Бірәділжанменікі, Жіберші мені, шешеке! –
дегенде, кемпірдің қолы босанып сала береді [58, б. 18].
«Ер Төстік» ертегісіндегі Ерназар Бекторы жіберген мыстанмен жаны үшін жалғыз ұлын беремін деп келісімге келеді. Мұнда автор түпнұсқа мәтіндегі «келісімгекелу»мотивіне ишара жасаған.
Ал «Бекторының қазынасында» Бекторы: «–...Мысалы, талай рет әлі жеткен адамдар көшеде саған тілі тиді, қиянаттап кетті. Өзің жұмыс істейтін түнгі ресторанда бай клиенттер талай рет қорлап, жәбірлеп кетті. Сен осының бірде-біреуіне жауап қата алмадың? Неге? Өйткені, кеудеңдегі жүрек деп аталатын түкке де керегі жоқ нәрсе тіліңді байлады, айтқызбады. Яғни, жүрегің өзі бар, өзі жоқ. Сенің басыңнан өткен азғантай өмірің – кеткен есе мен кек, тапталған арманның тарихы» [57], – деп, жетім өсіп, ержеткеннен кейін де өмірден көп қағажу көрген Қайырболдының ішкі сырын ақтара отырып жүрегін беруге азғырады
«Ер Төстіктегі» «келісімге келу» мотиві «Бекторының қазынасы» повесінде интертекстік орайда қолданылғанымен, автор оны жетілдіре, толықтыра түседі. Осы тұста повестің «келісімгекелу»және «азғыру» мотивіне
құрылған Гетенің «Фауст» трагедиясымен интертекстік байланысына куә боламыз. «Бекторының қазынасында» азғырғыш әзәзіл Бекторы болса,
«Фаустта» Мефистофель:
Берілме енді қайғы-мұңға соншама! Көкірегіңді жегідей ол жеп жатыр. Қоғам тіпті қанша сорлы болса да, Адам күні Адамменен дер, батыр.
Бәрі адам, бір-бірінен кем емес, Әрине олар сеніменен тең емес.
Бірақ түсін: Жалпағынан басып пәни жалғанды, Жүрем десең қолға уыстап арманды,
Шын берілген адал серік болайын, Жаным салып керегіңе жарайын, Не тілесең тауып сәтті қолайын,
Қайда десең тартынбайын, барайын. Болмасам да әулетінен Ұлының,
Мен даярмын, қызметші құлыңмын! [59, б. 59], –
деп адам жанын саудалайды. Қайырболдының әзәзілмен келісімге келуіне әлеуметтік жағдайының төмендігі мен тұрмыс тауқыметі себеп болса, доктор Фауст білімдарлығы мен ойшылдығы арқасында дүниенің басқа қызықтарынан мақұрым қалып, Мефистофельдің сол кемшіліктің орнын толтырамын деген уәдесіне жай қызығушылықпен келісім береді. Мұндағы кейіпкерлер, жанын саудаға салудағы себептері әртүрлі болғанымен, мотив біреу.
Сондай-ақ, мұнда айтылатын ой қорытындысы да Гетенің «Фауст» трагедиясына жақын, Гете дүние қызығы үшін жанын сатқан Фаусты ақтап алса, Т.Әсемқұлов Гетеден де ұзаққа барып жүрегін дүниенің қызығы үшін Бекторыға сатқан кейіпкері Қайырболдыны ғана емес Бекторының өзін де ақтап алады.
Гетенің Мефистофелі:
Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып,
Ойлайтыным – жаманшылық, істейтінім – жақсылық [59, б. 55], –
десе, Т.Әсемқұловтың Бекторысы: «– Не айтқың келгенін түсінем. Дүниегежамандықтаннепайдадемексіңғой.Жанындажамандықтұрмасажақсылықтың жақсылық екенін қайдан білесің. Қарсысында жалған мен өтірік тұрмаса ақиқаттың ақиқат екенін нендей тиянаққа сүйеніп білдің. Жолдың серті
– адасу, адасып барып түзелу. Міне, осы қасіретті өткелектің бәрінен өткізетін, біз, жындар, перілер» [57], – дейді.
Енді повестің постмодернистік сипаттарына тоқталайық. Повеске арқау болған «Ертөстік» ертегісі дәстүрлі немесе модернистік шығармалардағы секілді өзгеріссіз қалмаған, яғни ертегідегі мотивтер мен кейіпкерін интертекстік тұрғыда пайдалана отырып, пародиялық сипатта қайта жазып шыққан. Олай деуімізге себеп, жоғарыда келтірілген мысалдардан да аңғарылатындай, автордың ертегінің зұлым кейіпкері Бекторыға жаңаша көзқарастағы тың туынды тудыруында. Повесть кейіпкері перінің қызы
Бекторының істеген істерінің абсолютті түрде жамандық екендігіне күмәнмен қарайды. Тек Бекторы ғана емес, оның арбауына түскен Қайырболдыны да бір ғана категориямен шектеп қоюға болмайтындығы туралы ой айтады [60, б. 351]. Жоғарыдағы мәтіннің астарында постмодернистік философияның парадигмасына сәйкес классикалық субъект пен объектіні бір-біріне қарсы қоюдан бас тарту идеясын дамытады. Автор осы арқылы жамандық, жақсылық, өтірік, шындық сияқты категориялардың абсолютті емес екендігін, олар бір кеңістікте немесе бір адамның бойында өмір сүре беретіндігі жайында Бекторының диалогтары арқылы жеткізеді.