Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет18/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді», «бірлік болмай тірлік болмайды»; «жалғыз ағаш – үй болмас, жалғыз жігіт – би болмас», «ер елімен мықты, емен жерімен мықты»; «азамат елден ажыраса – мәнсіз болар, Антей жерден – әлсіз болар» демекші осындай данышпан қағидаларды бойына түгел жинаған адам! Ол өзінің тағы үшін өспеген, азғантай елінің бағы үшін өскен азамат, сондықтан да өзіңнің табан тіреріңнен, арқа сүйеріңнен, күш қосарыңнан айрылма, ажырама, – деп кесіп айтқан ғой.

Шоқан Уәлиханов орыс мәдениетін, сол арқылы Батыс Европа мәдениетін де терең ұғынған ғалым, сонымен қатар оның назарынан шығыс әдебиетінің, мәдениетінің тұрлаулы туындылары да тысқары қалмағандай.

Шоқан грек-рим елінің мифологиясын да, алдыңғы араб Шығысының, Иранның әдебиет-мәдениетін, Қиыр Шығыстағы Монғол мәдениетін де жақсы білген ғалым. Доржи Банзаров оған көп ой салған. Арабтың «Мың бір түн» атты ертегісін, Иранның «Шахнаме» эпосын, монғолдың тіпті діни көзқарастарын да сарқа білген жан. Осының бәрі құрғақ сөз емес. Шоқанның өз еңбегінде анық айтылған ғой.

Қырғыз елінің даңқты көне эпосы «Манасты» Шоқан тұңғыш рет «Дала Илиадасы» деп атаса, осы эпостың жалғасы «Сәметейді» «қырғыз

«Одиссеясы» деп бағалаған. Осыған қарағанда Шоқан Уәлиханов орыс әдебиеті мен Батыс Европа әдебиетінің ықпалын бойына сіңірген – содан ғана нәр алған ғалым емес, сонымен қатар ол классикалық шығыс – грек пен рим халқындағы көне мұралардың да негіздерін жақсы ұққан, олардың ішіндегі күрделі ойларды Европаға таратушы ірі ғалым екені айқын көрінеді. Сондықтан да Шоқанды көп жыл зерттеген қазақ ақын-жазушыларының бүгінгі ағасы

Сәбең /С.Мұқанов/ «Аққан жұлдыз» деп орынды ат қойған.

Махамбет Өтемісов, Шоқан Уәлихановтардың саналы салтын әрі қарай іске асыруға белсене кіріскен Ыбрай Алтынсарин болды. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарқырап көрінген қазақ халқының ойшыл демократ- ағартушысы еді. Ыбрай Алтынсарин өзінің бар өмірін қазақ даласында мектеп ашып, қараңғылықта жатқан ауыл балаларын тәрбиелеуге, оқытуға арнады. Қазақ еліне орыс халқының озат мәдениетін үйретіп, балаларын орысша оқытты, екі елдің арасына дәнекер болып, табыстырып, таныстыра түсті.



б) Ыбрай Алтынсарин
Ыбрай Алтынсарин 1879 жылы «Киргизская /казахская – С.Т./ хрестоматия» және «Начальное руководство к обучению киргизов /казахов/ русскому языку» деген екі кітап жазып шығарды. Орынбордағы орысша- қырғызша мектепті бітіргеннен кейін Ыбрай Алтынсарин Қазан университетінің профессоры Н.И.Ильминский, Шығыстану ғылымын зерттеуші В.В.Катаринский, статс-советник А.А.Бобровников, орыс-қырғыз

/қазақ/ мектебінің мұғалімдері В.Д.Соколов пен А.А.Мазохин тәрізді сол кездегі орыс интеллегенттерімен тығыз байланысып отырды.

Қазақ елінен шыққан көрнекті азаматтардың бірі және өз халқының тұңғыш ағартушысы Ыбрай Алтынсарин көзқарасының түп негізі еңбекшіл қара-бұқараның мұң-мүддесін жоқтайтын демократиялық идеология еді. Ол – өз жұртының өте бай ауыз әдебиетін толық білді, екінші жағынан өскелең орыс халқының мәдениетінен үлгі алды, үшінші жағынан Шығыс елдерінде орныққан мәдениеттің прогрессивтік бағытынан да құр алақан емес еді. Осы үш арнадан шыңдалып шыққан Ыбрай Алтынсарин мәдениет майданында

жоғары сатыға аяқ басты.

Ыбрай Алтынсарин ең алдымен өрлеп өсіп келе жатқан орыс халқының мәдениетін терең меңгеруге кірісті. Өзінің көшпелі елін отырықшы етіп, қала салып, мектеп ашып, мәдениетке баулыды. «Ол екі кластық орысша- қырғызша төрт училище, бір қолөнер училищесін, бір әйелдер училищесін, болыс-болысқа таратып бес училище, қоныс аударған орыс шаруаларының балаларына арнап орысша екі училище ашқан болатын»1.

Осы мектеп ашылғанда Қазан университетінің профессоры Николай Иванович Ильминскийге Ыбрай Алтынсариннің жазған бір хатын келтіре кетелік: «Николай Иванович!... 8-го января совершилось давно ожидаемое мною открытие школы, и поступили в нее 14 киргизских мальчиков, мальчиков славных, смыслящих. Как голодный волк на барана, взялся я горячо за учение детей, и к крайнему моему удовольствию, мальчики эти в течение каких-нибудь трех месяцев выучились читать и писать по-русски и по-татарски... Учу сперва названия предметов, исключительно слова, относящиеся к имени существительному; потом названия качества предметов



  • имени прилагательному... и так далее. Два воспитанника... почти выучили уже три правила; занимаются разговорными переводами и читают «Детский мир» /педагога Д.Ушинского/ из которого также делают переводы. Когда воспитанники мои начнут немножко говорить по-русски, я смешаю с ними русских мальчиков, детей здешних поселян, на что имею уже законное право. Стараюсь всеми силами, чтобы подействовать еще на их нравственность, чтобы они впоследствии не были взяточника-





1 И.Алтынсарин. Избр. произв. В предисловии составителя Б.С.Сулейменова. Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1957, стр. 25.

ми»1.

Ыбрай Алтынсариннің нағыз педагог, шын мәнінде ағартушы адал азамат екенін айтқанда біз осындай ойларын ескеріп едік.

Бұл мектептердің мұғалімдеріне ол педагог Ушинскийдің «Детский мир»

/«Балалар әлемі»/, Крыловтың «Мысалдар» /«Басни»/, Л.Толстойдың

«Азбука и книга для чтения» сияқты орыс педагогтері мен жазушыларының кітаптарын ұсынды. 1879 жылы өзінің хрестоматиясын баспадан шығарғанда: «Бұл хрестоматияның кейбір кемшіліктері бола тұрса да ескерусіз қалмас және оқулыққа арналған тұңғыш кітап болғандықтан көздеген мақсатын орындап шығар деген үмітім бар»2 – деп жазды.

Орыс-қырғыз /қазақ/ мектебінің мұғалімі А.А.Мазохинға жазған тағы бір хатын келтіре кету артық болмас: «Милейший мой Арсений Андреевич! Придерживайтесь только совета на дальнейшее время, не моего совета, а знаменитого философа – педагога Коменского3 истинно счастливы те, которые умеют быть довольными тем, что у них есть, и те, которые могут себе сказать: «мы живем своим личным трудом, да еще другого, арабского философа, которого когда спрашивали, в чем состоит счастье и богатство, отвечал в умеренности»4 – деп еді.

Әрине, бұл хаттағы ойлары біздің заманға сәйкеспейді, өйткені ол өз дәуірінің ырғағына қарай билеген кемеңгер адам, чехтың философ ғылымын да, арабтың философын да ақтара біліп, аудара төңкеріп отыр ғой, соның өзі де біздің мақтанышымыз.






1 И.Алтынсарин. Избр. произведения. Под редакцией профессора Б.С.Сулейменова. Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1957, стр. 319-320.

2 Жоғарыда көрсетілген кітаптың 29 бетін қараңыз.

3 Чех елінің атышулы педагог-философы Ян Амос Каменскийді айтып отыр.

4 И.Алтынсарин. Избр. произведения. Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1957, стр. 405.

Орыс тілінен қазақ тіліне аударудың алғашқы дәстүрі де Ыбрай Алтынсариннен басталады, 1892 жылы Ыбрай аударған «Қарға мен түлкі»1

/«Ворона и лисица»/ атты И.А.Крыловтың мысалы шықты. /Ескерте кетелік Абайдың орыс классиктерін аударуы бұдан он жыл бұрын еді, ол Лермонтовтың «Бородино» деген әйгілі өлеңін 1882 жылы аударды, бірақ көп кейін жарық көрді ғой/.

Ыбрай Алтынсарин тек қана ағартушы-педагог емес, ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында шексіз де шетсіз қазақ даласына мына келелі ойларын алып келген, нұр сәулесін шашып көзін ашқан белді де, беделді жазушы әрі өз халқының әдет-ғұрпын зерттеген білімді этнограф және белсенді қоғам қайраткері. Ол – орыс әдебиетіндегі өте зор классиктердің, атап айтқанда, И.А.Крыловтың мысалдарын, Л.Н.Толстойдың тағы басқалардың әңгімелерін тұңғыш рет аударып берген жазушы-аударушы, оның үстіне соларды қазақ жастарына оқытып үйреткен ұстаз-педагог.

Қазақ елінің оқығандары дүниежүзілік мәдениетті меңгеруге ХІХ ғасырда-ақ жұмыла кірісті. Бұлар ең әуелі шығыс әдебиетінен бастады. Мысалы, Фердоусидің «Шахнамасын» біздің молла Ораз персі тілінің өзінен аударды. Оның араб әрпінде жазған каллиграфиялық әдемі қолжазбасы Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық кітапханасында сақтаулы жатыр.

/қолжазба номері 1187, таза сақталған беттері 484/. Бұл аударма, негізінен, қара сөзбен жазылған некен-саяқ өлеңдері де бар.

Өткен отызыншы жылдарда әлгі молла Ораз тастап кеткен баға жетпес, сирек кездесетін қолжазбаның біразын Тұрмағамбет Ізтілеуов өлеңмен аударды. Мұны аударуға себепкер болған мемлекет қайраткері марқұм Темірбек Жүргенов еді.




1 «Дала уалаяты» газеті, №51, 1892, 19 декабрь.

«Шахнаманың» бір тарауын ақын-журналист, қоғам қайраткері,

«Айқап» журналының редакторы Мұқаметжан Сералин орысшадан /ақын В.А.Жуковскийден/ қазақшаға аударып бастырды /«Айқап» журналында/. Бері келе қазақ қаламгерлері түгелдей тек орысшадан аударуға кірісті. Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Молданияз Бекимов /А.С.Пушкиннің

«Капитан қызын» 1903 жылы Қазанда бастырды/.

Ол кезеңде қазақ азаматы Алтынсарин орысшадан аударғанда өз халқының пайдасын көздеді, жеке сөзін қуаламай ойын беруге тырысты. Әңгіменің маңызына қарай, өз халқының ұғымына сай етіп аударды. Мысалы, К.Д.Ушинскийдің «Наблюдательность» деген әңгімесін «Үнді»

/«Индеец»/ деп берді, орыс жазушысының «Ворона и рак» деген әңгімесі Ыбырай Алтынсаринде «Қарға мен құрт» /«Ворона и червяк»/ болды; Л.Н.Толстой жазған «Царь и рубашка» атты орыс ертегісі Ыбырай Алтынсаринде «Бақытты адам» /«Счастливый человек»/ болып алынған еді. Осы әңгімелердің аттарындағы айырмасы олардың ішкі мазмұнымен байланысты. Мысалы, Л.Н.Толстой жазған әңгімеде бір патша ауырып жатып: «Мені осы науқастан емдеп жазған адамға патшалығымның тең жартысын силар едім» – дейді, ал Ы.Алтынсарин осы оқиғаны өзінше шертеді: «Бір патшаның әйелі /ханымы/ ауырып қалады. Толып жатқан тәуіптер /дәрігерлер/ шақырылады, бәрі жабыла емдеп, бірақ ауру әйелді жаза алмайды. Осыдан кейін патша бақсы-балгерлерді жинап алады да: «Ей, бақсы-балгерлер, ханымды кеселді дертінен айықтыратын дәрі іздеп табыңдар, егер таба алмасаңдар бәріңді де қырып-жоямын»1 деген бұйрық береді.







1 И.Алтынсарин. Избр. произведения. Под редакцией профессора Б.С.Сулейменова.

Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1957, стр. 446-514.

Осы авторлардың екеуі де өз ортасын өте жақсы ұғады, халқының салт- санасын жете түсінеді, мысалы, Л.Н.Толстойдың патшасы ығы-жығы жоқ қу және шексіз «мырза», ол жалынып-жалбарынады, өлердегі сөзін айтып өтінеді, тіпті патшалығының жарым-жартысын силамаққа уәде береді; ал Ыбырай Алтынсариннің патшасы – жүгенсіз, бетімен кеткен дозақы, шығыстың ауыздықсыз леспоты, ол өтінбейді, қорқытады, табаныңнан тудыр» – деп бұйырады.

Ы.Алтынсариннің «Байлықты пайдаға асыру» /«Употребление богатства на пользу»/ деген әңгімесі Л.Н.Толстойдың «Петр І и мужик»/ /«Бірінші Петр мен мұжық»/ атты әңгімесіне байланысты, бұл әңгіме «Азбука» деген оқулықта /екінші кітабында, СПб., 1872 жылы/ жарияланды.

Ы.Алтынсариннің «Жалқау» /«Неряшливость»/ әңгімесі В.И.Дальдың

«Нечистоплотный крестьянин» деген әңгімесіне ұқсайды. Алайда, араларында айырмасы да бар, мысалы, Дальдің геройы жалқау Иван, ал Ы.Алтынсариннің геройы еңбекқор жақсы жігіт ұлі мешер /татар/ Керім болады.

Қазақ жазушысы, ағартушысы Ы.Алтынсаринге И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, В.И.Дальдың және орыс елінің көрнекті педагогтері К.Д.Ушинскийдің И.И.Паульсонның тигізген әсері ұшан-теңіз. Мысалы, И.А.Крыловтың «Ворона и лисица», К.Д.Ушинскийдің «Коза и лисица», Л.Н.Толстойдың «Визир Абдул» деген мысалдарына Ы.Алтынсарин

«Жақсылық пен жамандық» деп бір-ақ ат қойып алған. И.И.Пульсонның

«Петр Великий под судом» деген мысалын Алтынсарин «Ізгі бала» деп алыпты. Тізе берсек мұндайлар көп-ақ екен.

Ы.Алтынсарин өлгеннен кейін оның досы профессор Н.К.Ильминский бастаған біраз авторлар бірігіп 1891 жылы «Воспомина-

ния об И.А.Алтынсарине» атты кітап шығарды. Орыс-қазақ мектебінің мұғалімі Н.Иванов Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен кедей баласы» деген әңгімесін орысшаға аударды, әңгімедегі кейіпкерлердің аттарын қойды да

«Асан и Усен» деп жазды. Бұл әңгіме /«Асан и Усен»/ 1890 жылғы «Родник» журналында жарық көрді.



в) Абай Құнанбаев
Біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, жалпы рухани байлығымыздың айдынынан шыққан Абай Құнанбаев қазақ елінің теңдесі жоқ «Тел-қарасы» екенін мойындамау қиын. Ол қазақ әдебиетінде сыншыл-реализмнің негізін қалаған үлкен тұлға. Абай көркем сөздің шебері. Ол – философ, ол – сатирик, ол – ойлы ұстаз, ол – зергер ақын, сөз меруертін тереңнен толғаған жазушы, тәрбиеші, ғалым. Шенқұмар әрі қатал, барып тұрған жүгенсіз феодал, жалғыз көзді жалмауыздай Құнанбайдың семьясында өсіп, ержетті ол. Әкесі Құнанбай оны өзі сияқты қаныпезер, мансапқор әкім етіп шығаруды көздеді. Абай бұл жолға беттемеді, сол кездегі еңбекші елді аяусыз қанаған феодалдық құрылыстан – дағдылы салт-санадан үзілді-кесілді қол үзді. Ол – халықты ілгері сүйрейтін соны жол іздеді. Тереңнен толғайтын ойлы Абайдың еңбекші әлеуметтің қамын жейтін Абайды шабыттандырған творчествоның азабы еді, ол азап үздіксіз ізденуден туды. Ғасырлар бойы қараңғы түнек басқан, бірақ келешекте озбыр қара күшті еріксіз жеңіп шығатын, өрге ұмтылып, үдере талпынған еңбек иелерінің ойы мен арман- тілегі Абайды осы арнаға әкеп тоқыратты. Қарыштап ілгері тартқан тарихи бағытты алыстан ұғынды. Абайды айтқанда марқұм Мұқаң /М.Әуезов/ ауызға түспеуі мүмкін емес.

Абай творчествосы жаңа жолға түсті, қазақ мәдениетінің дамуын соны бағытқа қарай бұрды. Саналы қайраткер Абай қазақ халқының еңбекшіл шаруаларын орыс елімен достастыруға, Россияның прогрессивтік күшімен біріктіруге үңдеді.

Қазақ халқы мен бөгде халықтардың арасына өшпенділік өртін жағып, өзінен бөтен елге күдіктене, сезіктене қарап, ел ішіндегі шолақ ойлы феодалдар ылаң салып жатқан кезде ақын Абай қырағылығымен әйгілеп халықаралық мызғымас достықты ұран етіп көтерді. Орыс пен қазақ халқының туысқандық-көршілік байланысын нығайтуға Абай зерделі ақындық дарынын сарқа пайдаланды.

Абайдың пікірлес достары орыс демократтары: Е.Михаэлис, Н.Долгополовтар еді. бұлар дүние жүзіне белгілі демократ-революционер Н.Г.Чернышевскийдің шәкірттері болатын. Содан бері үзілмей келе жатқан көне достықтың айғағы болып, тап кеше Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың

«Абай» романы шыққанда атышулы Н.Г.Чернышевскийдің немере қызы Нина Михайловна Чернышевская былай деп жазды:

«С чувством глубокого волнения я читала Вашу прекрасную книгу

«Абай». Мужественный отважного, талантливого и благородного сына казахского народа, созданный Вами будет воспитывать и закалять советскую молодежь. Примите от меня, внучки Н.Г.Чернышевского, искреннюю благодарность за Вашу красивую, поэтическую и глубоко патетическую книгу»1 – деді. Қазақ пен ұлы орыс халқының үзілмес достығын Абай мен Н.Г.Чернышевскийдің рухани үңдестігін білдіруде бұдан зор тиянақ бола





1 Дурнал «Простор», №8, 1967, стр. 67. СМ. статью Н.Анова «На литературных перекрестках».

да қоймас-ау!

Ақын Абай, терең ойлы Абай орыс елін түп-түгел алған жоқ, ол елдің де ішінде екі таптың бар екенін ерте ұғынды. Еңбекші халықтың намысын жыртатын ірі тұлғаларын таңдады, өз халқының игілігіне асатын маңызды пікірлерін ғана алды.

Сондықтан ол И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов тәрізді орыс халқының алдыңғы сапында тұрған ардақты азаматтарын, солардың туындыларынан өз жұртшылығын тәрбиелеуге қажеттерін ғана талғап, таңдап алатыны анық байқалады.

Әңгімені мысал жанры жайынан басталық. Иван Андреевич Крылов

/1769-1844/ орыс халқының ұлы ақыны, мысал жанрының атасы. Ол – 1769 жылы 13 февральда Москвада туған. Ақынның әкесі Андрей Петрович Крылов көп уақыт қатардағы солдат боп жүріп, әрең дегенде капитан шеніне қолы жеткен кедей кісі екен.

И.А.Крылов 1782 жылы 13 жасында Петербург келді. Халыққа әйгілі қалам қайраткерлері Александр Николаевич Радищев /1749-1802/, Денис Иванович Фонвизин /1745-1792/, Николай Иванович Новиковтармен /1744- 1818/ кездесті. Солардың соңынан ере шыққан жас Крылов театрымен әуестенді. Петербург сахнасында Фонвизиннің «Недоросль», Княжнин, Сумараков, Аблесимовтардың комедиялары сол кезеңде жүріп жатты. И.А.Крыловтың «Кофейница» атты комедиялық операсы сахнаға шықты.

«Филомела» мен «Клеопатра» деген көне грек өмірінен алынған екі трагедиясын ресми цензура сахнаға ұлықсат етпеді де, кейін И.А.Крылов мысал жанрына үзілді-кесілді көшіп кетті.

Ұлы ақынның тарихи маңызын сөйлеп біздің мақтауымыз аса қажет емес тәрізді, өйткені ол баяғыда-ақ өз орнын алған,

дүние жүзін тамсандырған көрнекті бейне. Соңынан ере шыққан әлемге әйгілі орыс халқының қалам қайраткерлері осы Крылов атайдың «күпісінен» шығуы даусыз: А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.В.Гоголь, М.Е.Салтыков- Щедрин тағысын тағы бәрі де мына сүйікті атасы Крылов басып өткен ізбен жүрді. Демократиялық идеяны жақтап, теңсіздікке, әділетсіздікке қарсы қамшы басқан орыс халқының тұңғыш ұлы И.А.Крылов. Ол – Россияда, басыбайлы құлдық өмірде, адамды адам қанаған дәуірде туды. Аттың түбеліндей аз ғана байлар биледі де қалың бұқара солардың табанында тапталды. Осындай сиқысыз сұмпайы тіршілікті көріп отырып, өзінің ойын айтпауға оның адамдық ары жетпеді. Сонда да жалақтаған қылышқа, үңірейе қараған мылтыққа көрнеу қарсы бара алмады, мысалдап, кінаялап түйреуге, зәрлі ойын «жіңішкелеп» жеткізуге бой ұрды.

Жер бетінде тап қоғамы туғаннан бері мысал жанры қалмай еріп келе жатқандай. Мысалдап айтудың өз пікірін ашық айта алмай, моймөңкелеп, әдемілеп берудің үздік белгілері үстіміздегі заманадан сегіз жүз, алты жүз жыл бұрын көне грек елінде болғанын ілгеріде де айтып өткен едік.

1808 жылы И.А.Крылов «Түлкі мен жүзім» атты мысалында: «Биік ағаштың басында өскен жүзімге, көзі көріп тұрса да бойы жетпейді, осылайша бір сағат әлекке түседі де ақырында, көрінісі тәуір болғанмен өзі әлі піспеген көк екен, ауыздың дәмін кетірер» – деп өкінішін білдіріп жүріп кетеді»1.

И.А.Крылов мысалдары 1825 жылы Француз тіліне аударылған. Осы жинақты Парижде бастырған граф Орлов екен. Аударған




1 И.А.Крылов. Соч. в двух томах. Библиотека «Огонек», Изд-во «Правда», М., 1956, стр. 155.

француз жазушылары: Дарь, Эньян, Жансуль, Арно, Суме, Стассар, Сегюр, Андрие, Сальм, Ле-Балья, Вьянне, Рессегие, Казимир Делавин, Нодье, Амабль, Тасть, София Ге. Ал Италия жазушыларынан қатысқандар: Жианноне, Монти, Пиндемонте, Лампреди, Анджелони, Бионди, Риччи және Сальфи болыпты. Бет ашарын французша Лемонте, италиянша Сальфи жазған1.

Осы Лемонтенің беташары жайында А.С.Пушкин біраз ойларын айта келіп, әрине, «француз халқы Лафонтеннен ешкімді артық санай алмайды, ал біз болсақ Крыловты одан жоғары бағалаймыз: «Лемонтенің ойынша Крылов ешбір тілде сөйлей алмаса керек, тек француз тілін ғана түсінеді деуі шіп- шикі өтірік, біздің И.А.Крылов негізгі европа тілдерін түгел білген адам, ал елуге келгенде көне грек тілін де үйреніп қалды...»2 дейді.

Орыс әдебиетінен Европа тіліне тұңғыш аударылған И.А.Крылов екенін жоғарыда да айттық. Ал араб тіліне 1863 жылы Крыловтың 10 мысалын Абдаллах /Федр Иванович/ Келзи аударса, 1867 жылы 41мысалын Ризкаллах Хассун аударыпты. Келзиде «Түлкі мен қарға», «Емен мен шілік», «Бақа мен өгіз»/ тағы басқалар бар, ал Хассун бұларды қайталамай өзгелерін аударады. Айта кететін нәрсе, олар Крыловты арабша ойлатады, мысалы, Крылов –

«Климыч Петрге қарап ымдайды» /«Климыч кивает на Петре»/ десе, Хассун


  • «Бекр Омарға сілтейді» деп береді: қазақшаға біреу: «Көрсетер көзін қысып аулнайды» деп те аударған. Арабта: Васька – Бамбуль болады, Моська – Канбура атанады. Самарқан, Андалус қалалары кездеседі. Араб еліне белгілі адамдардың





1 А.С.Пушкин. Соч. т.У, М., 1887, стр. 19. 2 Аталған Пушкин кітабының 22 бетінде.

аттары: Джухейна, Лұқпан, Сухейль, Хасрой мен Дарий, Деила мен Әмір тәрізділер де жүр. Дозақта той жасалып / «Клеветник и Змея» мысалында/ жатқанда Нерон, Иуда немесе Наполеон аттары да аталады, бұлардың бір де бірі Крыловта жоқ. Егер араб тілінен қайыра орыс тіліне аударса И.Крыловты тірі жан танымас та еді» 1 – деп түйеді академик И.Ю.Крачковский.

Әр халықтың аударушысы өз оқырмандарын ойлап отырады. Сондықтан алшақ кетуі де айқын. Қалайда, жер шарындағы мәдениетті елдердің бәрі де И.А.Крыловқа қатты қызыққанын көріп отырамыз. Аударушы Хассун, кейініректе өзінің төл туындыларын да Крылов әсерімен жазғаны даусыз.

Қазақ халқы И.А.Крылов шығармаларымен көптен таныс. Ең алғаш Крыловты қазақ тілінде берген Ыбырай Алтынсарин, ал кейін 1898 жылдары ұлы ақынымыз Абай: «Емен мен Шілік», «Қазаға ұшыраған крестьян»,

«Жарлыбай», «Шегіртке мен құмырсқа», «Ала қойлар», «Түлкі мен қарға»,

«Бақа мен өгіз», «Піл мен Қанден» атты мысалдарын өз мүлкіміз етіп тастап кетті. Осы ізді қуалап жиырмасыншы ғасырдың бас шенінде Ахмет Баржаксин, Есет Өтетілеуов, Спандияр Көбеев тағы басқалар аударып шықты. Әркім өз жеткен жеріне жығылды, әйтеуір Абайдан асқаны әлі көрінбейді. Оған қосымша бізде «77 мысал» да, «Қырық мысал» да бар. Сапасы қанша төмен болса да Крыловты қадір тұтпаған біреуі де жоқ.

Әрбір аудармашы өз халқының жыртығына жамау болатынын, өнеге өсиет есебінде қажеттерін іріктеп алғандай. Мысалы, Абай: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын аударғанда өзінің көшпелі елін отырықшылыққа баулуды үйретпек болды. Осы мысалдағы «Құмырсқа»




1 И.Ю.Крачковский. «Избр. соч.», М. -Л., 1956, т.ІІІ, стр. 163.

бейнесінде поселке болып, қыстай-жаздай еңбек істеп жүрген орыс крестьяндары айтылады да, «шегіртке» көшпелі қазақ халқының кейпінде көрініс береді. Сонда алажаздай көшіп-қонып, рахатқа батып, серуендеп жүрген қазақтар, қылышын сүйретіп қыс келгенде селкілдеп, дірілдеп поселкеге келеді.

«Қарағым жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!» – деп үзіле өтінеді. Сонда отырықшы орыс крестьяны:

«Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап па ең?» дегенде:

«Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңмен қолым тиді ме?» деп

шегіртке сылтауратады. Сонда құмырсқа /отырықшы мұжық кейпінде/ кекетеді:



деп түйеді...

«Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер!

Алажаздай ән салсаң, Селкілде де билей бер!»


«Ала қойлат» атты мысалды И.А.Крылов тегін жазған жоқ, мұнысы ақ патшаның құлқын құмар саясатын, отар елдерді қандай жолмен қанауын суреттейді. Онда арыстан /орыстың ақ патшасы есебінде/, аю мен түлкі /екі уәзірі, екі министрі/ болып мәжілісте отырады. «Әділ» патша «Ала қойларды» көргенде көзі

ауыратынын айтады, заты, жегісі келеді білем, бірақ өз қол астындағы халқын қыру ұятқа қалдыратынын ұғып, енді қалай құртудың амалын іздейді.

«Тұрды патша қайғырып уайым жеп, Ала қойды болады қайткенім еп?» –

дегенді айтып кеңеседі. Сонда:

«Қолбан етіп, қорс етіп, сөйледі аю: Батыр патшам не керек көп ойлану, Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды? Ақылы ала қойдың – қырып салу» –

деп аю сөлекет сөйлегенде:

Қабағын түйді арыстан сөзін ұғып, Өлтірмегім оңай-ақ, қойды сығып, Өз жұртын өзі қырған патша бар ма?

Жаман аттан қорқамын кетсе шығып» –

деп толғайды арыстан – патша, ол отар ұлттарды аяп отырған жоқ, өзінің қамын жейді, «жаман аттан қорқады». Саясатқа шебер сұм түлкі бұлардың бәрінен де асып түседі:

«Бекер қан төктірмеңіз әділ патшам, Сөкпеңіз, – деді түлкі, – мен сөз айтсам: Оңаша бір өзіңді қойға беріп, Қайраныңда семіртіп, кең жайлатсаң.

Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз, Жаманды жақсыменен тең көріңіз. Ала қой қорыққаннан өзі азаяр, Қойшылыққа қасқырды жіберіңіз.

«Қара» деп, қатты тапсыр ала қойды-ақ, Өзгесі өсер, ол кемір, сөзіме бақ, Жақсы сөзбен біреуге тапсырған соң,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет