Процестік тұрғы. Бұл тұрғы әкімшілік мектептің, процестік тұрғы тұрғысынан алғанда өзара байланысты және басқарудың бірыңғай процесін құрайтын ретінде қарастырылатын, басқарудың бірқатар негізгі және әмбебап функцияларының бар екендігі туралы негізгі идеясын дамыту ретінде қалыптасты. Табысты басқару үшін басқару функцияларының өздерінің тиімділігі де, олардың дұрыс бірлесе ұйымдастырылуы да қажет болады. Басқару теориясының негізгі мәселесі осы функциялардың қайсыларын негізгі және әмбебап деп санау керектігінен тұрады. А.Файоль бес негізгі басқару функцияларын саусақпен санап берді: «Басқару – болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, иелік ету, үйлестіру және бақылаудегенді білдіреді». Одан кейінгі кездері осы функциялардың тізімі толықтырылып және дәлдеп тексеріліп отырды. Сондай-ақ басқару функцияларының төрт негізгі категорияларының – жоспарлаудың, ұйымдастырудың, мотивтеудің, бақылаудың және екі байланыстырушы функцияның – шешім қабылдаудың және коммуникацияның (негізгі категорияларды қиыстыру үшін) бар екендігі туралы көзқарас та танымал болды.