Дістемелік кешен


Адамдық қатынастар мектебі (1930—1950); жүріс-тұрыс туралы ғылым тұрғысынан келу (1950 — қазіргі күнге дейін)



бет15/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Адамдық қатынастар мектебі (1930—1950); жүріс-тұрыс туралы ғылым тұрғысынан келу (1950 — қазіргі күнге дейін). Осы кемшіліктердің негізгісі ұйымдағы адам факторының роліне назар аудармау болған, классикалық мектептің кемшіліктеріне өзіндік жауап ретінде пайда болуына орай, бұл мектепті көбінесе неоклассикалық деп атайды. «Уэстерн электрик» заводындағы Э.Мэйоның Хотторндық эксперименттері рационалдық бағыттың өкілдері ұсынған амал-тәсілдердің (операциялардың нық бағдарламасы, жоғары жалақы және т.с.) еңбек өнімділігінің артуына әкеле бермейтіндігін көрсетті. Еңбек пен басқару тиімділігінің мықты факторлары ретінде ұйымдық және экономикалық реттегі себептермен қатар, психологиялық себептер де: мотивация, адамдар арасындағы қатынастар, қажеттіліктер, қызметкерлерге деген көзқарас, олардың мақсаттарын және пиғылдарын ескеру көрініс табатындығы дәлелденді. Осы мектептің аса көрнекті өкілі М.П.Фоллет басқаруды «жұмыстың орындалуын басқа адамдардың көмегімен қамтамасыз ету» ретінде анықтайды. Дәл сондықтан да ол осы «басқа адамдардың» психологиялық ерекшеліктерін ескеруге негізделуге тиіс.
Зерттеулердің бағытын басқа жаққа аудару басқарудағы жүріс-тұрыс мектебінің рәсімделуіне алып келеді, оның негізгі мақсаты ұйымның, ұйымдастырудың тиімділігін адам факторының негізінде арттыру бола бастайды.
Зерттеудің бағытын түпкілікті өзгерту себептерінің бірі басқару теориясына қауырт дамып келе жатқан психология мен әлеуметтанудың әсері болды. Дәл осы уақытта өнеркәсіп психологиясы да пайда болады. Оның негізін қалаушы болып, өзінің «Психология және өнеркәсіп тиімділігі» кітабында жаңа ғылымның қарастырылып отырған ғылымның мақсаттарымен өте ұқсас мақсаттарын тұжырымдаған Г.Мюнстерберг саналады.
Адамдық қатынастар мектебінің дамуына адамдарға топтық жүріс-тұрыстың әсер етуін әлеуметтік зерттеулер көп әсерін тигізді.
Иерархия, билік және бюрократия – әлеуметтік, оның ішінде әкімшілік те ұйымдардың әмбебап принциптері (М.Вебер). топтар өзінің құндылықтарын және нормаларын белгілеу арқылы, адамдардың жүріс-тұрысын кез келген әлеуметтік ұйымда бақылап отырады (Э.Дюркгейм). «Әлеуметтік жүйелердің тепе-теңдігі» концепциясының (В.Паретто) негізгі ережесі келесіден тұрады: әлеуметтік жүйелер, осылайша өзінің тиімділігін қамтамасыз ете отырып, өзгеріп отыратын сыртқы ортамен тепе-теңдікке жететіндей етіп қызмет атқарады.
Жүріс-тұрыс тұрғысының көптеген ережелері қазірде де өзекті және қазіргі басқару теориясының мазмұнына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет