Дәріс 11 Ұйымдағы тұлғааралық қабылдау психологиясы
1 сағ. 11апта
Мақсаты: студенттерді басқарушы іс-әрекеттегі перцептивтік процестермен және олардың спецификасымен таныстыру.
Кілт сөздер: перцептивтік процестер, жеке, топтық және топаралық перцепция, ореол әсері, жаңашылдық әсері, бастапқылық әсері, стереотиптеу әсері.
Дәріс жоспары:
1Перцептивтік процестер түсінігі
2Басқарушы іс-әрекеттегі перцептивтік процестердің ерекшеліктері
3 Басшының іс-әрекетін сипаттау
№ 1 сұрақ. Перцептивтік процестер түсінігі.
Перцепция (түйсіну) — бұл заттар мен құбылыстардың олардың сезім органдарына тікелей әсер етуі кезінде көрініс табу процестері. Түйсінуде дәл қандай органның жетекші роль ойнайтындығына байланысты, оның алуан түрлерін бөліп көрсетеді: көру, сезу, есту және т.б. Материяның болу түріне байланысты кеңістікті, бағытты, шаманы, уақытты түйсінуді ажыратады. Түйсінуді оның процесінің жайылғандығына және күрделілігіне байланысты да симультанды (қолма-қол) және сукцессивті (кезеңдерге бөлінген); түсінілгендік дәрежесі бойынша – ерікті және еріктен тыс деп бөледі. Түйсінудің келесі қасиеттері бар: заттылық, тұтастық, құрылымдылық, түсінілгендік, таңдамалылық, константтылық, бұрынғы тәжірибеге тәуелділік (апперцептивтілік), көлемнің шектеулілігі.
Түйсіну процесі перцепцияның заңды түрде алмасып отыратын бірқатар фазаларынан: табу, ажырату, идентификациялау, категориялау, тану, танып айыру фазаларынан тұрады. Бұл түрлер, қасиеттер, заңдылықтар мен фазалар басқарушы іс-әрекетте де сақталады. Екі негізгі стиль – талдамалық және синтетикалық әрі екі қосымша - талдамалық-синтетикалық және эмоциялық стиль белгілі. «Синтетиктер» үшін құблыстарды жалпылама көрсетуге, олардың негізгі мәнін анықтауға бейімділік тән. «Талдаушылар» болса бөлшектерді, бөліктерді, ұсақ-түйектерді, жай-жапсарларды бөліп көрсеткенді жөн көреді. Осы ерекшеліктердің комбинациясы, бірақ азырақ біліне отырып, талдамалық-синтетикалық типке тән.
Басқарушы іс-әрекет үшін түйсінудің үшінші, талдамалық-синтетикалық типі ең жарамды болып табылады; алғашқы екеуінің тиімділігі азырақ; төртіншісі – қолдануға жарамайды. Байқағыштық – түйсінудің жалпы сипаттамаларының арасындағы аса маңызды сипаттама. Бұл – түйсінудің жалпылама сипаттамасы, оның барлық басқа ерекшеліктерінен туынды. «Жетік байқағыштық» - басшы үшін маңызды қасиет.
№ 2 сұрақ. Басқарушы іс-әрекеттегі перцептивтік процестердің ерекшеліктері
Перцептивтік процесстердің келесідей спецификасы бар:
Түйсіну басқа когнитивтік процестермиен (жадымен, ойлаумен) байланысты, бұл оның апперцептивтілігінен, кәсіби басқарушылық тәжірибесінен байланыстылығынан көрініс табады.
Басқарушы іс-әрекет кешенді, оған барлық танымдық процестердің синтетикалық қатысуын қажет етеді. Түйсіну сезімдерден алынатын стимулдарды интеллектуалдық ұғыну ретінде анықталатын тұрғы тән.
Бұл стимулдар өте спецификалы. Түйсінудің ақпараты болып субъекттер – олардың бүкіл алуан түрлілігіндегі және қарама-қайшылықтағындағы тұлға табылады. Басшының іс-әрекетінде түйсіну – ең алдымен субъективті, тұлғааралық болып табылады, сондықтан ондағы процестердің спецификасы олардың мұнда ерекше түрде - әлеуметтік перцепция ретінде көрініс табатындығынан тұрады. Бұл терминді 1947 жылы, онымен «әлеуметтік нысандарды» (әлеуметтік топтар мен қауымдарды) түйсінуді белгілеп, американ психологы Дж. Брунер ұсынды.
Әлеуметтік перцепцияның көптеген түр тармақтары бар. Дербес перцепция адамның қандай топқа – түйсінуші адам жататын топқа ма, әлде басқа топқа жататындығына байланысты болып келеді («өзімдікі-өзгенікі» феномені). Топтық және топаралық перцепция – индивидтің жалпы алғанда топтарды (өзінікі немесе бүтін) түйсінуі және топтардың бірін бірі түйсінуі. Әлеуметтік перцепцияның түрлері басқарушы іс-әрекетінің барлық мазмұнын жанап өтеді, оның коммуникативтік функциясының негізін құрайды. Олар перцепцияның қандай «жазықтықта» - «вертикаль» бойынша немесе «горизонталь» бойынша (субординациялық немесе координациялық) жайылатындығына байланысты спецификалылығы секілді маңызды фактормен толықтырылады.
Басшының іс-әрекетін сипаттау үшін келесі мәліметтер ең маңызды.
1.Әлеуметтік перцепция процесінің жалпы құрылымының және оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы: түйсінуші субъект (индивид, топ); түйсінілетін нысан (басқа субъект немесе топ); перцепция процесінің өзі; ақпаратты кодтан шығару және «басқаның» бейнесін жасау; түйсіну нысаны туралы қосымша ақпаратты іздестіру жөніндегі белсенді іс-әрекеттер; бастапқы бейнені коррекциялау. Бұл процеске күрделі психологиялық механизмдер: идентификация, эмпатия, рефлексия, эталондау, стереотиптеу қатысады.
2.Әлеуметтік перцепцияның дәлдігінің басшының іс-әрекетінің тиімділігімен байланысын ашу. Басқарушы іс-әрекеттің қажетті шарты болып тұлғааралық түйсіну процестері табылады. Әлеуметтік перцепцияның дәлдігі, дифференциалдануы мен топтық іс-әрекеттің тиімділігі арасында; перцепцияның дәл осы параметрлері мен басқарушы іс-әрекеттің табыстылығы арасында сызықтық емес тәуелділік бар. Табыстылық перцепция дәлдігінің айтарлықтай жоғары, бірақ солай болса да аралық мәнінде максималды болады. Бұл заңдылықтарды оптимум қатынастары сипаттайды.
3. Басшы мәртебесінің маргиналдылық қасиеті оның әлеуметтік перцепциялану процестеріне және олардың басшының іс-әрекет тиімділігімен байланыстарының сипатына әсер етеді. Басшылардың екі тобы: басшылықтың талаптарына немесе қол астындағыларға бағытталған топтары ажыратылады. Екінші тип перцепцияның көбірек дәлдігімен және оның іс-әрекет тиімділігіне күштірек әсер етуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар басшының өзін оның қол астындағыларының қабылдауының адекваттылығы туралы мәселе де маңызды. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі оны өз тобы қаншалықты «қабылдағанына» байланысты болып келеді.
Әлеуметтік перцепцияның оның негізгі әсерлері мен феномендерін баяндаумен байланысты саласы фактілік материалдарға ең бай болып келеді. Бұл феномендер мен әсерлер бір мезгілде, осылардың себептері психиканың фундаментальды ерекшеліктерінде жатқан қателер де, заңдылықтар да болып табылады.
«Ореол әсері» (галоәсер) тұлғааралық перцепцияның барлық қателерінің арасындағы ең танымалы. Оның мәнісі адам туралы жалпы пікірдің оның белгісіз қасиеттерін бағалауға да көшірілетіндігінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |