Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет16/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

Осы арада аз ғана сөздерді беріп өттік, олардың толық тізімі Николай Константинович Дмитриевтің «Строй тюркских языков» атты кітабында бар.

/520-555 беттерін қараңыздар/.

Шығыс Сібір-Краснояр өлкесінде де қазақ сөздері жүр. Мысалы, ол төңіректе «Кулиж» – деген тау –/төбе/ бар. Кенгач, Тугач, Жедорба /Жадарба/ Караган деген жердің аттары, «Кан, Каноклер, Кужо, Егиль, Вагул» деген өзен аттары /Бұлар Кан өзені арқылы Енисейге құяды/ кездеседі.

Сол арадағы орыс деревнялары бұл сөздердің мәнісін білмейді, өйткені кейін көшіп барғандар болу керек /Әрі болса Сібірді Жармақ /Ермак/ шапқан кезде, немесе 1861 жылы шыққан Россия патшасының заңы бойынша «басы байлы» /«крепостное право»/ тіршіліктен «азат» болғанда жеткен крестьяндар /шаруалар/ шығар.

Осы жерлер арқылы үстіміздегі дәуірдің төртінші ғасырында гунның қолбасшысы Атилла қалың қолмен Батыс Европаға қарай шабуылдап өтуі тарихи шыңдық. Гун елі /көне түрік/ жер қайысқан қалың қол үдере көшіп өткенде арық-тұрақтары жолда қалуы ғажап емес. Ендеше солардың келіп мекендеген ұяларына қойған аттары-






1 Үңдукеш /орысша/ Гиндикуш – /Памир – Алтай тауынан, оның асуы – Биіктен өткеннен кейін кездесетін Ауғанстандағы таудың аты. Заты, ең әуелде «Үндүкеш» – Үндістанға қарай сапар шегетін – жол кешетін деген мағынада айтылды ма екен, кім білсін!

2 Абай Ибраһим/ Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ том, ҚМКӘБ. Алматы –1957, 223 бет, жауапты редактор М.Әуезов /редколлегиясы: М.Әуезов, І.Кеңесбаев, З.А.Ахметов, Ы.Т.Дүйсебаев/.

-ау деп шамалаймыз. Сондықтан 1) Кулиж – кейін өзгеріске ұшыраған

«Құлжа» тауы.


  1. Кенгач – Кең ағаш немесе кен ағаш /көп ағаш/.

  2. Тугач – ту ағаш /қалың ағаш/ немесе түкті ағаш.

  3. Жедорба – Жадарба – жеті арба

  4. Караган – /кен орны/ каз. қараған /өсімдік/.

  5. Кан – хан.

  6. Кансклер – ханның өкілдері тұратын өзек.

  7. Кужо – көже.

  8. Егиль – егіліп ағатын кішірек өзен.

  9. Вагул – ағылу, бұл «Егілден» үлкен.

Некен-саяқ кез келген сөздерді алып отырмыз. Мұндайлар толып жатыр, тіпті тайға деген сөздің өзі де – «тоғай» екен. Осы сөздер орыс халқының төл сөздеріне ұқсамайды.

Бір ескерте кететін нәрсе бар, мына бір тілден екінші бір тіл нәр алғанда өзінің тілдік заңына байланыстырып, адам танығысыз етіп өзгертіп жібереді. Бұл жәйт әсіресе орыс тілінде басым. Ертеде-ақ «теңге» сөзінің деньга

/деньги/ болуы, қазіргі күнде «қалғұтан», «Маңғадыр» тағы сондай қазақша жер аттары: «Калутоновский», «Манадыр» болып келуі осының айғағы. Мұндай сөздер өте көп. «Конфискация» сөзін – қазақтың да «көмпеске» деуі өз тілінің үңдестік заңымен, айтылу мүмкіндігімен есептесуден туған-ды. Алайда, қазіргі кезде, біздің орыс тілінен үлгі алу дәрежеміз өте күшейді. Осы қарбаласта көне тар шеңберде қалмай, соны беталысқа қарай бейімделіп барамыз. Орыс тілінде қалай жазылса, солай жазатын болдық. Өз тіліміздің заңды бағдарын бұза басадық, бұл бағыт басқа тілдерде де бар, әйтсе де біздің алдымызға ешбір ел түсе алмаса керек. Ескі әдет шеңберінен шығу қажет екенін жылдам ұқтық.

Х Х Х


3) Орыс пен қазақ елі байланысының тарихи кезеңдері

Қазақ пен орыс халқының екеу-ара байланысын сөз еткенде біздің кейбір филолог ғалымдарымыз өздерінің ғылми ой тұжырымдарын өте алыстан бастайды. Мысалы, әрі зерттеуші ғалым, әрі бежелді ақын Олжас Сүлейменов ХІІ ғасырда шыққан «Игорь жасағы жайлы бір сөз» атты дастанда орыс және түркі тілдеріне ортақ сөздердің, қалыптасқан сөз тіркестерінің бар екенін баяндайды.

ХІҮ ғасырдағы куман/қыпшақ/ тілінде сақталған ескерткіш «Кодекс Куманикусте» қыпшақ /қазақ/ сөздерімен қатар орыс сөздері қолданылатын фактілер де айтылып жүр. Әлгі ғалымдар нақтылы тұжырым жасамаса да, ертеде ауыс-түйісі бар көрші елдер бері келе алшақтай түсуі діннің әсері деуге саятын сияқты. Ерте заманда қанаттас отырған көрші халықтар /орыс елі мен қазақ елдері/ бері келе алшақтай түсуіне христиан діні мен ісләм діндерінің себепкер болуы да ықтимал. Сондықтан әлгі филолог ғалымдар өздерінің негізгі ойларын ХІІІ ғасырдағы фарсы ақыны ибн Муслихаддин Сағдайдың Все люди рождаются только с чистой природой и лишь потом отцы делают их Иудеями, хрестиянами или огнепоклонниками»1 деген ойымен ұштастыратын тәрізді.

Қазіргі тарих ғылымының көрнекті уәкілдері нақты материал-






1 Саади. «Гулистан» ГИХЛ. М.,1957, стр. 52. «Барлық адам туғанда таза табиғатта туады, сонсоң оларды әкелері жебірей хрестьян немесе отқа табынушы етіп шығарады» – депті.

дарға және архив деректеріне сүйене отырып орыс пен қазақ халықтарының алғашқы жақындасуын Тауекел /Тевеккел/ хан билік жасаған ХҮІ ғасырдан бастайды. 1594 жылы Оңтүстіктен Бухар ханы Абдулла қысым жасағанда, қазақ ханы Тәуекел орыс патшасы Федор Ивановичке /Иван Грозныйдың баласына/ – Кулмухзимед деген өкілін жіберіп, орыс патшасынан тұңғыш рет көмек сұраған және қару-жарақпен қамтамасыз етуін, сонымен қатар қазақ халқын Россияның бодауына /қол астына/ алуын өтінгені мәлім.

Қазақ елінің ханы Тәуекелдің өтініші 1595 жылы март айында қабылданды.

Қазақ халқы мен орыс халқының саяси-экономикалық байланысы бұдан кейін Бірінші Петр тұсында күшейе түсті, 1722 жылы Бірінші Петр: «Мына орда /әңгіме қазақ халқы туралы – С.Т./ бүкіл Азия елдері мен Азия жерлеріне қатынасатын жолдардың «кілті және қақпасы»,1 – деп атаған болатын.

Егер қазақ ханы Тәуекел өз халқының азаттығын іздесе, сондықтан экономикасы дамыған және өзінің тілектесі, әрі жақын көршісі, оның үстіне адамгершілігі мен білгірлігі зор Россияға өз еркімен қосылуды кездесе, ал Бірінші Петр қазақ елін мына Азия халықтарымен араласудың, қарым- қатынас жасаудың «кілті мен қақпасы» деп санауы да әркімнің өз ұғымына сай келсе керек-ті.

Сыртқы жаулар төніп тұрғанда, сол қауып-қатерден сақтап қалу үшін осы екі мемлекеттің басшылары екеу-ара бірігу арқылы өз халықтарына тиімді пайда келтіргені анық байқалады.







1 «Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ веках». А., 1961, стр. Ү, /см. документ

№24/.


1594 жылы хан Тәуекел орыс халқымен бірігуге бет алды, 1697 жылы Тәуке хан Тәуекелдің әлгі ойын қайталады, ал 1730 жылы Әбілқайыр хан өзінен бұрынғы хандардың ізін қуалағаны да мәлім.

Осындай саяси-экономикалық және тарихи қажет болған жағдайда қарым-қатынасты тығыз жасаудың мүмкіндігі туды, сондықтан Орталық Россия шаруалары қазақ даласына қоныс аударды. Мұның екінші себебі де бар еді, өйткені ежелгі басы-байлы жетім тіршіліктен жаңа ғана құтылған шаруалар бұрынғы жер-суға ие боп қалған қожаларынан ажыраудың- алыстаудың қамын көздеді. Сөйтіп, орыс еңбекшілері қазақ сахарасына орналасып, әр жерден-ақ село, хутор, қала сала бастады. Көп ұзамай-ақ, сауда-саттық, алыс-беріс күшейді. Құлазыған тың жерлер игерілді. Бұрынғы көшпелі қазақтар да бірте-бірте көршілесіп, отырықшылыққа бет бұрды. Бұлар да күтірлер /хуторлар/ салып жердің өнімін пайдалануға кірісті. Бақытжан Қаратаев басшы болып салынған хуторлардың орындары Орал, Ақтөбе облыстарында әлі бар.

Орыс елінің еңбекшіл халқымен қоян-қолтық араласып, өзара тамыр- таныс болу, достасу етек алды. Көрші отырғандардың арасында ыдыс-аяқ, некен-саяқ, ауыспай тұрмады. Өзінде жоқты көршіден алып қажетін ашу тіршіліктің ежелгі заңы, ендеше күнделікті тұрмысқа байланысты әрекеттер де жүрді, сонымен қатар материалдық заттардың ауысуы арқылы бірінің тілінен екіншісінің тіліне сөздер де ауысты. Екеу ара түсінісу осы бағытта жүрді. Осыдан бастап көшпелі қазақ халқы отырып егін салуға беттеді. Ғасырлар бойы қазақ даласын жайлаған рулық, патриархалдық қағажу да тұйық тіршіліктің іргесі енді сөгілді.

Патша үкіметінің де жергілікті бай-феодалдардың да тауқыметін тартқан, сөйтіп екі жақты езгіде жүрген сормаңдай қазақ шаруалары мына қуғын- сүргінді басынан көшіріп келген

орыс еңбекшілерімен байланыс жасады, мұң-мұқтаждарын шертісіп, қуанышы мен ренішін бөлісті. Біраз уақыт жатырқап келсе де, ақыр соңында біргелесе-іргелесе отырып, өздерінің қас дұшпандарын анық таныды, патша үкіметінің отаршыл саясатына, зорлық-зомбылығына шыдай алмай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» – қарсы күреске жұмыла кірісті.

«Қазақстанның Россияға қосылуындағы күрделі себептің бірі. Орыс помещиктеріне, капиталистеріне және қазақ феодалдарына қарсы аттанып, бұрынғы арамза-зұлым патша өкіметін құлату үшін орыс пен қазақ елінің бас қосып бірге күреске шығуы еді» –1 деп тарихшы Н.Г.Аполлова орынды айтқан.






1 История Казахской ССР, т.І. Алма-Ата, 1957. стр.245. Цитируется из ІХ главы, изложенной историком Н.Г.Аполловой.

БЕСІНШІ ТАРАУ

Әдеби байланыс жөнінде
Ұзақ заман ірге тепкен осы қарым-қатынасты тәптештей тексеріп жүрген тарихшылардың, экономистердің, философтардың өз мамандықтарына сәйкестіріп әржақты зерттеулерін ескере отырып, біз де ойымызды шашыратпай шағындай түсу үшін әдебиет қайраткерлерінің материалдарымен шектелуді дұрыс көрдік.

Қазақ елінің рухани мәдениеті ұлы орыс халқының мәдениетімен тығыз байланысына бері келе даму арасына көз жіберсек көп нәрсеге куә болғандаймыз. Ендеше, сан қырлы проблеманың бір ғана саласына – әдебиеттің елеулі әсеріне тоқталсақ та жеткілікті тәрізді. Себебі, әдебиеттің толғамы күшті, сондықтан да ол идеология майданындағы жетекші саланың бірі. Әрине, мына музыка, театр жанрларын да, бейнелеу творчествосының дамуын да, атап айтқанда, искусствоның барлық саласын да зерттей өту керек те болар еді, бірақ онда әңгіме ұзаққа айдайды. Оның үстіне халықтың рухани байлығы ретінде олардың бәрі де әдебиеттің дамуымен қатарласа, қабарлас келе жатқан процестер ғой.

«Әдебиет әрқашан бостандықтың дабылын қағады. Отарлау саясатына қарсы күресте біз де әдебиетке ұлы міндеттер артамыз, өйткені әдебиет әр тілде сөйлей алатын өзінің күшті дауысымен халықаралық бас қосудың дәнекері бола алады, қай тұқымға/расаға/ жатса да бәрі бір, әйтеуір дүниенің төрт бұрышында тұрған, еркіндікті көксейтін адам бірімен бірі қанатын жая құшақтасып, бақытты келешекке ынтыға ұмтылуына тек әдебиет қана

көмегін тигізеді», – деген Мұқтар Омарханұлы Әуезовтың сөзі – ашық айтылған шыңдық.

Әдебиеттің де қыры-сыры ұлан-асыр. Соның ішінде орыс пен қазақ әдебиетінің ішкі байланысын, олардың сіңісуін және бірін-бірі дамытуын, міне осындай ортақы құбылыстарды зерттеудің өзі де бір талай еңбекті талап етеді, өйткені байланыстың заңдылық процесін, қоғамдық құбылыстың табиғатын айқын көрсету де өте күрделі мәселе. Сондықтан да Ф.Энгельс:

«Әлеуметтік көріністің шеңберіндегі құбылысты айқындау өте қиын», –1

деген болатын.

Бұл процестің күрделілігін Владимир Ильич Ленин де айта келіп, «... әлеуметтік құбылыс көзбен көріп, қолмен ұстай алатын жарқырап жатқан жылтыр айнадай нәрсе емес, өте шимай шатақ, шытырман, шартарапқа бой ұратын, бұраңдаған бағдар, оны ұғыну үшін өмірдің өзін жақсы түсініп, әрі қарай қиялдап ойлануға жеткен мақұл», –2 депті.

Әр түрлі дәуірден қалып, біздің заманымызға дейін жеткен әдеби мұраларды, тіліміздегі қорды өз тұсындағы кезеңмен байланыстыра жан- жақты зерттеу – әр кезеңдегі әдебиеттің, тілдің даму заңдылығын ашу, сонымен бірге әлгі дәуірдегі ұлттық мәдениеттің өркендеу жолдарын, немесе, кейде мешеулікке де бой ұрғанын айқындау да оп-оңай емес қой.

Біздің байқауымызша, қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында негізінен бірнеше халықпен бас қосып, өзінде жоғын солардан алғандай. Соның бірі классикалық шығыс – ескі грек-рим халқынан біраз нәрсені алып пайдаланса керек, екіншісі бұдан






1 К.Маркс, Ф.Энгельс. Соч. т. ХІҮ, стр. 377-378.

2 В.И.Ленин. Философские тетради, Госполитиздат, М., 1947, стр. 308.

талай ғасыр бұрын соғдияндар арқылы келген иран елімен ауыс-түйіс жасапты; үшіншісі – монғол-түркі елдерінің қарым-қатыс туыстығы, ежелгі Алтай «ата-тілінің» болуы, мұның түп негізі бір қаптан, бір саптан шығуы, алайда, ғылым дүниесінде тиянақты зерттеліп бұл әлі бір арнаға құйылмағандықтан – әзірге проблема есебінде алып отырмыз; төртіншісі – араб халқының байланысы; бесіншісі – ең ақырғы күшті әсер – орыс халқының әсері. Осы орыс халқының тигізген әсері өте жемісті де кең түрде кірді. Россия халқының әкелген ықпалы арқылы қазақ елі оның әдебиетімен де, тілімен де танысты.

Қазақтың ежелгі ақын-жыраулары біздің заманымызға дейінгі бір мың жыл шамасында жазылған «Махабхарата» атты Индияның эпикалық поэмасында айтылатын әңгімелерді, тап сол заманда тараған грек халқының ақыны Гомер жазған – «Илиада» мен «Одессея» дейтін эпостардың талай- талай тарауларын жатқа айтып жүргендері байқалады. Оның үстіне біздің дәуірімізде үшінші ғасырда жазылған Индия халқының ұлы туындысы болып аталатын «Кәлилә мен Димнада» кездесетін әңгімелермен қатар арабтық шығыс әдебиетінің Х-ХІ ғасырда /үстіміздегі дәуір шеңберінде/ шыққан орасан күрделі аңыз – ертегісі «Мың бір түнді» де байтақ жатқан елімізге әлгі ақын-жырауларымыздың, айыр көмей шешендеріміздің, көсем билеріміздің жатқа айтып жайғаны да жұртшылыққа аян.

Сырттан келген осы ертегі аңыздар тірі жан тани алмайтындай болып өзгерілген. Егер бұлардың бас кейіпкерлері еркек адам болса, арыстан, қасқыр, екі басты самұрық құс болып бейнеленеді де, ал сұлу қыздар адам кейпіне кірген аққу сияқты көрінеді. Кейбір мысал-аңыздар, ертегілер қысқартылып афоризм-

дер /нақыл сөздер/ ретінде баяндалатын болады.

... Бұл мәселе жайында орыс халқының көрнекті ғалым-филологы Ф.И.Буслаев: «Предания классических народов о Сиренах, Кентаврах, Фавнах были перемешены с национальными верованиями в оборотней- волков... в дев с лебедиными крыльями или вообще в пернатые сущесва, имеющие человеческую фигуру и так далее. Таким образом в этой смутной области средневековых верований народное заметно переходило в заимствование извне, и заимствованное такое же чудесное и необычайное, легко уподоблялось народному – туземному» 1 деген болатын.

Бұған қарағанда ақын Абайдың данышпан сөзі тағы есіңе түседі:

«Кісі айтпаған сөз бар ма, Тегіс ұғар қай құлақ?

Сөкенің оны ұнар ма?

Үйренген сөзге мен де ортақ!... »

деген. Алайда ауызекі туындылардың сыртқы ұқсастығына қарап, күшті дәлел іздемей, бөгде елге тели салу әділетсіздік болар еді. Әрине, кейбір жағдайда ажыратудың да қиын екені рас, әсіресе көшпелі халыққа ауызекі таралған, ешбір хатқа түспеген, баспасы болмаған елдің ежелгі мұраларын саралау оңай емес. Қалың біткен нар қамыстың ішіне кіріп адасу, жол таба алмай саңдалу да осы арада кездеседі. Бірақ бұл күрделі мәселенің ішінен бір саңылау тауып, келешекке өз топшылауымызды ашып айтуды мақұл көрдік.

Біз осы еңбегімізде орыс пен қазақ халқының өзара рухани қарым- қатысын зерттеп, тіл, әдебиет, мәдениет саласында






1 Ф.И.Буслаев. Соч. по археологии и истории искусства, том ІІ, Санкт-Петербург, 1910, стр.20.

Үздіксіз еңбек сіңіріп, баспа бетінде жариялаған ойларын, күллі жұртқа паш болған даулы-даусыз мәселелерді қорыта баяндап, өз пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік. Олар да өздерінен бұрынғы жағдайларды қамти зерттеген ғой.

Сөйтіп, қазақ халқының елін, жерін, рухани байлығын зерттеу орыс елінің ХҮІІ ғасырдағы көрнекті тарихшы, географ-тіл зерттеу /языковед/ ғалымдарынан басталды.

«Орта Азия, Сібір, Кавказ елдерінде жолаушылап жүріп жете зерттелген мәліметтердің қорытындысы есебінде 1600 жылы географиялық үлкен чертеж» /«Большой чертеж»/ орыс тілінде жасалды. Мұны жасау үшін өткен ғасырларда жиналған материалдар пайдаланылды. Мұнда, әсіресе, Батыс Сібірдің топонимикасы толық айтылғандай еді, бірақ өкінішке қарай осы

«Большой чертеж» жоғалып кетті, тек қана соған жазылған түсіндірме записка /«обьяснительная записка»/ сақталып қалды» –1 дейді Н.А.Баскаков.

Бұдан кейін 1667 жылы Тоболдағы әскер басы /воевода/ Петр Иванович Годуновқа: «Сібірдің барлық жерін жазып көрсет, жер бөлігін, салынған үйлердің межесін, өзендері мен қысқы мекендерін, бар-бәрін түгел сызып көрсет» деген жоғарыдан жарлық келді. Бұл карта жылдам жасалды да басылып үлгерді, ал 1672 жылы әлгі карта екінші рет жарияланады2.

1696 жылы Тоболдағы бояриннің баласы Семен Емельянович Ремезовке:

«Сібірдің чертеж кінағасын жаса» /«Составить чертежной книги Сибири»/ деген ақ патшаның бұйрығы тағы келіп жетті,







1 Н.А.Баскаков. «Введение в изучение тюркских языков». Гос. из-во. «Высшая школа», М., 1962, стр.11.

2 Аталған кітаптың 11 бетін қараңыз.

бұл картаны С.Е.Ремезов 1701 жылы жазып бітірді. Бұрынғы «Үлкен чертежден де», П.И.Годуновтың картасынан да бұл карта өте толық еді, осы картаны Н.К.Витзен басып шығарған1.

С.Е.Ремезов көне түрік ескерткіші «орхон тастарын» ең алғаш ашқан адам. Швед ғалымы И.Табберт-Страленберг2 те Енисей орхон ескерткіштерін ашты, бірақ бұл кісі С.Е.Ремезовтан кейін еді. Сол С.Е.Ремезовтан бері қарай ХҮІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың ішінде: Г.Ф.Миллер3 /G.Miller – 1705- 1783/ мен И.Э.Фишер4 /1697 жылы туған екен/ тәрізді Сібір тарихын жазғандар жарыққа шықты. Капитан-лейтенант А.Бутаковтың арнайы шыққан экспедициясы да мол еңбек сіңірді, бұл экспедицияның құрамында Украина халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченко қызмет істеді. Т.Г.Шевченко сол кезде патша үкіметінің жарлығымен Қазақстанға жер ауып, өзінің атаулы мерзімін өтеп жүрген еді.

Нақтылы материалдар жинап П.И.Рычков пен А.И.Левшин5 тәрізді

ғалымдар да қазақ жұртшылығын зерттеуге айрықша үлес қосты.




1 Аталған Баскаков кітабының 13 бетін қараңыз.

2 И.Страленберг. «Северная и восточная части Европы и Азии» – «Das Nord and Ostlicke Theil von Eurupa and Asia» Стокгольм - 1730.

3 Г.Ф.Миллер «Sammlkng Russicher Geschuchte» атты кітабы 1733-1743 жылдары Сібірде саяхатта жүріп жазған еңбегі /Т.Ш./.стр.382-408/ татар-шуваш тілдерінен 300-ден артық сөздер келтірген екен.

4 И.Э.Фишер - «О народе имени татарском, так же о древних монгольских и их языке, сравнительно-сопоставительный материал по монгольской и татарской лексике».

«Ежемесячные сочинения к пользе и увеселению служащих», т.І, за май 1755 г.



5 А.И.Левшин. /1799-1879/ «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд. и степей», ч.І. «Известия географические»; ч.П. исторические Известия, ч.ІІІ Этнографические известия, СПб. 1832.

Кейініректе, ХІХ ғасырда, озат ойлы, өскелең орыс мәдениетіне қазақ халқының да сырт қалмай араласуын көздеп, орыс елінің революциялық бағыттағы ұлы демократтары: А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, М.Е.Салтыков-Щедрин тағы басқалары да айтарлықтай еңбек істегені даусыз. Ақ патшаның отарлау саясаты мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісіне түсіп, азап шеккен ұсақ ұлттарға жаны ашыған Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, А.И.Якоби, А.Янушкевичтер де, сонсоң орыс жазушылары: И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.Г.Короленко, А.П.Чехов сынды терең ойлы, адал жанды орыс классиктері де өз шығармаларын ұсақ ұлт-азаттығы жолына арнады.

Қазақ елінің тарихын, экономикасын, шаруашылығын, күнделікті тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын тәптештей зерттеуге В.Даль, В.В.Радлов, Н.И.Веселовский, А.Н.Седельников, Д.Клеменец, Л.Чермак, Н.Я.Коншин сияқты орыс интеллегенциясының озат уәкілдері ауыз толтырып айтарлықтай күрделі еңбектерін сіңірді. Бұл тізімді соза беруге де болар еді, бірақ осымен шектелеміз.

Қазақ елі орыс әдебиетінде елеулі орын ала бастады. Егер Ф.Булгариннің

«Иван Выжигин» деген повесі мен И.Скоблевтің әңгімелерінде қазақ халқын қорлап, кемітіп тіл тигізсе, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.Г.Белинский, В.И.Даль /козак Лупанский/ В.А.Ушаков тәрізді ірі демократтардың туындыларында қазақ пен орыс халықтарының ежелден келе жатқан өзара достық қарым-қатынастары адал да айқын бейнеленеді.

Орыс әдебиетінің реалистік негізін қалаушы С.А.Пушкиннің 1833 жылы В.И.Дальді /казак Луганскийді/ қасына ертіп Пугачев көтерілісінің тарихына байланысты материал жинау үшін Орынборға, Оралға келуі анық, «Қозы- Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының

сюжетін А.С.Пушкин сол сапарда жазып алып қайтқан-ды. «Капитан қызы» атты повесінде А.С.Пушкин Пугачев көтерілісіне башқұрттар мен қазақтардың қатысқанын да жазған еді. Бір мың жеті жүз жетпісінші жылдарда /1722ж./ Емельян Иванович Пугачевтің көтерілісі болды, осы көтерілістің тарихын жазған А.С.Пушкин өзінің «История Пугачевского бунта» деген кітабында, соның екінші тарауында /289-290 беттерінде/ былай деп жазды; «Будоринский фарпоста /крепость-қорғанда/ отырып Пугачев қазақ ханына /Нұралы ханға С.Т./ хат жазыпты, Сонда Пугачев өзін үшінші Петр патшамын деп атапты, сондықтан оған /Нұралы ханға/ аманат есебінде балаңды жібер және жүз адам қосымша әскер бер» – деп бұйырыпты... Өзіне ат қойып, айдар таққан адамның /самозванецтің/ – Пугачевтің татар тіліндегі хатын Нұралы Орынбор губернаторына дереу жолдапты да: «Біз сахарада көшіп-қонып жүрген елміз, – Жайық жағасында атқа мініп, серуен құрған мына кісінің кім екенін білмейміз, бұл өзі нағыз патша ма, жоқ болмаса алдаушы біреу ме, оған да көзіміз жетпейді, жіберген елшіміз де түк бітірмей қайта оралды, тек қана сол адамның сақалы қызғыл сары /борода русая/ екен» – деп хабарлады. Осы жағдайды пайдаланып Нұралы хан бұрынғы алып кеткен аманаттарды, айдап әкеткен малдар мен Ордадан қашқан құлдарды кері қайтаруын губернатордан талап етті.

Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдорп жедел жауап қайырды, – сонда: «Император үшінші Петрдің өлімі дүние жүзіне мәлім, патша ағзам өлік табытта жатқанда оның жансыз қолын өзім сүйіп едім» – дей келіп, егер өзін-өзі патша деп жүрген самозванец-қашқын қазақ даласында енді көріне қалса, оны өкіметке ұстап беріңіз,

сол адал қызметіңіз үшін патшамыздың /императрица/ – Екатерина /ІІ-я/ сыйлық беретініне уәде етемін», – деп өтінген екен. Нұралы ханның талап еткендерін губернатор түгел орындапты.

Нұралы хан императрицаға өзінің адал қызмет істейтінін айтып Рейнодорпты нандыра беруге тырысыпты, бірақ сонымен қатар Пугачевпен де достық қарым-қатысын жүргізе беріпті, ал қазақтар өкіметке қарсы шабуылға дайындала бастапты», –1 деп жазады.

А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтов шығармаларының демократтық бағыты, олардың соңынан ере шығып, жолын қуған көптеген жас жазушыларға ізгі әсерін тигізіп, мол көмек көрсетті. Ушаковтың «Қырғыз- қайсақ» атты повесі, Дальдың «Майна», «Полуночник», «Уральский казак» деген очерктерінде және «Бикей мен Мауляна» повесінде қазақ халқының өмірі мен тұрмыс жағдайы қызғылықты баяндалады. Бұл шығармаларды өз тұсында Белинский, Добролюбов және Тургеневтер өте жоғары бағалап еді.

Орыс газеттері мен журналдарының беттерінде қазақ халқының өміріне тікелей арналған әңгімелер мен очерктер талай рет жарияланды. 1828 жылы Н.Муравьевтің «Киргизский пленник» поэмасы, 1830 жылы А.Крюковтың

«Кайсаки» /Жақып батыр повесінен үзінді/ деген әңгімесі де тағы басқалар жарық көрді.

Біздің қазақ ауыз әдебиетінің ең бай саласы ертегілер мен батырлар жыры /«легенды и эпосы»/. Мұны тиянақты түрде, қомақты етіп жинап бастырған академик В.В.Радлов2 болатын. Радлов жинағына; «Алтын бел»,

«Хан Шантай», «Еркем Айдар»,




1 Сочинения А.С.Пушкина, с обьяснениями их и сводом отзывов критики. Том 5, М., 1887, стр. 289-290/ «История Пугачевского бунта», глава ІІ/.

2 В.В.Радлов. «Образцы народной литературы тюркских племен», ч.Ш, СПб., 1870, 63- 68, 84-115 беттерін қараңыз.

«Жақсылық пен жамандық», «Хан қызы», «Түс сатқан тазша», «Молданың үйінде оқыған бала», «Түлкі, қасқыр, жолбарыс», «Дудар қыз», «Балқан тау», «Үш ұл», «Қармақ салған жігіт», «Қарагөз сұлу», «Алтын бас, күміс аяқ», «Ақсақ Темір хан», «Киік» атты қазақ елінің ертегі-аңыз әңгімелері кірген еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет