2 Аталған сол О.И.Сенковский кітабының 28 бетін қараңыз.
3 В.И.Ленин. Соч. изд. 3-е, т. ХҮІ «Отсталая Европа и передавая Азия». стр. 396. В.И.Лениннің бұл сөзін А.Н.Берыштам келтіріпті /См. Н.Я.Бичурин/ Иакинф/ «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена», т.І, изд-во АН СССР, М. -Л., 1950, стр. ХХ.
Западные европейцы давно и далеко нас опередели в образовании, следовательно нам /русским С.Т./ остается только следовать за ними. Это мысль ослабляет наши умственные способности, и мы почти в обязанность себе ставим чужим, а не своим умом мыслить о чем-либо. Эта же мысль останавливает наши успехи на поприще образования в разных науках. Если слепо повторять, что напишет француз или немец то с повторением таких задов всегда будем позади и рассудок наш вечно будет представлять в себе отражение чужих мыслей, часта странных и нередко нелепых», 1 – депті.
Орыс тілін, өз Отанының ғылыми көркеюін сүюді бұдан күшті сөзді айту оңай емес. Ал, мындай патриоттық ойын орыс тілі туралы Николай Михаилович Карамзин2 де, Николай Васильевич Гоголь3 де тағы басқалары да айтқан-ды.
Ендеше, осында орыс халқынан шыққан ұлы патриот, зор демократтардың ізін қуған қазақ ақыны С.Сейфуллин 1917 жылы Шығыс әдебиетін ү йреніп, оның беделді классигі ибн Муслих-аддин Саади Шеразидің өлеңдерін аударды:
«Қалтасында біреудің Жұпары болса сақтаулы, Жұпарын ол дауыстап Көрмейді ылайық мақтауды. Мақтамай-ақ әркімге Жұпардың өзі-ақ білдірер,
1 Журнал «Москвитянин» - 1844, ч. П. №3, стр. 170.
2 Н.М.Карамзин. «О любви к отечеству и народной гордости». Соч. Т.УП, 1802, стр. 137- 138.
3 Н.В.Гоголь. «Чтение русских поэтов перед публикою». Собр. Соч. Т. ҮІІІ, 1843, стр. 233.
Үндемей-ақ төңірекке
Тәтті иісін жәйіп сіңдірер»1 –
деді. Сағдидің осы өлеңі көне Индияның ІІІ ғасырда, Сағдиден мың жыл бұрын жазылған «Кәлилә мен Димна» атты туындысында бар, бұл шығарманы санскрит тілінде, Кашмир өлкесінде бір брахман жазған деседі. Индияның бұл кітабын ҮІ ғасырда /Сағдиден 600 жыл бұрын фарсы тіліне дәрігер Борзое аударған. Ал Сағди 12082 жылдар шамасында туған ғой.
«Кәлилә мен Димнаны» академик И.Ю.Крачковский аударғанда:
«Обладающий мудростью не скроет своего совершенства, несмотря на свои усилия утаить его. Это подобно мускусу, который держит в скрытом и запечатанном виде, что не мешает распространяться аромату его» деген екен. Осы жолдар қазақшаға аударылғанда, «Қанша құпия сақтауға тырысса да данышпан өзінің қырағылығын жасыра алмаса керек. Мысалы, жұпарды қаншама тығындап жасырып ұстасаң да, оның аңқыған иісі бұрқырап шықпай тұра алмайды»...3 делінген.
Сол 1917 жылы С.Сейфуллин тағы Сағдидің «Бустан» /«Жемісті бақша»/ атты поэмасынан бір өлеңін аударды:
деп берді.
«... Ән мен күйге түйе де Шаттанар, хаюан десек те. Сезбейтін оны адамды Салпаң құлақ есек де!»4
Сағдиде бұл өлең:
«Ты не видел в пляс верблюд вступает
1 С.Сейфуллин. «Өлеңдері мен поэмалары», ҚМКӘБ, Алматы, 1957, 104 бетте.
2 Саади. «Гүлстан», ГИХЛ, М., 1957, стр. 5.
3 «Кәлилә мен Димна», ҚМКӘБ, Алматы -1962, 140 бет /қазақша/
4 С.Сейфуллин. Өлеңдері..., Алматы - 1957, 105 бет.
Когда арабской песне он внимает? Верблюда, знать, в восторг напев привел...
А тот, кто глух, хуже чем осел!»1
делінеді. Алғашқы аудармасында да, соңғы аудармасында да Сәкен өзінен бұрынғы орыс елінің ұлы классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.А.Жуковский, Н.И.Гнедич тағы басқалар салған аударма әлеміндегі үлгіге сүйенеді. Түпнұсқаның ұлттық колоритін, негізгі ойын бұлжытпай беруге ұмтылды.
Қай тілдің адамдарын аударса да, солардың бәрін орыс тілі арқылы жеткізеді. Орыс елімен көптен дос, туыс болған қазақ халқының азаматтары келешектегі тағдырының бір екенін де, өз ұлтының көркейіп, тәуелсіз ел болуын көздеп те осы бағытты өрбітуге ерте кірісті.
1919 жылы Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының екінші съезінде У.И. Ленин «... если русским болшевикам удалось пробить брешь в старом империализме... То вам, представителям трудящихся масс, Востока предстоит ёще более новая задача... За периодом пробуждения Востока в современной революции наступит период»
участие всех народов в решении судеб всего мира... Вам предстоит в истории развития мировой революции, которая будет, судя по началу, продолжаться много лет и интересует много трудов, вам предстоит в революционной борьбе, в революционном движении сыграть большую роль и слиться в этой борьбе с нашей борьбой против международного империализма»2 деген болатын.
1 Саади - «Бустан» поэмасында.
2 В.И.Ленин . Соч., т.39, ГИПЛ, М., 1963, стр. 326-328.
Революцияның ұлы көсемі В.И.Лениннің соңына ерген қазақ қаламгерлері тізе қосып шықты.
Осы тұста С.Сейфуллиннің жаңашыл өлеңдері жарық көрді, орыс классиктерінен аудармалары шықты. «Советстан» поэмасы, «Тар жол, тайғақ кешу» романы жариялана бастады. М.О.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Сәкеннің «Көкшетауы», Сәбиттің «Сұлушашы», Ілиястің «Дала» поэмалары көрінді.
Қазақ совет әдебиетінің дамуына Қазақстаннан шыққан В.В.Куйбышев, И.В.Фрунзе сынды революционерлер мен В.С.Иванов, К.Федин сияқты қалам қалам қайраткерлерінің де зор көмегі тиді, үлкен үлес қосты. Бұлардан басқа қазіргі ұлы орыс халқының жазушыларымен қатар көп ұлтты Совет Одағы жазушыларының да тигізген ізгі ықпалын естен шығармаған жөн.
Қазақ және орыс халықтарының өзара қарым-қатынас жасап, туыстасып араласуы, әсіресе, қарапайым ел ішінде совет үкіметі орнағаннан кейін өте күшейді. Әрине, бұдан бұрын да бар болатын. Достық – екі елдің де қажетіне жарады, ұтымды жағдай туды.
Орыс әдебиетінің классиктері – А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, И.Бунин, А.П.Чеховтар революциядан бұрын-ақ біздің өз мүлкіміздей еді. Бері келе Л. Н.Толстой, Н.В.Гоголь, И.С.Тургенев, Ф.М.Достоевский, М.Е.Салтыков-Щедриндер жарық көрді, ал совет дәуіріндегі орыс әдебиетінің ірі тұлғалары М.Горький,
М.Шолохов, В.Маяковский, А.Фадеев, К. Федин, Л.Соболев, А.Твардовский тағы басқалары қазақ тіліне қауырт аударылды да жатырқамай баурап әкетті. Қазақ әдебиетінің туындылары да орыс тілінде оқыла бастады, революциядан бұрын некен-саяқ қолма-қол аудармалар болмаса, жоққа тән еді, ал совет тұсында қоян-қолтық араласып кетті.
Октябрь революциясы тұсында орыс және қазақ әдебиетінің бір-біріне тигізген жедел әсері жайында, ең алдымен, революционер, қазақ совет әдебиетінің негізін салушы С.Сейфуллин творчествосына тоқталдық. Сәкен
творчествосын Совет дәуіріндегі орыс әдебиетінің даму процесімен тығыз байланысты екенін көрсеттік.
Осы пікірімізді дәлелдей кету тіпті қиынға да соқпады, мысалы, революцияның алғашқы жылдары орыс тілінде М.Горькийдің «Ана» романы, Серафимовичтің «Темір тасқыны» /«Железный поток»/, Гладковтың
«Цементі», татар тілінде Ғалымжан Ибрагимовтың «Бізнің күнләрі», өзбек тілінде Абдулла Қадиридің /«Жұлқынбайдың»/, «Өткен күнләрі», қазақ тілінде С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» жарияланды. Бұлар советтік жас отанымыздың алғашқы дәуірінде жарық көрді.
Жаңа заманда жаңғырған қазақ халқының көлемді тұңғыш прозасының қақпасын С.Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық романы «Тар жол, тайғақ кешуі» ашты. Бұл туындының құндылығы жөнінде айтарымыз: мұнда романның бас кейіпкері революция жасаушы халық суреттеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, бұл роман Серафимовичтің «Темір тасқыны» мен Гладковтың «Цементімен» үндесіп жатыр. Мұнда революциялық дәуірдегі уақиғаның үздіксіз жылдам ауысуы, сол кезеңге дейін қалыптасып, орын тепкен ескі қағиданың күйреуі, тап пен таптың майданға ашына шығып, ашық кескілескен күресі көрсетіледі. Сондықтан, бұл өте күрделі синтетикалық романда
әдеби жанрлардың барлық түрлері астасып жатты. Оның ерекшелігі эпикалық байсалдылығында, тарихи ақиқаттығында, жаңа адамды жаңғыртып сүйкімді суреттеуінде еді. Ендеше бұл «Тар жол, тайғақ кешу» романы Америка жазушысы Джон Ридтің «Әлемді дүр сілкіндірген он күн»
/«Десять дней, которые потрясли мир»/ және неміс жазушысы Вилли Бредельдің «Эрнст Тельман» атты шығармаларына да ұқсас тәрізді. Сөйтіп, бұрын қалыптаспаған, дағдыланбаған соны туындыларға кейбіреулердің жатырқай қарауы да, бірден қабылдай алмауы да заңды еді.
В.И.Ленин жолын, Октябрь революциясын қазақ даласында алғаш рет сүйіп қабылдаған С.Сейфуллиннің дүниежүзілік барлық туындылармен тек орыс әдебиеті арқылы танысқаны да ешбір күмән келтірмейді.
Орыс пен қазақ халқының достығын нығайту жөніндегі жан-тәнімен адал интернационалист, революционер С.Сейфуллиннің Колчак түрмесінде отырып, сот алдында берген жауабын да ескертелікші:
«Соттың председателі Чунтонов:
Сіз «Алашордаға» қарсысыз ба? – деді.
Қарсымын! – дедім.
Неге қарсысыз? – деді.
– Мен /С.Сейфуллин/: «Алашшылдар» орыстың патшасы түскеннен кейін қазақты орыстан бөліп алып, өздері қазақ халқына хан болғысы келеді. Біздің пікірімізше, патшадан бір құтылған, езілген қазақ халқына енді хандардың ешбір керегі жоқ. Және бұлар қазақ халқын орыстан мүлде бөлмек, тағы бұлар қазақ жерінен күллі крестьян орыстарды қумақ. Олай болса, үлкен бүліншілік болмақ. Қазақтың нашар бұқарасына, патша үкіметін құлатып, теңдік әперген орыс еңбекшіл халқынан біз
онда айрылып қалмақпыз. Міне, осы себепті мен «Алашордаға» қарсымын – дедім»1.
Екі елдің мызғымас достығын көксеуде революционер ақынның программалық ойы осы еді. Оның ертеде айтқан пікірі қазір орындалып отыр. 1934 жылы 3 март күні Ленин туралы М.Горький Ромен Ролланға хат жазды: «Я его любил, и люблю... Я особенно нежно и глубоко любил его за
1 Сәкен/Сәдуақас/ Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу» үшінші рет басылуы, ҚМКӘБ, Алматы, 1960, 221-222 беттер.
ненависть к страданию, за его неукратимую вражду ко всему, что искажает человека. Он был очень большой русский человек. Вы правильно оценили его. Толстой и он – двое чудовищно больших людей, я горжусь, что видел их...»1 деді.
М.Горькийдің Ленинді сүюінен Сәкеннің сүюі де төмен емес еді. Бұған
«Советстан» мен «Альбатрос» поэмалары айғақ.
Қазақ елі ежелгі көшпелі тіршіліктен қол үзіп, отырықшылыққа айналды, ауыр аласапыран, қарбалас дәуір етіп кең тынысты социалистік құрылыс қалыптаса бастады. Осы бейбіт өскелең өмірге сай өзекті де көлемді уақиғалар шертілді. Еркін ойдың иесі әйелдер образын – ардақты ана тұлғасын жан-жақты көрсететін поэмалар, романдар шыға бастады.
Ұлы орыс халқының әдебиеті совет дәуірінде қалай жаңғырып дамыса, сонымен тізелесе өсіп келе жатқан Орта Азия мен Қазақстандағы әдебиет саласының бәрі де солай ер жетті, бұған себепші болған әдебиеттің барлық жанрын қамтитын социалистік реализм әдісі еді.
1923 жылы С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында 1916 жылы қазақ даласында болған патша үкіметіне қарсы
көтеріліс уақиғасы, сонсоң Октябрь революциясы мен Азамат соғысы баяндалады, осылармен қатар әйел теңдігі жырланды. Міне, роман көтерген осы төрт мәселе мына Орта Азияның, Қазақстанның көптеген жазушыларына негізгі желі боп тартылды, өйткені, экономикалық саяси-шаруашылық жағдайлары да ұқсас еді. Бұған, әрине, орыс пролетариаты бастаған Совет Одағының барлық өкілдері ат салысты.
1 М.Горький. Собр. соч. т. 18, ГИХЛ, М., 1968, стр. 368.
Осы қарсаңда тәжік тілінде Садридден Айнидің «Құлдар» атты романы; Қазақ тілінде Ғабит Мүсіреповтің новеллалары, Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч», С.Мұқановтың «Ботагөз», І.Жансүгіровтың «Жолдастар» романдары; өзбек тілінде Айбектің «Киелі қан», қырғыз тілінде Т.Сыдықбековтың «Кек сууы»; түрікпен тілінде Қыдыр Деряевтің «Тағдыр» романдары жарыққа шықты.
ХІХ ғасырдың бас кезінде Махамбет Өтемісов, орта шенінде Шоқан Уәлиханов, екінші жартысында Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев тәрізді дарындылар тобы үркердей-ақ еді, бері келе ХХ ғасырдың басында олардың үрім-бұтақтары шоғырлана түсті. С.Торайғыров, М.Сералин, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Дөнентаев, Е.Алдоңғаровтар көрінді.
Артын ала әлгі аз ғана топ молыға бастады.
Ежелгі әлемге аян классиктердің және осы күнгі озат орыс әдебиетінің ізгі ықпалы тигенін ақын-жазушыларымыздың қай-қайсысы болса да өздеріне мақтаныш етеді.
Орыс әдебиетінен үлгі алған қазақ халқының әрбір ақын-жазушылары, одан үйрену дәрежесінде, басыбайлы бұғауында ғана қалып қойған жоқ, олар өз туындыларындағы кейіпкер арасын, әркімнің өзіне тән ерекшелігін, қарым-қатынасын жан-жақты ашуда, оларға ұлттық реңік, өзіңдік өрнек тиісті мінез-құлық табуда мүлде ұқсамады. Әр қайсысы өз халқының мүддесін көкседі, жыр-
тығына жамау етуді көздеді.
Қазақтың әдебиетіне де, тіліне де қоныстас көрші отырған орыс әдебиеті мен тілінің әсері адам айтқысыз зор. Сонау ХІХ ғасырдың басынан бері қарай орыс мәдениетінің әсері көп тигені мәлім. Бұл фактіні ешкім де жоққа шығара алмайды. Сол әсерленудің үлгілері қай жазушыларымызда қандай дәрежеде болғаны зерттеліп те, айтылып та жүр. Әрине, біз орыс
әдебиетіндегі қаламгерлердің ішінен ең алғаш әсерін тигізгені И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Бунин, А.П.Чехов екенін мойындаймыз. Бұлардан соң келсе де Н.В.Гогольдің әсері аз болған жоқ. Енді соны шолып көрелік.
Қазақ тіліне қазір тұтас аударылып, өзінің төл мүлкі болып отырған Гоголь сынды ірі классиктің ояну, өсу дәуірімізде қолғабысын тигізгені анық. Оның үстіне, бүгінгі күні әдебиетіміздегі әр алуан әдістер, әр қилы жанрда кемелденіп, қаулап өсуде. Сондықтан әдебиетіміздегі Гоголь әсерін арнай зерттейтін мезгіл де жеткен тәрізді.
Дәл бүгін түгел аударылып отырса да – Гогольдің өзіне тән ерекше әдісін түп-түгел баурап алдық деу оңай емес. Себебі «Күлдіргі /комизм/ мен әзіл- сықақ /юмор-сатира/ жалпы жұртқа түсінікті бола бермейді, күлдіргі нәрседен гөрі қуанышты әңгімені жақсы көреді. Өйткені тура айтылған пікір халыққа күлтеленген тұспалдан бұрын жетеді. Комедия мәдениеттің көркі, бұл өскелең әлеумет өмірінде туады. Күлдіргіні түсіну үшін ілім-білімнің жоғарғы сатысында тұру керек...»1
деген В.Г.Белинский, ал Н.Г.Чернышевский: «Россия үшін Гогольдің маңызы қандай зор болса, өз халқы үшін тап сондай маңызы бар жазушы дүниеге келген емес»2 – деді. Адамзаттың данышпаны ұлы ұстазымыз В.И.Ленин сол Гогольден жүз жиырма бес рет мысал алып кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тартты.
1 В.Г.Белинский. т.2, М., 148 стр. 615 /Ссылаясь на Белинского, эту мысль привел и Ефимов в своей книге «Стилистика художеств. речи» за 1957, стр. 62/.
2 Н.Г.Чернышевский. Шығармаларының толық жинағы, 3 том, 1947, 11 бет.
Гогольді сүймеген, одан үйреніп, үлгі алмаған орыс елінде де қалам қайраткерлер жоқ сияқты.
Мысалы, 1852 жылы 21 февраль күні Полина Виардоға жазған хатында И.С.Тургенев: «... Үлкен бақытсыздыққа ұшырадық – Москвада Гоголь өлді, ол бар «мүлкін» отқа өртеп кетті – бәрін де, «Өлі жандардың» екінші томын да, талай-талай біткен еңбектерін де, жаза бастаған дүниелерін де бәр-бәрін де түгел өртепті... Осындай қаралы күннің салмағын сіз түсіне алмассыз. Дәл осы минутта қан жұтпаған орыс жоқ. Біз үшін ол құр жазушы ғана емес еді, біздің өзімізді өзімізге танытқан жан еді... Шетелдердің ішіндегі алғыр ойлы
қырағы Мериме1 де Гогольді «сықаққой» /«юморист»/ жазушы деп
ұғыпты... Қайталап айтайыншы, біздің бүгінгі кімнен айырылғанымызды ұғыну үшін сіз орыс болуыңыз керек2 депті. Олай болса, орыс әдебиетінің өзінде де Гоголь әсері тимеген жазушы некен-саяқ... Сөйтсе де әр қайсысында әртүрлі екені даусыз.
Гогольмен әдістес /стильдес/ жазушылар: М.Е.Салтыков-Щедрин, А.П.Чеховтардың әсерленулері заңды. Ал одан стилі аулақ жатқан И.С.Тургенев, Ф.М.Достоевскийлерге де Гоголь әсері зор. Сондай-ақ А.С.Пушкиннің ащы мысқылы да Гогольді рухтандырмай қойған жоқ. Бір жазушының екінші жазушыға тигізген әсерін дәлелдеу үшін көбінесе әдіс
1 1851 жылы «Ревю де Монд» атты журналдың 15 декабрьде шыққан 12 томында ІІ Мериме: «Гоголь сықаққой /шайқымазақ/ жазушы, бұл ағылшын сықақшыларынан қалыспайды» деген ғой. Мерименің осы орашалақ пікірін қуана қарсы алып Ф.Булгарин
«Северная пчела» /«Терістік ара»/ журналына Гогольдің жамандап екі мақала жариялаған-ды.
2 И.С.Тургенев. Собр. соч. том 12, ГИХЛ, М., 1958, стр. 104-105.
ұқсастығы, кейде жанр ұқсастығы, кейде тақырып ұқсастығы еске алынады. Бірақ, тақырыбы да, жанры да бірдей бола тұрып әр елдің жазушылары уақиғаны өзінше, ерекше беруі мүмкін, бұлар біріне-бірі ұқсамайды да. Мысалы, Байронның «Мазепасы», Пушкиннің «Полтавасымен» тығыз тақырыптас. Байронның да, Пушкиннің де алдына қойған тақырыбы тарихи образ – Мазепа образын ашу, жанры поэзия. Осындай екі жақты ұқсас бола тұрып та бұл шығармалар бірінен-бірі мүлде алшақ жатады. Ағылшынның романтик ақыны Байронды Мазепаның аласұрған жас шағы, бозбала кезі, лапылдаған ыстық махаббатты қызықтырады. Мұндай күйді Байрон арманындай шертеді. Ал, Пушкинді Мазепаның алдақаш тұрлаусыз албырттығы қызықтырмайды, Пушкин сол образ арқылы Бірінші Петр заманындағы Россия тарихын, әлеуметтік неше алуан жағдайды – соның реалистік шындығын суреттейді. Пушкиннің «Полтавасында» Мария мен Мазепа арасындағы махаббат тек уақиға дәнекері есебінде көш-жөнекей айтылады да оның орнына Петр тұсындағы кеңсе бастықтарының топастығын, Кочубей мен Искраның Мазепа үстінен жазған шағым арызын – адал ойын аяққа басып, сол гетман Мазепаның өзіне жолдауы, осыдан кейін шиыршық атып, долданған Мазепа өзінің сүйген жары Марияның туған әкесі
Кочубейді балтамен бауыздатуы баяндалады. Қысқа қайырғанда Мазепаның жауыздығы, отанын сатқандығы тәптештей айтылады. Ендеше, Пушкин поэмасында адамгершілік пен зұлымдық безбенге түседі. Адамгершілік – әділдік С.Сейфуллинше айтқанда: «жауыздықты ауыздықтап
ит келмеске борсылдатып айдайды». Отанын сүйген партриот ақын А.С.Пушкин осылай толғайды. Олай болса, тақырып ұқсастығы да, жанр ұқсастығы да әсерленудің шет жағасын көрсете алады, алайда, тура тиянақты айғағы бола алмаса керек.
Немістің ұлы ақыны В.И.Гетенің «Страдания молодого Бертера» атты хатпен жазған /«эпистолярный»/ романы, Ф.М.Достоевскийдің хатпен жазған
«Бедные люди» /«Бишаралар»/ деген романына әдіс /прием/ жағынан ұқсай тұрып, біріне-бірі тіпті жақындамайды. Гогольдің «Шинелі» мен Достоевскийдің «Бишаралары» да біріне-бірі таяу және проза жанрында жазылған. Екеуінің де басты кейіпкері – департамент көшірмешілері – сорлы чиновниктер, кемтар өмірдің тақсіретін тартқан бишара жандар. Гогольдің
«Шинеліндегі» Акакий Акакиевич Башмашкин мен Достоевскийдің
«Бишараларындағы» Макар Алексеевич Дедушкон екеуі бірінен-бірі аумайды. Екеуі де патшалық Россиядағы әлеуметтік қауымның ең төменгі баспалдағында тұрған соры қайнаған чиновниктер. /«Шинель» 1842 жылы басылса, ал «Бишаралар» 1846 жылы басылды/.
«Бишаралардағы» Макар Алексеевич «Шинельді» оқып шыққанда қатты ашуланады: «Шинельді» жазған автор білуге міндетті еді... кей кезде мұқтаж болған соң шай ішпейді екен деп бөгде біреу туралы жазудың керегі не? Тап бір елдің бәрі жапа-тармағай шай іше беретінінен жаман...»
«Ей, мынау не жеп отыр екен деп мен жұрттың аузына қараймын ба?...»
«Кейде, әрине, жаңа бірдеме тіктіріп кигенде, қуанатының рас. Ұйықтамайсың, қатты қуанасың, мысалы, жаңа етік болса, сондай мәз болып киесің, бұл шындық. Мұны сезгенім бар – дұрыс суреттелген. Бірақ... Тіпті осындайды жазудың керегі не? Немесе, осылай жазғаны үшін оқырманның біреуі оған шинель тігіп бере ме?
Әлде жаңа етік сатып әкеп бере ме?.. «Тым болмағанда Акакий Акакиевич осы әңгіменің аяқ кезінде түзелсе, тәуір болар еді-ау! Солай бола тұрса да, міне бұл әділ, ізгі... жақсы азамат еді... Ешкімге жамандық ойламайтын... еді, сөйтіп, жылап-сықтаумен өмірі өтіп кетті дегенді кіргізсе... Тіпті оңдысы, ол
бишараны өлтіріп тастамай, былай етсе: оның шинелі табылған болса, сонсоң генерал мұның ізгі қылықтарын толық білгеннен кейін кеңсесіне шақыртып алып, чинін жоғарылатып, жақсы жалақы берсе, байқап отырсыз ба, міне сонда қандай болар еді!»
«Жауыздық – жазасын тартып, ізгілік – үстемдік алар еді, ал кеңседегі күңдес жолдастарының бәрі де далиып, босқа қалар еді. Мысалы, мен болсам, осылай жазар едім; ал мұнда қандай әділдік, нендей жақсылық бар? Күнде бола беретін, пасық тұрмыстан алынған бос мысал... Бұл тұп-тура өтірік, өйткені мұндай чиновниктің болуы мүмкін емес...»1 деген сөздерді Ф.М.Достоевский Макар Алексеевичтің аузынан айтқызады. «Шинельді» де, оның авторы Н.В.Гогольді де жанындай жақсы көретінін Достоевский жасырмайды. «Шинельді» қасақана жамандатып, өзінің геройы Макар Алексеевичті келемеждеп отырады. Гогольдің әзіл-сықақ әдісінен нәр алғанын да анық білдіреді.
Кейде Достоевский Гогольдің басқа шығармаларынан да алып, оның әзіл- сықақ әдісін қолдана кетеді. Мысалы: «Өлі жандарда» көсірші /кучер/ Селифан қожайыны Чичиковке бұрылып: «... Коли высечь то и высечь: я ничуть не прочь от того. Почему не посечь, коли за дело? На то воля господская. Оно нужно посечь, потому что мужик балуется, порядок нужно наблюдать. Коли
за дело, то посеки, почему же не посечь!» – десе, Достоевский
«Бишараларда» Макар Алексеевичтің аузына мынадай сөз салады: «Отчего же не распечь, коли нужно нашего брата распечь? Ну, да положим и так для тона распечь ну и для тона можно приучать, нужно острастку давать... Это в
1 Ф.М.Достоевский. Бишаралар, Алматы, 1955, 71-73 беттер.
порядке вещей...!» /Ф.М.Достоевский. «Бедные люди», стр. 68-69, Л., 1955/ дегізеді. Айтылған ойдың да, сол ойды беру үшін қолданылған сөздің де айырмасы жоқ. Осы сөздерді айтып тұрған кейіпкерлердің де өз айырмасы шамалы-ақ! Өмір шындығы осылай, Селифан мен Макар сол шындыққа амалсыз бағынып тұр. Солай сөйлемеске правосы жоқ.
Әсер алғаны сонша айқын көріне тұрса да бұлар жеке-жеке мұралар. Өйткені, «Шинельдің» бас кейіпкері Акакий Акакиевичті Гоголь сырттай келемеждеп, соның әжуаланған бейнесіне көбірек көңіл аударса, Достоевский Макардың ішіне тереңдей кіріп алып, ащы шегін айналдырады. Сорлы Макардың жан құбылысын ақтарып, оқырманның сай-сүйегін сырқыратады. Енлеше, Достоевский біраз жерге дейін әсерін алып, Гогольше ырғалтып барады да, әрі қарай тақырыпты өзінше меңгеріп әкетеді. Гогольде жоқ сырларды ашады.
Гогольдің әсері – жас Достоевскийге тигені ақиқат. Ал, Достоевскийдің әзіл-сықаққа, терең мысқылға /сатираға/ бара бермейтіні жалпы жұртқа аян. Олай болса, өзімен әдісі бір стильдес Чехов, Салтыковтарды былай қойғанда, кейінгі буында өскен орыс әдебиетшілерінің бәріне де Гогольдің әсері тигені даусыз, бәрі де соның «шинелінен шыққан» – болатын.
Гогольдің өзіне де Пушкиннің ықпал жасағаны белгілі, жалпы ағалық, ұстаздық әсер етуімен тынбай, тіпті мына әжуа, сықақ, ащы мысқылдың өзі де сол ұлы ақынымыз А.С.Пушкиннен тарап, Гогольдің бойына дарығандай. Мысалы, граф Воронцовты «шала мырза,
шала көпес, шала данышпан, шала надан, шалағай зұлым, бірақ түбінде толысып сомдана түсер деген үміт бар» деп келекелейді А.С.Пушкин. Осындай ащы мысқыл ұрпаққа ұмытылмас үлгі ғой. Тіпті Бірінші Петр
Достарыңызбен бөлісу: |