Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет19/48
Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135299
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

«автор-әке» тірек сөздеріне сүйене отырып жазылған. Р.Барт: «...считается, что Автор вынашивает книгу, то есть предсуществует ей, мыслит, страдает, живет для нее, он так же предшествует своему произведению, как отец сыну» [11, с. 387] немесе «...чтобы обеспечить письму будущность, нужно опрокинуть миф о нем – рождение читателя приходится оплачивать смертью автора» [11, с. 340] десе, Д.Амантай автордың бар қабілет-қарымы мен дарынын бойына сіңірген мәтін тәуелсіз болуы тиіс, мәтін өміршең дүние болса, автордың дәрежесіне мұқтаж болмайды, әрі түрлі көзқарастарды арқалап мәңгілік өмір сүре беретіндігін айтады. Жазушы романында интертекстуалдылық, «автор өлімі» тұжырымдамаларына тоқтала отырып, өз романын жазудағы басты қағидаларын оқырманына түсіндіріп отырғандай әсер қалдырады.
«Гүлдер мен кітаптар» романының У.Эконың «Il nome della Rosa» («Раушан гүлінің аты») романы мен «Postille al nome della rosa», («Раушан гүлінің аты» жолдарына аннотациялар) атты зерттеу еңбегіне де айтарлықтай тұспалдардың (аллюзиялардың) бар екендігіне зерттеу барысында көз жеткіздік. «Postille al nome della rosa», («Раушан гүлінің аты») жолдарына аннотацияларда» қамтылған романды тудыру үдерісін сипаттау, романға кіріспес бұрын қандай дайындық жасады, қандай дереккөздермен жұмыс жасады, «романның баяндаушысы кім?», романды жазу себептері мен оның құрылымы т.б. тәрізді сұрақтарға «Гүлдер мен кітаптардың» «Жазбалар» [28, б. 119-121], «Рисале-Түркі-Уақиға» [28, б. 46-50], «Ештеңе» тарауларында жауап берген. Авторлар бірдей сұрақтарға жауап беріп отырса да, жауаптары романның деңгейіне орай әртүрлі шыққан. Мұндағы ишара, тұспал ортақ сұрақтарға жауап беруге тырысуынан байқалады. Мысалы, романға әзірлік барысында «қандай деректер жинадым?» деген сұраққа У.Эко «Монография 1956 года по средневековой эстетике, сотня страниц 1969 года на ту же тему; несколько статей между делом; занятия средневековой культурой в 1962 году, в связи с Джойсом; наконец, в 1972 году – большое исследование по Апокалипсису и по иллюстрациям к толкованию Апокалипсиса Беата Лиебанского: в общем, мое средневековье поддерживалось в боевой готовности. Я выгреб кучу материалов – конспектов, ксерокопий, выписок. Все это подбиралось начиная с 1952 года для самых непонятных целей: для истории
уродов, для книги о средневековых энциклопедиях, для теории списков...» [31, с. 18] деп жауап жазса, Д.Амантай: «Бұл романда, негізінен, байырғы түркі аңыз-әпсаналары, ертегі желілері, батырлар жырлары, ғашықтар баяндары және Дешті-Қыпшақ даласы мен мәдениетіне ықпал еткен пәлсапалық бәйіттер, жүйелі діни ойлар кеңінен қолданылатын болады» [28, б. 120], – дейді.
Салыстыра баяндасақ, Д.Амантай романның сырын егжей-тегжейлі ашуды кейінге қалдырып, ишаралап қана баяндайды. Оның себебін де романнан табасыз. «Егер бұл кітап уақтылы жазылып бітсе, кейін жылдар өте келе аталмыш туындыны байыптап саралап талдайтын, тіпті ойын дамытатын, сапалы жаңа сатыға көтеретін тағы бір оқшау кітап дүниеге келуі әбден кәдік...» [28, б. 120], – деп романға түсініктеме ретінде жазылатын кітабының алдына қойған мақсатымен таныстырып өтеді. Мұнда біз итальяндық жазушымен тағы бір шығармашылық байланысты байқаймыз. У.Эко «Il nome della Rosa» («Раушан гүлінің аты») атты кітабының жазылуы тарихын «Postille al nome della rosa», («Раушан гүлінің аты» жолдарына аннотациялар) эссе кітабында баяндап шыққаны белгілі. Сол секілді Д.Амантай да «Гүлдер мен кітаптар» романын жазу барысында, екінші бір кітап жазуды мақсат етіп қойған тәрізді. Әдебиет сыншыларының зерттеулеріне қарамастан романдағы жаңашыл эксперименттер, соның ішінде интертекст мәселесі, У.Эко секілді, автордың өзі романында уәде еткеніндей «Гүлдер мен кітаптарға» түсінік кітабын жазып шықса ғана толықтай ашыла түспек [32, б. 160].
У.Эко, М.Павич т.б. өз шығармаларын жазу барысында қолданған тәсілдерін сол шығарманың өзіне қоса енгізіп отыратын жаңа бір стиль қалыптастырды. Дәл осы секілді теориялық түсіндіру қатар жүретін ерекшелікті Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романынан кездестіруге болады. Жазушы романын тудыруда ежелден келе жатқан интертекстуалдылық табиғатын пайдалана отырып, өзі де интертекстуалдылық туралы теориялық пайымдарымен бөліседі. Роман ішіндегі кейіпкер-жазушы өз романы туралы:
«Қай тақырыпта қаламыңызды сілтесеңіз де қазір, алайда, ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Барша алабөтен озық шыққан кітап оқырманға тек басқа кітаптар жайында ғана әңгіме қозғайтын секілді және сол ізденімпаз қаламнан туған кез келген кітаптың мазмұны басқа кітаптардың мазмұнынан құралатын тәрізді» [28, б. 46], – дейді.
Мұнда автор У.Эконың «Заметки на полях «Имени розы»» еңбегіндегі:
«во всех книгах говорится о других книгах, что всякая история пересказывает историю уже рассказанную» [31, с. 25], «каждая книга говорит только о других книгах и состоит только из других книг» [31, с. 53] сияқты үзінділерді тырнақшасыз меншіктеп, еркін аударма арқылы романға ендірген деп тұжырымдауға болады.
Автор өз шығармаларында әлдебір логикалық есептерді немесе шырғалаңдарды (лабиринт) ендіруге бейім. Мысалы, Д.Амантай «Әлішер» тарауында кейіпкер Әлішер жазғалы жатқан «Түркі күнтізбесін» (1-сурет) немесе «Тәңір кітабын»: «Романның көлемі екі жүз отыз немесе екі жүз елу беттей болуы мүмкін. Бірақ төрт жүзден асуы мүмкін емес. Оның өзі шағын
екі томнан тұрады. Әр том жұқа һәм ұсақ бірнеше кітаптардан құралады. Кітаптар жырларға бөлінеді. Жырлар деп белгі соққаны – тараулар. Тараулардан айырмашылығы, жырдың көлемі әрі кетсе үш беттен аспайды, болмаса орташа шамасы – жарты бет» [28, б. 9] деп шырғалаңдарға құрады.
Автордың романынан осы секілді амал-тәсілдерге жиі жүгінетін Х.Л.Борхес шығармаларына ұқсастық байқалады. Мәселен, «Вавилон кітапханасы» әңгімесіндегі кітапхананың сипатына назар аударалық:
«Библиотека – это шар, точный центр которого находится в одном из шестигранников, а поверхность – недосягаема. На каждой из стен каждого шестигранника находится пять полок, на каждой полке – тридцать две книги одного формата, в каждой книге четыреста страниц, на каждой странице сорок строчек, в каждой строке около восьмидесяти букв черного цвета. Буквы есть и на корешке книги, но они не определяют и не предвещают того, что скажут страницы. Это несоответствие, я знаю, когда-то казалось таинственным» [33, с. 80].
Жоғарыда келтірілген фрагментте автор Х.Л. Борхестегі кітапхананы сипаттаған мәтінге аллюзия жасаған. «Аллюзия не предполагает формальной идентичности. Примеры маркёров – искаженная цитата или одиночное существительное в новом падеже» [34, б. 19]. Фрагмент мағыналық және құрылымдық жағынан өзіне дейінгі мәтінге өте жақын берілгенмен, сөзбе-сөз қайталамайды, тек емеурін ғана бар. Д.Амантайдың роман құрылымын орыстың «матрёшкасы» секілді беруінен, Х.Л. Борхестің кітапхана құрылымын, оның ішіндегі кітап құрылымын дәл солай беруінен ұқсастық табуға болады. Мұндағы мәтіндер ұқсастығы, автордың, көбінесе, Х.Л. Борхестің мәтінді шырғалаңға құру, түрлі басқатырғыштар арқылы беру техникасын өз романына ендіруге тырысуынан туындаған деуге болады. Алайда Д.Амантай романында қарапайым шырғалаңдарды жетілдіре түсті. Күрделі есепке құрылған «Түркі күнтізбесінің» [28, б. 10] (1-сурет) мәтіндік нұсқасына қоса кестесін жасап ендіруі арқылы тек үлгі алу ғана емес, өзінің жеке ерекшелігін де көрсете алды.
Шырғалаңды (лабиринтті) қолданудағы мақсат автордың мәтінді тудыруда өзі шиырлаған жолдармен, оқырман жүріп өте ала ма, жоқ па деген ойынынан туындайды.
Шырғалаң (лабиринт) тәсілінің негізгі мәні – автордың түрлі шығармалардан қиыстырып, бірде ізі білініп, бірде ізі білінбей пайдаланылған дәйексөздерден тұратын мәтінді оқырманға ұсынуда болып табылады. Бұл тәсілді қолданудағы автордың мақсаты алдымен оқырманды мәтінмен диалогқа тарту, екіншіден шырғалаңға жетелер жіптің ұшы немесе мұзарттың төбесі ғана секілденіп көрініп тұрған мәтіндегі дәйексөздерді оқу арқылы сандаған мәтінге саяхатқа шақыру.
«Рисале – түркі – оқиға» тарауы бас кейіпкер Әлішер мен журналист қыз Жәмиланың жалпы әдебиет және жазушының болашақ романы жайлы сұхбатынан тұрады. Әдебиеттегі болып жатқан құбылыстар жөніндегі сұхбат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет