Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет22/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

патшадан граф атағын алған, әйгілі жарамсақ Аракчеевке арнаған эпиграммасы қандай десеңші!

Пушкинде ашық айтылған ащы мысқылмен қатар, сырты биязы сықақпен басталып, ішкі мағынасын удай етіп беретін әдіс те бар. Мысалы, бір журнал сыншысын есекке теңеп әжуалайтын өлеңінде:

«Жақында бір жіберіп ем ысқырып,

Өлең шықты, бастырдым мен қол қоймай: Қол қоймастан мақаласын қыстырып, Журнал қуы сол өлеңге салды ойбай!

Бейпіл неме ізімді аңдып қалыпты; Мен де оның аштырмадым адымын. Ол қу мені тырнағымнан таныпты, Мен де оны қулағынан таныдым»1

дейді.


Бұл өлеңде Пушкин өзінің «тырнақты» арыстан екенін, ал «қу сыншының салпаң құлақ есек» екенін бадырайтып айтпай-ақ «жіңішкелеп» жеткізеді. Осы ащы мысқылдар Гогольге әсер етпей қойған жоқ. Оның үстіне Гоголь

«Шинелінің» тууына себеп болған шығарма Пушкиннің «Бекетшісі»

/«Станционный смотритель»/ десек қателеспес едік. Буржуазия дәуіріндегі пасық жандарды, тек қана «ақшаның құлдарын» Пушкин де, Гоголь де жек көрді. Бұлар өз тұсында адамгершілікті жырлап, орыс әдебиетіне соны салт орнатты. Буржуазиялық қоғам табанына тапталған, көзге ілінбей-

бейтін «кішкене адамның», маңдайы тайқы кедей сорлылардың намысын жыртты. Бұл бағытты А.С.Пушкин «Бекетші» атты әңгімесінде қалай






1 Қ.Аманжолов. Шығармаларының толық жинағы, 2 том, 336 бет, Алматы, 1956,

/А.С.Пушкин. Собр.соч., 2 том, стр. 131, М., 1959/.

суреттесе, Гоголь де «Шинель» деген повесінде солай толғады. Ендеше, бұл екі туынды да өзара үндес шыққан, әсерленуден пайда болған еңбектер.

Әсерленудің – бірінен бірі үлгі алудың түрлері орыс әдебиетінің өзінде де неше алуан, бәрін түгел қамту мүмкін емес.

Орыс әдебиетінен қазақ әдебиетінің үлгі алуы да қилы-қилы. Біз Гоголь әсерін барлық жазушылардан да табуымыз мүмкін. Алайда, жазушылар әдісі, сөз саптауы /слогы/ түрлі-түрлі болғандықтан, біз солардың ішіндегі әдіс жағынан Гогольге бейім тұрғандарын көрсетпекпіз.

Әрине, Абай, Ыбырай, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұқтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден тағы басқалары – бәрі-бәрі де Гогольді жақсы білді, бірақ жапатармағай сол Гогольден ғана әсер алды деу қатеге соқтырар еді, өйткені әсер алу мәселесі еліктеу емес, ол жазушының түпкі ындынында, сөз саптауында жататын сияқты.

Бізде өте ұрт қимылдаулар болып тұрады. Мысалы, біреуді жақсы көрсек, бәрін соған үйіп-төгеміз, ал жек көрсек, бар қасиетінің өзін қимай қарақаттай жөнелеміз. Зерттеу мәселесінде бұл жағдайлардың болмауы дұрыс, өйткені ғалым – тек қана шындыққа бағынады.

Реті келгенде ескерте кетелік, бір кезде: «Топ жарған» /1907/ поэмасын М.Сералин орыс халқы классик әдебиетінен, атап айтқанда, Гогольден – оның әйгілі «Ревизор» пьесасынан өнеге алғаны айқын көрінеді»1 деп жазды.

Бұл пікірге қосыла алмаймыз

себебі Мұқаметжан Сералин көркем әдебиеттен көрі, көсем әдебиетке

/публицистикаға/ бейім адам, жазушылығынан да, ақындығынан да журналистігі басым тәрізді. Екіншіден, «Топ жарған» поэмасында сықақ,




1 Б.Кенжебаев, С.Қаратаев. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті, Алматы, 1957, 21 бет.

мысқыл-әжуа жоққа тән. Оның үстіне М.Сералиннің сөз саптауы /слогы/ Гогольге мүлде маңайласпайтын сияқты.

1952 жылы Гогольдің дүние салуына 100 жыл толғанда біраз жас сыншылар Гоголь әдісінің қазақ әдебиетіне еткен әсері туралы /1952/ пікірлерін айтқан еді. Сонда: «Гоголь көптеген шығармаларында геройларының ішкі-сыртқы дүниесіне, іс-әрекеттеріне, мінезіне ылайық ат қойып отырды. Міне, бұл мәселе жөнінен де, қазақ жазушыларының бірспырыасы Гогольге еліктейді. «Ботагөздегі» Итбай, атаман Шайтанов,

«Теміртастағы» Қасқырбай, Түлкібай, Ғабиденнің «Өмір мен өлім» атты романындағы «Сойдақ тіс» тағысын тағылар сөзсіз орыс әдебиетіндегі Гоголь үлгісінен туған кейіпкерлер»...1 – деді Баламер Сахариев.

Рас, Гоголь кейбір кейіпкерлеріне атты осылай қояды. Бірақ осы «Итбай, Қасқырбай, Түлкібай, Сойдақ тістер» – бұрыннан өзімізде бар адам аттары емес пе? Мысалы, Итбай 1913 жылы жарық көрген «Қалың мал» романында да бар. Ендеше, С.Мұқанов, «Итбайды» С.Көбеевтің «Қалың малынан» алды ма, немесе Гогольдің «Собакеевичінен алды ма?» Жоқ, тіпті қазақ халқының шынайы өмірін терең білетін суреткер жазушы өз тұсынан-ақ осылай жазды ма? Міне, бұл сұрақтарға жауап бергенде біз мына кейінгісін қолдар едік. Шынына келсек, сырттан келген әсерді зерттегенде көрсе қызарлық қатеге соқтырады.

Ұқсағанның бәрі «шеттен» келген бұралқы нәрсе болмауы кә-


дік. Өмір ұқсастығынан шығуы мүмкін. Ал, атаман Шайтанов болған кісі, ол бұдан әлдеқайда бұрын жарияланған Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында бар. Ендеше, С.Мұқанов болған кісінің өзін алуы ықтимал.





1 Б.Сахариев. «Н.В.Гоголь және қазақ әдебиеті», журнал «Халық мұғалімі», №3, 1952, 24 бет.

Сол 1952 жылы жас сыншымыз Айқын Нұрқатов та: «Драматург Мұсатай Ақынжановтың соңғы кезде жазған «Ыбырай Алтынсарин» атты пьесасында да Гогольдің әсері барлығы байқалады. М.Ақынжанов пьесасындағы

«Берікбол» мен «Серікбол» – «Ревизордағы» өсек айтып жүретін, өтірікші тоғышар Бобчинский мен Добчинскийді еске түсіріп отырады»1 – дейді.

Мұсатай Ақынжановта Гогольдің әсері бар да шығар, өйткені ол мол дүниені сарқай оқыған кексе авторлардың бірі. Бірақ, мұндай ұсақ-түйек, некен-саяқ дүниені үзіп-жұлып ал бермей, тереңірек зерттеу қажет тәрізді. Егер осы бетпен тартсақ, онда баяғы «Қозы Көрпеш Баян сұлу» қысасындағы Қарабай мен Сарыбайды да, ескі фольклорда /ауыз әдебиетінде/ ұшырайтын Бекбикелер мен Тоқбикелерді де ұқсатуымызға болады. Бұлар жырланған заманда Гогольдің иісі де жоқ-ты.

Сол мақаланың енді бір жерінде: «Итбайдың бойында Плюшкиннің сараңдық мінезі де бар... Оның Плюшкиннен кем сараң болмайтыны өзінің сөздерінен, әрекетінен аңғарылып отырады. Ол әйелі Ақсұлуға: «сен ит, қымызды әркімге бір құйып... астың берекесін алатынсың... – бұдан былай асты берекелендіріп ұста!» – деп ызыңдаумен болады. Бұдан Итбайдың Плюшкинге ұқсас сараңдығын көруге болады»2 дейді.

С.Көбеев Крыловты аударған жазушы, оның Гогольден әсер

алуы да ғажап емес. Бірақ Итбайдың осы сөздері сарандықтың сарыныда емес қой. Ол – бұрынғы кедей адам, енді Тұрлығұлға қызын сатып, содан алған азын-аулақ қалың малдың буына пісіп жүр. Оның айтып отырған сөзінің төркіні «бұрынғы жарымағандықты, жарамсақ болуды доғар,



1 А.Нұрқатов. «Гогольдің қазақ әдебиетіне әсері». «Әдебиет және искусство» журналы, 1952, 100 бет.

2 Бұл да сонда.

байлардың бәйбішешінше тамақты беретін жеріңді біл, сол кезде аянбай төгіп жібер, берекелі байлықтың иесінше қимылда!» – деп отыр. Плюшкин олай емес, ол сілімтір шірік байлықтың иесі, сараңдық оның ата кәдесі. Сондықтан Плюшкинге Итбайдың үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Рас, осы Спандиярдың Гогольге ұқсастығы да бар, онысы өз тұсындағы өмір шындығын бұлжытпай шебер бергені. Кедейден байыған, «бұдан жаманында да тойға барған» Итбайдың дарқан қылығын айнаға түсіргендей айқын суреттеуі. Осы Итбайдың қызының «қалың малы» үшін алған 250 сом ақшамен дүкенге барған жерінде: «Менімен сауда жасайтын дүкен бар ма?» – деп, күпілдеуі қандай қызық шыққан! Бірақ бұл Плюшкиннің Чичиковпен ұзақ саудаласып, өліп қалған 78 адамды 32 тиыннан 24 сом 96 тиынға сатуына мүлде ұқсамайды, өйтіп жырым жемейді. Заты, Гогольдің Плюшкині біздің ескі фольклордағы Қарымбай образына жуық тәрізді.

Әлгі мақаланың тағы бір жерінде Айқын Нұрқатов: «Азған елдің сәлдесі үлкен молдаларын» сықақ етуіне қарағанда Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында да Гоголь творчествосының әшкереушілік, гуманистік сарындары реалистік принциптері айқын сезіледі» – дейді.

Ыбырай Алтынсарин бұл келеке сөздерді баяғы «Ақыр заманнан» алғанын филология ғылымдарының докторы Әнуәр Дербисалин дәлелдеп өтті, ал «Ақыр заман» авторы Гогольді білмеуі де кәдік. Шынына келсек, Ыбырай Гоголь әдісіне таянған жазушы да емес.

Айқын Нұрқатовтың Абай туралы айтқан пікіріне толық қо-

сыламыз. «Қазақ халқының өзекті үздік ақыны, философ Абай өз тұсындағы

«сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар жалмауыз жандарды...» басында ми жоқ, өзіңде ой жоқ, күлкішіл кердең надандарды, мақтан сүйгіш қуыс

кеуделерді» өлтіре әжуалады... Сумаңдаған желбуаздар үстемдік құрған өксікке толы өмір... ақынның өзегіне өрт салды...»

Абай шығармаларындағы осы сарын – өмірді шынайы күйінде суреттеп, оның сұрақсыздығын сынап-мінеп отыру және өмірдің сондай сүреңсіз болуына қиналу, күйзелу сарыны оны Гогольмен жақындастыра түседі» – дейді /сол мақаласы – 90 бет/.

Гоголь де өз кезіндегі «басы-байлы құлдық» /«крепостное право»/ дәуірді, сол замандағы тоғышар помещиктердің сұмпайы сиықтарын – оспадар қылықтарын аямай әшкереледі. Әзілдей отырып, зілді мысқылмен іреп-сойды. Міне бұл әдісті Абай толық пайдаланды, алайда, Абай мысқылының түп-негізі Пушкинде жатқан тәрізді, өйткені ол күлтелемейді, тура айтады. Расына келсек, Гоголдьдің өзіне Пушкин әсер еткен. Қалайда тап осы арада Абайдың Гогольге бейім тұруы даусыз.

Қазақ пен орыс халқының рухани байланысын зерттегенде кейбір сырттай ұқсастықты әңгіме ете бермей, ішкі жағын ақтарып, әр жазушымыздың көрші ел мәдениетінен, әдебиетінен үлгі алғанда соны бойына әдбен сіңіріп, өз мүлкіндей көріп, билеп-төстегендерін анықтау қажет.

Әр елдің өз өмірінде болған жәйттерді шерткенде бір автордың екінші авторға ұқсап кететін жерлері болатынын айту емес, бұлардың төркінін табу, өлшеп-пішіп дәл қорытынды шығару абзал. Мысалы, Абай мен Тоғжан арасындағы махаббат сарыны Ромео мен Джульетта ортасындағы махаббат күйіне, кейбір кезеңдерде, ұқсап та қалып отырады. Абай мен Ділдәнің қосылуын оқығанда Николай

Ростов пен княжна Маридің қосылуы елестейді. Бөжей мен Құнанбай арасындағы рулық өшпенділіктер мен қымғуыт-шекісулер де Монтекки

/Ромеоның әкесі/ мен Капулетти /Джульенің әкесі/ ортасындағы шимай-

шатақ уақиғаларды еске түсірмей қоймайды. Бұларды шеттен келген әсер деу қиын, өйткені кешегі қазақ елінде болған рулық-тайпалық қиянкесті төбелестерді әр елдің де басынан кешіруі тарихи шыңдық, тек қана бір елде ерте, екінші елде кеш көрінуі ықтимал. Сондықтан рушылдық замандағы өмір шындығын жетік білген шеберлер өзінше толғап, өз халқының шынайы тіршілігін айнаға түсіргендей етіп беруі заңды.

Кей кезде, кейбіреулер, Гоголь ерекшелігін бірнеше тарауға бөледі, соның біріншісі – Гоголь кейіпкерлері біріне-бірі ұқсамайды, әрқайсысы жеке-жеке өз алдына дара көрінеді, екіншісі – «Гоголь әдісі елден ерек, оның сықақ әзілі, мысқыл, келемежі өзінше жеке дара «мен мұңдалап тұрады» дегенді айтты.

Бұлай тізе берсек Гоголь ерекшелігіне сан жетпейді. Бірақ, кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамауы жалғыз Гогольге тән емес. Ол Шекспирде де, Виктор Гюгода да, Толстойда да бәр-бәрінде де бар. Жалпы, шебер жазушылардың бәріне ортақ қасиет. Мысалы, Шекспирдің Гамлеті мен Лоэрті біріне-бірі ұқсамайды. Лоэртке өзінің туған әкесі Полоний де ұқсамайды. Әкесі мен ағасының тілінен аса алмай, мақсатына жете алмай жынданған ынжық Офелияға, айтқанын қайтпайтын қайсар Дездемона ұқсамайды. Виктор Гюгоның Жан-Вальжаны Жаверге ұқсамайды. Бір әке бір шешеден туған Абай мен Тәкежан да бір-біріне ұқсамайды. Бір таптан, бір рудан шыққан Жұман мен Игілік те бірінен бірі өте алшақ жатыр.

Біздің ойымызша Гогольдің ерекшелігі кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамауында емес, негізгі әдісінде – биязі әзіл-

сықақ, ащы мысқылында, сөз саптауында1 /слогында/. Әрине, Гогольдің әзілі сыртқы көрінісінде ғана, әрі қарай тереңдеген сайын зілді мысқыл айқындалып өмірдің неше алуан сиықсыз кескінін жалаңаштап аша береді. Гоголь өз тұсындағы өмір қайшылығын шебер суреттейді. Оңаза озбыр байлар үстемдік құрған, олардың ит аршысы – телі тентек, сотқар жарамсақтар қалың бұқараны зар илеткен заманының қайшылықтарын биязы сықақ әзілмен, өткір мысқылмен әжуалады ол! Бірақ, мұндай әзіл-сықақ әдіс

/стиль/ басқа жазушаларда да бар, ендеше бұл да оның негізгі ерекшелігі емес. Гогольдің ешкімге ұқсамайтын оқшау ерекшелігі сөз саптауында

/«слогында»/ демекпіз.

Бұл туралы В.Г.Белинский «Саналы ой, сарқылмас дарын сол слогтың дәл өзі... дүние жүзінде ұлы жазушы, немесе күшті дарыны бар қаламгер қанша болса, слог та сонша болмақ. Ал, егер жазушыда слог болмаса, ол қандай әдемі тілмен жазса да бәрі бір, оның шығармасы басы, аяғы жоқ мылжың болады да, оқушыны жалықтырады, оқып бітірген заматта-ақ ұмытылып кетеді...»

«Ал мына Гогольдің өзіне тән слогы бар. Ол жазбайды. Қағазға сурет салады. Оның әрбір сөзі жанды картина, оқырманның көз алдында қылаң ұрып ойнап тұрады, табиғатқа, өмір шындығына айна қатесіз дәл келеді, сондықтан оқушыны таңырқатады да жүректі тербетеді...»2 – деген ғой.

Міне, қазақ жазушыларының Гогольге, тағы басқа орыс жазушыларына ұқсастығын іздегенде осы сөз саптау жағынан келсек көп нәрсенің басы ашылатындай. Жеке-жеке сөз, некен саяқ сөйлемдер







1 Ғ.Мұсабаев. «Поэзия туралы ойлар» /Журнал «Әдебиет және искусство». №2, 12, 1958 жылы /деген мақаласында слогты - «Мәнер», «Сөз мәнері» деп алған екен /С.Т./.

2 В.Г.Белинский. Собр. соч. в 3-х томах, том 2, М., 1948, стр. 604-605.

ілгеріде келгені айқын, олар қазірде де қаулап кіріп жатыр. Оларды үзіп- жұлып ала берсек сөз таусылмас еді және бұл жөнде әсіре-қызылдық та көбейген болар еді, оны жоғарыда да көрсеттік, мұндай сыңар жақ ұқсату сонау бір кезде орыс әдебиетінде де біраз орын алған-ды.

Мысалы, 1842 жылы Қ.Аксаков Гогольдің «Өлі жандар» атты поэмасын Гомердің «Иллиадасына» апарып теліді. «Ескі грек елінің эпосы мына біздің

«Өлі жандарда» жаңғырып қайта туды» деген пікірін жариялады. Осыған қарсы шығып В.Г.Белинский «Мағына жағынан алсақ «Өлі жандар» поэмасының «Илиадамен» үш қайнаса сорпасы қосылмайды. «Илиадада» өмір өте мадақталады, Гомер оны шарықтатып аспанға көтереді, ал «Өлі жандарда» сол өмір сұрқай тартады, қожырап іріп кетеді: «Илиаданың» серпіні сергек, онда тәңірі жаратқан керемет дүниеге көз жіберіп, соған сүйсіне тебірену бар, ал «Өлі жандардың» серпіні мүлде басқа, мұнда тіршілікке деген кекесін-келемеж, күлкі, сықақ бар, ешкімге сезілмейтін

жылап аққан көздің жасы бар...»1 – деген болатын.

ә) Бейімбет Майлин

Біздің қазақ әдебиетінде биязі әзіл сықақпен ауыздаған ірі жазушымыз Бейімбет Майлин екені айдай әлемге аян, бірақ осы Бейімбеттің өзі де Гогольге сатылап жеткендей, өйткені ол ең әуелі А.П.Чеховпен танысты.

Әзіл-сықақ әдістің қиындығынан Гоголь туындылары қазақ тіліне өте кеш аударылды. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.Г.Короленко, А.П.Чеховтар біздің әдебиетке




1 В.Г.Белинский. Собр. соч. в 3-х томах, том 2, М., 1948, стр. 615. Ссылаясь на Белинского, эту же мысль привел и Ефимов в своей книге «Стилистика худож. речи» за 1957, стр. 62.

әлде қайда бұрын келіп орын тепті. А.П.Чеховтың «Грач» атты әңгімесін 1915 жылы Ахмет Баржаксин «Қара қарға»1 – деп аударды.

«Әңгімені қысқа қайыру – сол таланттың туған қарындасы» – дейтін Чеховтың «Очумелов, Елдырин, Хрюкиндері «Хамелеон» баяғыда-ақ қазақша сөйледі.

Уақиғаны уақ-түйектен бастап әрі қарай насырға шаптыру, немесе ойсыраған қайғылы халден өрбітіп апарып, көңілді күлдіргімен аяқтау әдісі, әңгімені қысқа қайыру тәсілі жағынан біздің Бейімбет Майлин А.П.Чеховқа жақын тұр. Осы пікірді бұрын да айтқан болатынбыз2.

Гогольдің «Өлі жандарын» Қадыр Тайшықов 1930 жылдар шамасында қазақ тіліне аударды. Тап сол жылдарда Мұқтар Әуезов аударған Гогольдің

«Ревизоры» да сахнаға шықты. Қысқарта айтқанда, Гоголь әсері Бейімбеттің 1934 жалдарда жазған «Талтаңбайдың тәртібі» атты пьесасында алғаш рет ізін түсіргендей.

«Талтаңбайдың тәртібі» 1931-1933 жылдарда алғашқы колхоздасу кезеңінде Қазақстанда болған асыра сілтеушілікке қарсы дауыс көтерген шығарма. Осы кезде Республика басшыларының қателікке ұрынып, шаруаның күйзелуіне үлкен себепкер болғанын әшкерелеп көрсетеді. Мұндай жағдайды күлтелеп, келемеждеп айтпай, турасын суреттесе көркем шығарма тумас еді, екіншіден тұспалдамай шынайы шындықты ашық айту авторға да зиянын тигізер еді.

Гоголь де патша заманындағы талай топастарды кінаялап, келемеждеді.

Сондай-ақ Бейімбет те осы Гоголь әдісін қол-





1 «Айқап» журналының 1915 жылғы 7-8 сандарын қараңыз.

2 С.Талжанов. «Көркем аударма туралы» кітапта, ҚМКӘБ, Алматы, 1962 ж. 138-140 беттерін қараңыздар.

данды.


«Талтаңбайдың тәртібіндегі» кейіпкерлер «Ревизор» кейіпкерлеріне ұқсап отырады.

  1. Бейімбеттің – Шапшаңбайы, колхоз басқармасы, ал Гогольдің Сквозник-Дмухановский! –дуанбасы.

  2. Күнжан – Шапшаңбайдың әйелі, ал Анна Андреевна – дуанбасының әйелі.

  3. Талтаңбай – жоғарыдан келген өкіл, ал Хлестаков – Петербургтен келген «ревизор», осылардың бәрі де біріне-бірі мол ұқсайды.

Шапшаңбай мейлінше қорқақ, сондықтан мейлінше жарамсақ. Оның қорқатыны өзінің «түбі шикі», колхозды үш жылдай жеген адам. Осы қылмыстарын өкіл Талтаңбайға білдірмей аман құтылу үшін қойнындағы жарын да, қорадағы малын да сатуға барады. Шапшаңбай өзінің есепшісі Сүндетке колхоздың мал санын «1045 етіп жаз!» – дейді. Сүндет –

«болмайды, талай есеп беріп жүрмін ғой».

Шапшаңбай – шын цифр беріп жүрген боларсың!...

Сүндет – Атама, өмірге шын цифр беріп көргем жоқ. Өтірікке деп еп керек: бар малың қырық бес, оған жүзден артық қалай қосасың?!

Шапшаңбай – «Тым аз...» – дейді. Осы диалогтан Шапшаңбайдың өтірікке баруы, Сүндеттің де онымен жемтіктес сұмырайлығы анық көрінеді. Шапшаңбай бұл қылмысқа өкілден қорқып барады. Тағы бір жерінде:

Шапшаңбай – Жанбол не деп кетті, ей? Сүндет – сені түрмеге тығам деп кетті.

Шапшаңбай /шошынып/ қой, ә, үрейін алмашы кісінің. Онсыз да зәрем жоқ... Әй, Сүндет, мен неге қорқа берем осы, ә?...»

дегенді айтады. Екінші бір жерінде Талтаңбай, Шапшаңбай, Күнжан үшеуінің арасында әңгіме болады.

Талтаңбай Ардақты жеңгей?

Шапшаңбай – Әй, қайдасың? /Күнжанға/ Саған айтады, саған! Талтаңбай /Шапшаңбайды иықтан қағып/.

Дорогой Шапшаңбай, жеңгеммен өзім ұғынысам, ты не мешай! Күнжан – /Шапшаңбайға/ Саған айтады, саған, саған...

Талтаңбай – Великолепно, ха-ха-ха... Интересно... /Күнжанға/ қолыңызды сағынып... Шапшаңбай – Ә,ә... О не?

Күнжан – Қой, деймін, түсінбейсің.

Талтаңбай – Во, правильно... түсіндіріп жіберіңізші, жеңгей! Күнжан – /есікті жамылып/ Ол ма? Ол қою шай...»

Міне, бұл сахнада Шапшаңбай түгел көрінеді, ол мейлінше қорқақ, өзіне тимесең болды. Күнжанды – өкіл Талтаңбай итке салса да көнеді. Бұл Шапшаңбайдың бүгінгі мінезі емес, былтырғы келген өкіл де мұның үйінде жатқан. О да Күнжанды мақтап кеткен, жігіттердің аты-жөнін де Шапшаңбай білмейді, Күнжан біледі.

Шапшаңбай Күнжан қылығын түсініп те жүреді, бірақ еш нәрсеге батылы бармайды, ол қорқады, басын сауғалайды. Міне дуанбасы Сквозник – Дмухановский осы Шапшаңбайдың дәл өзі! Ол Хлестаковқа әйелі мен қызын қоса әкетсе де көнгендей. Сондай зұлым, «сырдан сыңар аяқ өткен қу» – дуанбасы Сквозник Дмухановский мына жәрмес Хлестаковтың қақпанына неге түсті, ол неге сонша масқара болды? Бұл қылығы заңды еді, өйткені оның жасаған қылмысы басындағы шашынан көп, содан құтылудың амалы! Өз басын сағаттау жолында Сквозник-Дмухановский де дүние жүзін түгел сатқандай! Оның алдануы да осы қорқудан

шығады.

Күнжан бейбастақ өскен, бетімен кеткен, ұрыншақ әйел. Ол адам таңдамайды – бәтіңке әперсе, Сүндетпен де үйлесе кетеді. Былтыр ол Қарабас еліндегі бір «шатабұтпен»1 де әмпей болғанын жасырмайды.



Анна Андреевнаның, өзінің туған қызы Марья Антоновнаға ревизор Хлестаковты қимауы қандай қызық көрінсе, Күнжан да соған төтеп бере алады, бірақ Гоголь осы арада жеріне жеткізе бір көрсетеді де, әрі қарай Анна Андреевнаны қудаламайды. Бейімбет Күнжанды басынан бастап, аяғына дейін «ағаш аттың басына мінгізеді».

Енді бір жерін алалық

«Күнжан – баламды шошыттың. Сүндет – менен бе?

Күнжан – Дауысыңнан.

Сүндет – Айналсам-ау, қасыңнан...

Күнжан – Қой, қой... Масқара-ау, тапа-тал түсте... Дүкенге бардың ба, әй? Сүндет – Бардым.

Күнжан – Бәтіңке келіп пе? Сүндет – Келіпті.

Күнжан – Түсі қандай? Тұмсығы қандай? Жайпақ па, сүйір ме?

Уәдең есіңде ме?

Сүндет – Мына есебімді ұмытсам да, оны ұмытпаспын. Сенесің бе, мына шотты қағып отырғанда соның әрбір тасы сен болып күлімсірейді маған...






1 «Счетовод» - деген орыс сөзін бұзып айтып отыр. /С.Т./.

Күнжан – Бетім-ай, осы елдің жігіті қызық, тал түсте... Басқа елдің жігіті бүйтпейді... Қарабас елінде тұрдық қой, сонда бір шатабұт болды...» деп әңгімелеседі. Осы диалогтан Күнжанның кім екені анық көрінеді. Осы беттен ол өмірі танбайды. Күнжанның білетіні «бетім-ай, тапа-тал түсте, қою шай...» Бейімбет кейде Күнжанның аузына «қазақы» бейпіл сөздерді салып, арзан күлкіге апарады. Мысалы, «түрткізе алмассың», «тұрады деп айт»

тағысын тағылар.

Ол аз болғандай енді бір жерінде «Талтаңбай – Жеңгей! Великий океан толқындап, көбігі аспанға атып, жиегіне лықсып, шапшып жатады. Понятно? Менің жүрегім де сол: сіз бір оңнан соққан жібек жел болдыңыз да, оңаша қалған сайын ой теңізін толқындырып, лықсытып, алқымға әкеп тығып, булықтырып... Понятно?

Күнжан /қылымсып/ Тым қатты айттыңыз-ау! Талтаңбай – Ымм... Тым қатты дейсіз бе?

Күнжан – Бетім-ай, ылғи ұят сөз... Талтаңбай – сыпайысы қандай болады? Күнжан /күліп/ кешегі бір айтқаныңыз. Талтаңбай – Сол сөзден шығасың ғой, ә? Күнжан – Әйеліңізді қайтесіз?

Талтаңбай – әйел деген маған перчатка айырбастағанмен бір: ескісін тастаймын, жаңасын киемін... Уәде ғой, ә?

Күнжан – Болсын – дейді.

Осы арада Шапшаңбай бұлардың үстінен шығады да екеуіне қадала қарап: «ым-ым, тым срочный жұмыс екен, понятно болды» – дейді.

Үзіндіні әдейі көп келтірдік, бұл жерде Күнжан, Шапшаңбай, Талтаңбай үшеуінің де кім екені түгел ашылғандай.

Ақыр аяғында ақымақ Талтаңбай абақтыға алынады, Күнжан мен Шапшаңбай шөре-шөреде босқа қалады.

Гогольде жалған ревизор Хлестаков, бірінен бірі өткен өңкей парақор- алаяқтарды жер соқтырып, түгел тонап кеткеннен кейін, шын ревизор келеді. Бейімбетте өкіл Талтаңбай мен өтірік белсенді Парыз екеуі ұсталғаннан кейін тексеруші бригада келеді.

Көріп отырсыздар ғой, басы да, аяғы да ұқсас. Кейіпкерлері де бірінен бірі аумайды. Алайда, Бейімбеттің «Талтаңбайы» оқып отырғанда, кей кезде өткінші күлкі туғызып, езуіңді жиғызса да, кітапты жапқан соң еш нәрсе есіңде алмайды, «әттеген-ай» дегізер түк жоқ. Оқушы толғанбайды, бәрі түгел шешілген. Өкіл Талтаңбай сазайын тартады, абақтыға түседі. Жарымес қуыс кеуде ұрыншақ Күнжан құрамай қабады. Бірақ оның көрген бірінші алдануы бұл емес, ол бұрын да талай жігіттермен кездескен. Әлі де талайды басынан кешіруге даяр тұрғандай. Құнжанның қимыл-әрекеті мақсатсыз басталады да, мақсатсыз бітеді. Ешкімнің іші ауырмайды.

Шапшаңбайдың басында да ойсыраған ештеңе жоқ тәрізді. Ол «қорқу үшін» – «қорқатын» ғана жан болып қалады.

Басында да айтып өттік, тағы айталық – бұл пьеса белгілі бір кезеңде өз рөлін атқарған болатын. Ол мезгіл әдебиетіміздің де балаң кезі еді, оның үстіне болған уақиға да кездейсоқ жағдайдың әсеріндей үкімет саясатының ұлы негізінен туған қайшылық емес-ті. Ендеше, бұл пьеса да осы өткінші дәуірдің елесіндей, өз мезгілімен бірге ескіріп қалған сияқты.

Екіншіден – Бейімбет Гогольге қанша қызығып, әсерленсе де ол сатыға жете алмағандай. Байырғы өз әдісі Гогольге ұқсас екені даусыз, сонда да ауылдық шеңберден ұзамағаны бай-

қалады. Әсерленудің алғашқы адымында осыған жетуінің өзі сүйсінерлік жәйт. Келешекте советтік қазақ елінің өз Гоголі болуына жұртшылықты сендіргендей еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет