст;

  2. мифтер мен түркі тарихын зерттеуге арналған еңбектерге жасалған интертекст;

  3. діни мәтіндер мен оларды зерттеуге арналған еңбектерге жасалған интертекст;

    1. «Гүлдер мен кітаптар» романы мен постстуктуралист Р.Барттың еңбектері арасындағы интертекстуалдық байланыстарды қарастыра келе, Д.Амантайдың романын «автордың өлімі» және «интертекстуалдылық» теориясын негізге ала отырып жазылғандығы дәлелденді;

    2. Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы мен У.Эконың «The Name of the Rose» романы, «Postscript to The Name of the Rose» эссесі, Х.Л.Борхестің «Вавилон кітапханасы» әңгімелері арасындағы интертекстуалдық байланыстарды қарастыра отырып, интертекске негізделген роман тудыруда олардың тәжірибелеріне сүйенгендігі анықталды.

Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» және Ә.Байболдың «Ормандағы жиын» әңгімелерін постмодерн дәуірінде туындаған шығармаларда интертекст арқылы жасалған жаңашыл тәжірибелер ретінде қарастырамыз. Біз нысан етіп алып отырған Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» және Ә.Байболдың
«Ормандағы жиын» әңгімелерінде постмодернизмнің ықпалы орын алғанымен, толықтай постмодернистік шығарма санатына қосуға келмейтін эксперименттік бағытта жазылған туындылар. Мұнда авторлар постмодернизмнің кейбір тәсілдерін құрал ретінде пайдалана отырып, дәстүрлі әдебиеттің қалыпты арнасын бұзып жаңаша туынды жазуға талаптанған секілді. Десек те дәстүрлі әдебиеттің ықпалынан түбегейлі қол үзіп кете алмаған. Бірақ қалай алып қарасақ та, бұл шығармалар – постмодерн дәуірінің жемісі. Сондықтан аралық мәтін ретінде әрі тәжірибе мақсатын басты назарға ұстай отырып, оның қандай деңгейде жүзеге асырылғанына тоқталмақпыз.
Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесінде интертекст реминисценциялық әдіс арқылы жүзеге асқан. Автордың мәтінде әдейілеп немесе абайсызда басқа көркем шығарманы (фразаларды немесе образдарды), белгілі мәдени өмірімізде болып жатқан құбылысты еске түсіріп жаңғыртатын реминисценцияға әдебиеттану терминдері сөздіктерінде төмендегіше анықтама берген: «Реминисценция – это использование в литературном произведении выражений из других произведений, а то и фольклора, вызывающих у автора некую другую трактовку; порой заимствованное выражение бывает несколько изменено (М.Лермонтов – «Город пышный, город бедный» (о Санкт- Петербурге) – у Ф.Глинки «Город чудный, город древний» (о Москве) [56, с. 9]. Сонымен реминисценция мәтіннің өзінен бұрынғы шығармалардағы сөздерді, сөз тіркестерін, белгілі шығарманың атауын, авторын, не кейіпкерін шығармасына саналы, яки санасыз түрде кірістіре отырып жаңаша жазуға негізделеді. Оның дәйексөзден айырмасы тырнақшасыз алынуымен қатар, шығармашылыққа негізделуінде болып табылады. Әлем әдебиетінде өзіне дейінгі авторлардың шығармаларын санадан тыс қолдану тәжірибелері көптеп кездеседі. Мысалы, неміс жазушысы Герман Гессенің «Игра в бисер» (1943), ирландық автор Джеймс Джойстың «Улисс» (1922), ағылшын жазушысы Энтони Берджестің «Долгий путь к чаепитию», американдық ақын Эзра
Паундтың шығармалары сөзімізге дәлел бола алады.
Анықтап алған терминнің теориясына сәйкес, шығарманы тарата талдайық:
«Бала кезінде ең жақсы көріп тыңдайтын ертегісі «Ер Төстік» еді. Әжесі таңғажайып хикаяны айтып болып, – Міне, немелтайым, осындай да кеп болған екен, – дейтін күрсініп», – деп Т.Әсемқұлов мәтіннің қазақтың ауыз әдебиетіндегі белгілі «Ертөстікті» ертегісімен байланысына ишара жасаса,
«Түнде түсіне, Ерназарды құдықтың жанында ұстап алып азапқа салған Бекторы кіреді. Оянғанда көргенін әжесіне айтатын.
– Ол жын-пері ғой, ойлама, – деуші еді бұндайда әжесі, – Құдай Бекторыны кездестіргеннен сақтасын» [57], – деп әңгіме ертегі кейіпкері Бекторыға байланысты екендігін білдіріп, тағы да атап өтеді. Алайда ертегідегі есімдер кірістірілгенімен, автор мүлде жаңа мазмұндағы шығарма жазып шыққан. Реминисценцияның кілті және жай көшіріп алудан ерекшелігі шығармашылдықта дейтін болсақ, жазушы да белгілі ертегідегі «зұлымдық иесі пері қызы» мотивін жандандыра отырып, тек қарадүрсін қайталаудан бойын
аулақ сала отырып, адамзат баласының ақыл-ойына жүк түсіріп, ғасырларды артқа тастап күні бүгінге дейін санасын сансыратқан сұрақтарға кейіпкері Бекторының сөзімен: «– Адамзат өзінің осы жолға қалай түскенін, бүгінгі күйіне қалай жеткенін білмейді. Себебі ақылы кеміс. Адамзат бүгінгі ахуалына бір күнде келген жоқ. Және адам, инсан, әлмисақтан арғы көне дүниеде мүлдем басқа болған. Ақ пен қара, жалған мен ақиқат, жамандық пен жақсылық дегенді сендердің миы ауысып кеткен философтарың ойлап шығарған. Дүниеде өз бетінше тұрған жамандық яки жақсылық болмайды. Қандай да болмасын сөз яки іс өзінің айтылуының немесе тындырылуының ыңғайына қарай жаман, я жақсы болып шығуы мүмкін. Ақылды тәуіптің тілектестікпен айтқан өтірігі ауыруға шипа болады. Осыны өтірік деп көрші. Әлемдегі ең ізгі деген ақиқат, антұрған мұнафұқтың аузынан шыққанда былғаныш кептегі жалған сөз болып шығады. Бұдан кейін оны қалай ақиқат санайсың», – деп философиялық тұжырым айтуға тырысады.
Сонымен қатар жаңа мазмұндағы шығармада түрлі халықтардың фольклоры мен көркем шығармаларына (Гёте «Фауст», Т.Манн «Доктор Фаустус», М.Булгаков «Мастер и Маргарита», Ф.М. Достоевский «Братья Карамазовы») арқау болған әзәзілмен келісімге келу мотиві де кірістірілген.
«Ер Төстік» ертегісінде:
Оған разы болмасаң, Атамасым атайын, Сегізінен бір бөлек Жалғызымда қуат боп, Жаяуымда қанат боп, Ер Төстігім ең кенжем, О да болсын сенікі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет