Харизматикалық билік – үлгі билігі. Ол ақылға сыйымды сенім мен қисынға емес, көшбасшының жеке қасиеттерінің дәстүрі мен күшіне құрылған. Харизматикалық тұлғаның келесідей тән қасиеттерін бөліп көрсетеді:
өз қуатымен басқаларды жандандыру (қуат алмасу);
келісті бейне – көбінесе санадан тыс деңгейде әсер ететін ерекше, көзге ұрарлық қасиеттер;
мінезінің тәуелсіздігі;
шешендік қабілеттер;
өзінің жеке басына тамсануды қабылдау (олар өздерін басқа адамдар өздерін лайықты бағалаған кезде ғана жәйлі сезінеді);
өзін ұстаудың сенімді және лайықты мәнері;
харизматикалық биліктің туыстас түсініктері «эталонды билік» деген жалпырақ түсінікпен біріктірілген.