Армейский подход – «оқуда қиын болса, ұрыста жеңіл болмақ» деген сөз тіркесінен тұрады. Сынақ мерзімінің барысында жаңа қызметкерге ерекше күрделі және жауапты тапсырмалар түріндегі қосымша қиындықтар жасалады. Бұл кезде оны қазірде бар жете зерттеулермен таныстырмайды және ешқандай түсіндірме бермейдлі. Жаңа қызметкер «суға лақтырылып жіберілген» болып шығады және фирмадағы орын үшін күрес «аман қалу үшін күреске» айналады. Осындай тұрғыны жүзеге асыратын фирмалар кей кездері әрбір жаңа қызметкермен жұмыс істеу кезеңін сынақ мерзімімен шектейді және одан кейін жаңа қызметкерді алады. Көбіне бұл зұлым «тер төккізетін» жүйе емес, шындығында да ең жақсы қызметкерлерді іріктеп алуға жасалған әрекет. Алайда бұл жүйе әбден адекватты әрекет жасайды. Осындай ұйымда сынақ мерзімінен өткен қызметкер сынақтан өткеннен кейін кейде өзіме «тыныш қарттығымды» қамтамасыз еттім деп, «босаңсиды», әлде саналы түрде немесе санадан тыс, осылайша қарағандары үшін кек ала бастайды. Сондықтан жаңадан қабылданған қызметкерлерге қатаң тәртіппен қарау персонал саласындағы барлық саясат осындай сипатқа ие болған және қызметкер сынақ мерзімінің аяқталғанын байқамай қалғанда ғана мән-мағынаға ие болады.