Дістемелік кешен



бет62/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Жағдайлық тұрғы. Алдыңғы екі тұрғыларда қарастырылған, басшылық пен көшбасшылық мәселесінің дамуы жеке басм қасиеттері мен стильдердің өзінен өзі басқарушы іс-әрекетінің тиімділігін анықтай қоймағандығын көрсетіп берді. Оның негізгі шарты болып стиль мен жағдайдың сәйкестігі табылады. Бірқатар жағдайларда қосымша, жағдайлық факторлар басқарудың тиімділігінде жетекші роль ойнайды. Бұл – басқарушы іс-әрекетінің сипаты, орындалатын міндеттердің, тапсырмалардың тьипі; басшының қол астындағылармен қарым қатынасы, қол астындағылардың кемелдену деңгейі; олардың басым қажеттіліктері, сыртқы және ұйым ішіндегі ортаның жағдайлары және т.б. Нәтижесінде ерекше тұрғы – осының мақсаты басқарудың белгілі бір жағдайларына бәрінен де көбірек сәйкес келетін жүріс-тұрыс пен қасиеттер стильдерін анықтау болып табылатын жағдайлық тұрғы рәсімделіп шықты.
Жағдайлық концепциялардың арасындағы ең танымалы және дамығаны Ф.Фидлердің басқарудың жағдайлық үлгісі болып табылады. Басшының белгілі бір жағдайдағы жүріс-тұрысына ең қатты әсер ететін және бір мезгілде жағдайлардың өзін сипаттайтын үш негізгі фактор бар:

  1. басшы мен қол астындағылар арасындағы қатынастар;

  2. міндеттің құрылымы, оның параметрлері – тұжырымдалуының анықтығы және дәлдігі, құрылымдануы, әдеттілігі және түсініктілігі;

  3. өзіне басшыға тиеслі заңды биліктің нормативтік көлемін және оның қол астындағыларға нақтылы қолдау көрсету деңгейін қосатын қызметтік өкілеттіктер.

Әрбір параметрді максималды және минималды деңгейлерде баяндап беруге болады.
Ф.Фидлер жағдайдың қолайлылығының жалпы көрсеткіші болып табылатын «жағдайлық бақылау» түсінігін ұсынады. Ф.Фидлердің зерттеулерінің нәтижесінде келесі негізгі заңдылық айқындалды: әртүрлі стильдердегі басшыларда басқарушы іс-әрекеттің тиімділігі әртүрлі. Міндетке бет бұрған басшы ең жақсы және ең қиын жағдайларда табысты жұмыс істейді. Қарым-қатынасқа бет бұрған басшы бақылау дәрежесі бойынша орташа жағдайларда табыстырақ жұмыс істейді.
Жоғары және төмен жағдайлық бақылау жағдайлары үшін авторитарлық басшылық, орташа авторитарлық бақылау жағдайлары үшін – демократиялық басқару оптималды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет