Жалпы ұйымдық кешенді мақсаттарды белгілеу. Осы мақсаттарды тиімді жүзеге асыру екі немесе одан көп қызметкерлердің, топтардың немесе бөлімдердің бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Осы жоғары мақсаттарға салынған идея – барлық қатысушылардың күш-жігерлерін ортақ мақсатқа қол жеткізуге бағыттау.
Сыйақы жүйесі. Сыйақыларды, дисфункциональдық зардаптарды болдырмау үшін адамдардың жүріс-тұрысына әсер ете отырып, кикілжіңді жағдайды басқару әдісі ретінде пайдалануға болады. Жалпы ұймдық кешенді мақсаттарға жетуге өз үлестерін қосатын, ұйымның басқа топтарына көмектесетін және мәселені шешуге кешенді келуге тырысатын адамдар алғыспен, сыйлықпен, құрметпен немес қызмет бойынша жоғарылаумен сыйлануы керек. Сыйақы жүйесінің жекелеген адамдардың немесе топтардың жасампаз емес жүріс-тұрысын ынталандырмағанының маңызы одан кем емес.
Конфликтті шешудің тұлғааралық стильдері:
Американдық әлеуметтік психолог К.Н. Томас конфликттерді шешудің екі негізгі стратегиясын бөліп көрсеткен, олпр:
Ынтмақтастық- серіктің мүдделері мен қажеттіліктерін ескеруге бағыт алу. Келісім, ортақ мүдделерді іздестіру және көбейте түсу стратегиясы. «Біздің мүддеміз басқа жақтың мүдделерін ең жақсы түрде қамтамасыз етуден тұрады», - деп жариялайды жүріс-тұрыстың серікті стратегиясын жақтаушылар .
Тегеурінділік - өз мүдделерін жүзеге асыру, өз мақсаттарына қол жеткізу. Қатаң қарау: қатысушылар – қарсыластар, мақсат – жеңу немесе жеңілу. Тегеурінділік стратегиясының жақтастары шыдамсыз, эгоист, басқаларды тыңдай алмайды, өз пікірін таңуға ұмтылады, оп-оңай ұрсысып, қарым-қатынасты бұзады.
Қашу – шешім қабылдау үшін өзіне жауапкершілік алмауға, алауыздықты көрмеуге, оны қауіпсіз деп есептеуге ұмтылу. Жол да бермей, бірақ өзімдікі деп көкірек те қақпай, даулардан, пікірталастардан, опонентке қарсы сөз айтудан, өз ұстанымын айтудан ұстана отырып, жағдайдан шығуға ұмтылу.
Жол беру (бейімделу) – қолайлы қатынастарды сақтауға немесе орнатуға, қарама-қайшылықтарды тегістеу арқылы серіктің мүддесін қамтамасыз етуге ұмтылу. Өз мүдделеріне мән бермей, жол беруге, даулы мәселелерді талқылаудан кетуге, талаптармен, шағымдармен келісуге ұмтылу. Жалпы мүдделерді баса көрсету, қарама-қайшылықтарды айтпау арқылы, оның сезімдерін қозғамау үшін, серікті қолдауға ұмтылу.
Теке тіресу (бақталастық) - өз мүдделері үшін ашықтан ашық күресу арқылы өз айтқанында қалуға ұмтылу, қарсыласу болған кезде ымыраға келмейтін антагонизмнің қатаң позициясын ұстану. Билікті, қысымды қолдану, серіктің тәуелділігін пайдалану. Жағдайды жеңіс әлде жеңіліс мәселесі ретінде қабылдау тенденциясы.
Компромисс – басқаның жол беруіне айырбас ретінде бір нәрседен жол бере отырып, қарама-қайшылықтарды реттеуге ұмтылу. Ешкім де көп жоғалтпайтын, көп ұтпайтын да орташа шешімдерді іздестіру. Екі жақтың да мүдделері толығымен ашылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |