Дістемелік кешен



бет63/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Адаптивтік тұрғы. Жағдайлық тұрғы басқару теориясына үлкен үлес қосты. Ол басқару стилдерінің әртүрлі адекваттылыққа ие болатындығын және мененжер іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында әртүрлі тиімділікті беретіндігін дәлелдеп берді. Өзіне жағдайлардың өте әртүрлі типтерін қосатын өз іс-әрекетінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін, басшы әртүрлі жағдайларда өзін әртүрлі ұстауға тиіс, яғни басқару икемді болуға, ал басқару стилі нақтылы басқару жағдайларына бейімделуі – адаптивті болуға тиіс. Басшы стильдердің неғұрлым көбірек стильдерін меңгерген болса, оның іс-әрекеті соғұрлым тиімдірек болмақ.
Ол басқару стильдері мәселесін зерттеудің қазіргі кезеңін сипаттайтындықтан, адаптивтік стиль әлі де түпкілікті рәсімделіп біткен жоқ. Бірақ оның негізгі идеясы өте өнімді. Ол басқару теориясын дамытуға деген қазіргі тұрғыға – жағдайлық тұрғыға сай келуде (1 бөлім). Ф.Фидлердің жұмыстарында адаптивтік тұрғының қалыптасуында шешуші қадам жасалған. Оларда оның алдындағы жағдайлық тұрғы негізделген.
Осы саладағы қазіргі зерттеулер үшін басқару стильдері мәселесіне жаңаша, дәстүрлі емес тұрғылар да тән. Бұл – басқару мен басшылық жасаудың партисипативті стилінің қалыптасуы және баяндалуы. «Бірлесе қатысқан» басқарудың жалпы идеологиясы жоғарыда қарастырылып кетті. Партисипативті стильге қатысты ол келесідей негізгі белгілермен сипатталады:

  1. басшының қол астындағылармен үнемі кеңестер өткізіп тұруы;

  2. қарым-қатынастардағы ашықтық;

  3. ұйымдық шешімдерді жасап шығаруға және қабылдауға орындаушыларды тарту;

  4. басшының өз өкілеттіктерін қол астындағыларға делегациялауы;

  5. оррындаушылардың ұйымдық өзгерістерді жоспардауға және жүзеге асыруға қатысуы;

  6. дербес шешім қабылдау құқығына ие топтық құрылымдарды (жұмысшы комитеттері, сапа үйрмелері);

  7. қызметкерлерге қандай да бір мәселелерді автономиялы ойластыру, жаңа идеяларды тұжырымдау мүмкіндігін беру, бұл инновациялық процестердің дамуына ықпал етеді.

Партисипативтік стиль ұйымдық қызмет етудің өте жоғары көрсеткіштерін беруде, сондықтан көптеген зерттеушілер оны осының алдындағы тұрғыларда өте ұзақ уақыт іздестірілген «абсолютті жақсы» стильдің идеалы деп санайды. Бірақ, басшының да, орындаушылардың да жоғары біліктілігін, сондай-ақ белгілі бір ұйымдық жағдайларды қажет ететіндіктен, бұл стиль әрқашан қолданыла бермейді. Оны жүзеге асыруға қабілетті басшылар – бұл, әдетте, ересек жастағы адамдар, олар өмірлік тәжірибеге ие, өзіне нық сенімді, жоғары мәдени-білім деңгейіне ие; қол астындағылардың қабілеттері мен ұсыныстарын қастерлейді, олардың тарапынан бағалауға бет бұрған, орындаушылардан жұмысқа творчестволық қарауды және дамыған моральдық қасиеттерді күтеді. Аталған стиль белгілі бір қасиеттерге: құзыреттіліктің және кәсіптік қасиеттердің жоғары деңгейіне; тәуелсіздікке деген қажеттілікке; творчестволыққа бейімділікке, жұмысқа қызығушылыққа ие; алыс мақсаттарға бағдар алған қол астындағыларға да бағышталуы мүмкін.
Кейбір зерттеулерде, әсіресе жапон менеджмент мектебінде, басқарудың «жаңашыл-талдамалық стилі» түсінігі пайда болды. Оның негізгі ерекшеліктері: ұйымға берілгендік, қажырлылық және жаңашылдық, жаңа ақпаратқа және идеяларға қызығушылық, идеялар мен альтернативалардың көптеген санын генерациялау, шешімдерді жылдам қабылдау, мақсаттар мен ұйғарымдарды анық тұжырымдау, ұжымдық іс-әрекеттердің жақсы интеграциясы, сәтсіздіктерге шыдамдылық, басқалардың пікірлерін ескере білу.
Басқарудың негізгі стильдерін шолуда «басқару» және «көшбасшылық» түсініктерін біріктіретін шетелдік ұйымдық психологияның дәстүрі сақталған. Отандық зерттеулер сондай-ақ осы түсініктер – туыстас болса да, бәрібір әртүрлі түсініктер арасындағы ара қатынасты да қарастырады. Екі негізгі заңдылық бар: көшбасшылықтың спецификалы типологиясы және басшы мен көшбасшы рольдері арасындағы қатынастардың ерекшеліктері.
Көшбасшылықтың типтерді бөліп көрсетудің негізіне салынған критерийлер бойынша және осыларға қатысты көшбасшылық типтері бөліп көрсетілетін топтардың ерекшеліктері бойынша ерекшеленетін бірнеше негізгі типологиялары белгілі. Б.Д.Парыгин көшбасшының рольдерін үш критерий бойынша бөліп көрсетеді.
1. Іс-әрекеттің мазмұны бойынша: рух беруші көшбасшы және орындаушы көшбасшы.
2. Белсенділік стилі бойынша: авторитарлық және демократиялық көшбасшылар.
3. Іс-әрекеттің сипаты бойынша: әмбебап және жағдайлық көшбасшы.
Л.И.Уманский осы үш критерийдің комбинациялары арқылы көшбасшылықтың алты типін ажыратуды ұсынады: ұйымдастырушы, бастамашы, эрудит, эмоциялық күйдің генераторы, шебер және эмоциялық тарту көшбасшысы.
Екі тұрғы да құрамына көшбасшының екі негізгі типтерінің – құралдық және эмоциялық типтердің нақтылы варианттарын енгізген. Бірінші көшбасшы жеке басының қабілеттерінің және топ жұмысына үлесінің негізінде, екіншісі – топта жақсы тұлғааралқ қтынастарды орнықтыруға көмектесетін, топ үшін тартымды жеке бас қасиеттерінің негізінде көзге түседі. Р.Л.Кричевский көшбасшылықтың топтық қызмет атқарудың типтерінің кең спектрі үшін қолданылуы мүмкін төрт типін атайды: ұйымдастырушы, мотиватор, диспетчер және генератор.
Өзіне көшбасшылардың келесі типтерін қосатын, көшбасшылықтың ұсынылған типологияларының тағы бірін қарастырайық:
Диагност – жобаның мықты және әлсіз жақтарын және күрделі жағдайларды жылдам бағалайды. Басқалардың қателеріне шыдамды.
Фанатик - өзінің ғылыми жұмысына берілген, басқалардан ғылымға дәл осылай қарауды талап етеді, сондықтан қызба келеді және адамдармен сыйыса алмайды деп есептеледі.
Пионер – бұл келешегі бар мәселелерге жылдам жауап қатып, назар аударатын, басқалардың іс-әрекетін ынталандыратын бастамашыл адам. Ол беделді, атаққұмар, эрудициясы мықты, басшлыққа бейім, бір орында отруды қажет ететін тапсырмаларды суқаны сүймейді.
Эрудит - ерекше жадысымен, ұсақ нәрселерге, бөлшектерге жоғары зейін қоюымен ерекшеленеді. Өзінің эрудициясын көрсетпегенді жөн санайды. Адал ниетті. Тақақ, бірақ пікір айтуда батыл емес деп есептеледі.
Техник – қолөнерші. Шеше алмайтын мәселелерге араласпайды. Ол адал, таза адам және әріптестерінің жүріс-тұрыстарының реңдерін түсінуде сезімтал.
Тәуелсіз тек өзіне ғана снеді, ұжымдық ғылыми жұмысқа сенбей қарайды.
Басқару практикасында басшылық пен көшбасшылықтың бір адамда бірігуі оптимальды вариант болып табылады деп есептеледі. Егер басшының ұстанымы іскер көшбасшының ұстанымымен дәл келсе, бұл осылай да. Ал енді басшының ролінің эмоциялық көшбасшының ролімен дәл келуі теріс фактор болып шығуы мүмкін.
Жиі кездесетін және ең сәтсіз вариант – басшы мен көшбасшы ролінің дәл келмеуі.
Ұйым – бұл формальды емес топтардың формальды құрылымы. Оны оптималды етіп құру үшін, басқарушы қызметтерге көшбасшы ретінде көзге түсіп те қойған адамдарды жылжыту керек.
Басшылық және көшбасшылық – басқару теориясының ең қатты дамып келе жатқан бағыты. Осы тақырып бойынша орындалған жұмыстрадың саны орасан зор.
Д.Греннің «ұйымдық көшбасшылықтағы вертикаль диадалық алмасу» концепциясы өте маңызды фактіні анықтады. Басшы әртүрлі қол астындағы адамдармен өзара әрекет жасаған кезде алуан түрлі басқарушылық стильдерін ұстана алады. Соңғы екі категория: «ин-топтық мүшелер» және «аут-топтық» мүшелер. Олар үш параметр: біліктілік дәрежесі, оларға деген сенім дәрежесі, жауапкершілікке дайындық бойынша ерекшеленеді. «Ин-топтық» мүшелер осы қасиеттермен «плюс» белгісімен сипатталады, ал «аут-топтықтар» - «минус» белгісімен сипатталады. Басшы біріншілеріне қатысты партисипативтік және демократиялық стилмен және формальды емес әдістермен әрекете жасауға тиіс, ал екіншілеріне қатысты болса – формальды әдістермен және авторитарлық стильмен әрекет жасауы керек.
Басшы мен қол астындағылар арасындағы қашықтық айтарлықтай айқын, бірақ шамадан тыс емес деңгейге ие болуға тиіс – тым аз немесе тым көп қашықтықтың тиімділігі анағұрлым азырақ (С.Грин және ТҮМитчелл).
Р.Лорд пен Д.Филипс келесіні анықтады. Қол астындағылар басқарушы іс-әрекеттердің мазмұнын емес, жиілігін ең жақсы қабылдайды. Осы көрініс бойынша олар басқарудың стилі мен сапасын бағалайды. Басқарушылық әсер етулердің барлық қалған жақтары екінші және одан кейінгі рольдерде тұр. Бұл – экспектация (қол астындағылардың күтулерімен сәйкестік), басшының заңдық және әлеуметтік нормаларды сақтауы және т.б.
Бүгінгі күнде ең танымал болып Д.Надлер мен Дж.Хакманның концепциясы – «биліктер балансы» теориясы табылады. Оның негізгі тезисі – билік екіжақты феномен болып табылады. Басқару стилі – басшы мен қол астындағылардың бетпе бет әсер етулерінің өзра әрекеттесуінің өнімі. Осы екі биліктің балансы басшының басқару стилін таңдауын анықтайлы. Егер баланс басшының билігі жағына ығысқан болса, авторитарлық стиль мен әдістер басым болады. Ал егер баланс қол астындағылардың жағына ығысқан болса онда басшы демократиялық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Егер қол астындағылардың билігі максимумына жетсе басшы басқарудың бетімен жібері әдістерін ұстанады. Рационалды басшы биліктердің ақылға сыйымды балансын ұстанады. Бұл концепция басқару теориясының үш негізгі, аса маңызды категорияларының – басқарушы іс-әрекеттің –тиімділігінің, басшылықтың және көшбасшылықтың өзара әрекеттесуінің заңдылықтарын ашып көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет